2017 жылдың 09 қыркүйек күні Өтеген батыр кентінің орталық
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын
жүзеге асыру мақсатында «Денсаулық фестивалі» кең ауқымды
акциясы шеңберінде жеңіл атлетикадан аудандық жарысы
өткізілді. Жарысқа ауылдық, кенттік округтерімізден және
ауданымыздың мекемелерінен 811 адам қатысты.
Жарыстың мақсаты:
- Елбасының «Болашаққа
бағдар:рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру;
-
Аудан тұрғындары арасында салауатты
өмір салтын насихаттау;
- Жеңіл атлетика спортын
дамыту;
- Қатысушылардың спорт
шеберлігін арттыру және спортқа баулу;
- Денсаулық күнін атап өту.
Жүлделі орынға қол жеткізген спортшылар мақтау қағаздары,
медальдар және бағалай сыйлықтармен марапатталды.



|