БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Дене шынықтыру және спорт бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық
мерекесіне орай, баскетболдан аудан тұрғындары арасында өткізілген
аудандық іріктеу жарысының Анықтамасы
14.11.2016


        «Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылғы күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 12 қараша күні Байсерке ауылдық округінің №28 орта мектеп спорт залында Іле ауданының жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, баскетболдан аудан тұрғындары арасында аудандық іріктеу жарысы өткізілді. Жарысқа 7 команда қатысты. Олар: Байсерке, Боралдай, КазЦИК, Камсамол, Жетіген, Қараой, Чапай, Энергетический командалары.
Жарыс олимпиадалық ойын тәртібі бойынша өткізіліп, жарысымыздың қорытындысы бойынша І орын Боралдай командасы, ІІ орын КазЦИК командасы, ІІІ орын Энергетический командасы ие болды.
Бұл жарыста Өтеген батыр командасының ойыншысы Ермекбаев Аскар «үздік шабуылшы» номинациясымен марапатталса, КазЦИК командасының ойыншысы Билялов Ержан «үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталды. Жүлделі орынға қол жеткізген командалар мақтау қағаздары, кубоктар, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар І орынға ие болған Боралдай командасы баскетболдан Талдықорған қаласында өтетін Алматы облысының күзгі Чемпионатына қатысуға жолдама алды.