БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Дене шынықтыру және спорт бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткізілген аудандық Спартакиаданың Анықтамасы 14.10.2016


2016 жылдың 13 қазан күні Өтеген батыр кентінде орналасқан орталық стадионда «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиялы, Аудандық ішкі саясат бөлімі, Іле ауданының жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында (Жеңіл атлетика, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ) спорт түрлері бойынша аудандық Спартакиадасы өткізілді. Спартакиадаға ауданымыздың барлық округтерінен 57 спортшы қатысты.

Жарысымыздың жекелей есеп қорытындысы бойынша атап айтсақ, ерлер арасында 100 метрге жүгіруден Покровский Женя І орын, Қосуаков Фархат ІІ орын, Мырзатілеуов Жандос ІІІ орынға ие болса, әйелдер арасында Утегенова Асия І орын, Бейсенбаева Раушан ІІ орын, Ибрайсадыкова Роза ІІІ орынға ие болды. Дойбы жарысынан ерлер арасында Сырлыбаев Қанат І орын, Кулубаев Ержан ІІ орын, Романкулов Полат ІІІ орынға ие болса, ал әйелдер арасында Маралбекова Шырын І орын, Раманкулова Халимакан ІІ орын, Бурляева Люба ІІІ орынға ие болды. Тоғызқұмалақ жарысынан ерлер арасында Ташминов Ануарбек І орын, Байболов Талғат ІІ орын, Тоқбаев Бекжан ІІІ орынға болса, әйелдер арасында Ахметова Арайлым І орын, Улякова Вика ІІ орын, Куашова Юлдуз ІІІ орынға ие болды. Жарыс қызықты да тартысты өткізілді.
Жүлделі орынға қол жеткізген спортшылар мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.