БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Дене шынықтыру және спорт бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай 2016 жылғы 10 желтоқсан күні Чапай ауылдык округінің, №10 орта мектебінде «Альпийская роза» жасөспірім-туристік спорттық клубының тәжірибесін насихаттау мақсатында «Туристік көпсайыс» семинар – тренинг туралы ақпарат 12.12.2016


     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай 2016 жылғы 10 желтоқсан күні Чапай ауылдык округінің, №10 орта мектебінде «Альпийская роза» жасөспірім-туристік спорттық клубының тәжірибесін насихаттау мақсатында «Туристік көпсайыс» семинар - тренинг өткізілді. Семинар тренингтің І бөлімінде клуб жетекшісі Константин Андреевич Сапронов«Альпийская роза» клубының жұмыс бағыты және іс тәжірибесі туралы», 10 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Ботабаева Нуржамал Арапқызы «Мектепте балалар туризмін дамытуда «Менің елім Қазақстан» экспедиция жұмысын жетілдіру жұмыстары» тақырыбында өз жобаларын қорғады. ІІ бөлімде Альпийская роза» клуб мүшелері туристік көпсайыс бойынша «Жұптық жарыс». «Құтқару жұмыстары» «Дистанциядан өту» тренинг жаттығуларын көрсетті
Семинар соңында ауданның қоғамдық саяси іс-шарасына белсене қатысып, ауданда туризмның дамуына өз үлестерін қоскан клуб мүшелері аудандық «Дене шынықтыру және спорт бөлімінің» «Құрмет грамоталарымен» марапатталды. Келген қатысушылар мен қонақтарға мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.