БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Дене шынықтыру және спорт бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Еңбек күні мерекесіне орай, 50 жастан асқан ардагерлер арасында волейболдан Іле ауданының ашық біріншілігінің
Анықтамасы
13.09.2016


         «Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылғы күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 10 қыркүйек күні сағат 10.00-де Өтеген батыр кентінде орналасқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің          25 жылдығына және Еңбек күні мерекесіне орай, 50 жастан асқан ардагерлер арасында волейболдан Іле ауданының ашық біріншілігі өтті. Жарысқа 10 команда қатысты. Олар: Өтеген батыр, Байсерке, КазЦИК, Ащыбұлақ округінің Жапек батыр командасы, Боралдай, Чапай, Қараой, Междуреченск, Еңбекшіқазақ ауданы, Талғар ауданының командалары қатысты.

Жарыс олимпиадалық ойын тәртібі бойынша өткізіліп, жарысымыздың қорытындысы бойынша І орын Жапек батыр командасы, ІІ орын Өтеген батыр командасы, ІІІ орынға Еңбекшіқазақ ауданының командасы ие болды.

Жүлделі орынға қол жеткізген командалар мақтау қағаздары, кубоктар, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.