БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Дене шынықтыру және спорт бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмысы туралы АНЫҚТАМА  

 

Қазақстан Республикасы дамуының Стратегиялық жоспарында Президент              2020 жылға дейін республикамызда дене шынықтырумен шұғылданатын халықтың пайыздық көрсеткішін деңгейі 30%-ға жеткізуді нақты тапсырды.

      Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Халқына арналған Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту, халықтың спортқа қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Іле ауданы көлемінде спорттық іс-шаралар жиі өткізілуде. Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты - өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету. Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу бұқаралық сипатқа ие болып келе жатыр.

    Қазіргі кезде спорт саласында 275 дене шынықтыру кадрлары жұмыс жасайды, олардың ішінде 229-і жалпы білім беру мекемелерінде. 275 маманның  247-і жоғары білімді, 28-сі арнаулы-орта білімді. Қайта даярлау курстарынан 123 маман өткізілді.

   Елбасының Жолдауындағы тапсырмаларды орындау және салауатты өмір салтын насихаттау мен енгізу мақсатында 2014 жылдың қаңтар айында Алматы облысы бойынша 253 бірлік әдіскер-нұсқаушы штаты бөлініп, соның 10 штаты Іле ауданының 10 ауылдық округ әкімдерінің аппараттарына берілді. Негізгі әдіскер-нұсқаушылардың атқаратын жұмыстарымен бағыты халықтың спортпен аиналысуына жол көрсету, кешкі уақытта әр түрлі үйірме жаттығуларға қатысуын қамтамасыз ету, сонымен қатар спорттық іс-шаралар ұйымдастырып өткізу болып табылады.

Аудан мектептерінде волейбол, баскетбол, футбол, бокс, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, сонымен қатар, қызығушылықтары бойынша шаңғы спортынан (Байсерке округі Жаңаталап ауылы, №25 орта мектеп базасында) және жағажай волейболынан (Қараой ауылы, №18 орта мектеп базасында) секциялар жұмыс істейді

Ауданда  ұлттық спорт түрлерін насихаттау және дамыту мақсатында 25 үйірме жұмыс істейді. Олар: Тоғызқұмалақ 8, қазақ күресі 5, асық ату 3, бестас 2, жекпежек 1,   Оның ішінде 6 үйірме ат спортынан. Ұлттық спортымен айналысатын адам саны – 839.

Ауданда бұқаралық спорт түрлерін дамыту және дене тәрбиесімен шұғылданатын тұрғындар санын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, аудан бойынша 2016 жылдың 9 айында жалпы 251 іс-шара өткізіліп, қазіргі таңда Аудан бойынша жүйелі түрде спортпен айналысушылар саны 48895 адамды құрады. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 495 адамға артып, Іле ауданының жалпы халық санының 25,6% құрап отыр.

2016 жылы «Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ – 11,409 млн. теңге қаржы бөлініп, оның ішінде аудандық жарыстарды өткізуге 602 мың теңге, облыстық жарыстарға қатысу үшін 3,703 мың теңге бөлінді. Былтырғы жылмен салыстырғанда 1,3 млн. мың теңгеге қысқарды.

 

Қазіргі таңда аудандық және облыстық жарыстарға бөлінген қаражат толық игерілді.

Сонымен қатар, Қазақсатан Республикасы Қазақ Күресі Федерациясының күнтізбелік жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 28-30 қыркүйек күндері аралығында Қазақ күресінен 2000-2001 жылы туылған жасөспірімдер арасында Раймбек Хангелдіұлының жүлдесіне арналған Республикалық турнирі өткізілді. Бұл жарысқа ауданның үнемделген бюджетінен 2 млн.теңге бөлініп, жұмсалды.

Былтырғы жылыдың 9 айында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің есебінен аудан спортшылары 28 облысытық жарыстарға қатысса, биылғы жылы                         21 жарысқа қатыстып, 12 жүлделі орынға ие болды.

Атап айтқанда:

2016 жылдың 24-27 қаңтар күдері аралығында Талдықорған қаласында өткізілген ересектер арасындағы қазақша күресте Іле ауданы командалық есепте ІІ орын.

2016 жылдың 10-14 ақпан күндері аралығында Қаскелең қаласында волейболдан 1999-2000 жылдары туылған жасөспірімдер қыздар арасында өткен Алматы облысының Чемпионатында Іле ауданы командасы ІІІ орын.

2016 жылдың 15-19 сәуір күндері аралығында стритболдан Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында өткен Алматы облысы чемпионатында аудан командасы ІІІ орын.

2016 жылдың 08-12 маусым күндері аралығында Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында волейболдан 1999-2000, 2001-2002, 2003-2004 ж.ж. туылған қыздар арасында Алматы облысының жазғы Чемпионатына ауданымыздың қыздар командасы қатысып ІІІ орынға ие болды.

2016 жылдың 11-16 шілде күндері аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мектеп және колледж оқушыларының 8-ші жазғы Спартакиадасы өтті. Аталған Спартакиада шеңберіндегі бокс жарысына ауданымыздың КазЦИК ауылдық округі №6 ОМ оқушысы Нұрахметова Алида және Талипова Елдана сынды қыздарымыз қатысып, жүлделі ІІ орынға қол жеткізді.

2016 жылдың 05-09 тамыз күндері аралығында Талдықорған қаласында стритболдан әйелдер арасында өткен Алматы облысы чемпионатында аудан  командасы ІІІ орын.

2016 жылдың 07-10 қыркүйек күндері аралығында Талдықорған қаласында орналасқан «Жетісу», «Болашақ» стадиондарында Футболдан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Алматы облысының 2016 жылғы Чемпионатының финалдық ойындарына ауданымыздың футбол құрама командасы қатысып, Чемпионат қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынға қол жеткізді.

2016 жылдың 07-10 қыркүйек күндері аралығында Талдықорған қаласында қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Алматы облысының чемпионатына ауданымыздың қазақ күресінен құрама командамыз қатысып, жүлделі ІІІ орынға қол жеткізді. Жекелей есеп қорытындысы бойынша атап айтсақ, 55 келі салмақ дәрежесінде Зәкен Шыңғыс І орын, Нұғман Дархан ІІ орынға ие болды. 82 келі салмақ дәрежесінде Тоқтарбай Санат ІІ орынға ие болды.

Ауданымызда 293 спорттық нысан халыққа қызмет етеді. Олар: 1 стадион, 47 спорт зал, оның 42-і мектептерде, 11 футбол алаңы, 14 атыс орны, 1 спорттық ядро, 1 теннис алаңы, 5 жүзу бассейні (3 ашық), 213 әр түрлі спорттық құрылымдар. Сондай-ақ, «Жол картасы» бағдарламасының шеңберінде 36 спорт алаңы салынып, жұмыс істейді.

Аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде жалпы саны 1481 оқушы, 100 оқу тобы бар. Спорт мектебінде 49 жаттықтырушы мұғалім жұмыс жасайды: оның 18 штаттық, 32 қосымша жұмыс жасайды. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 14 түрі қамтылған. Олар: қазақ күресі, самбо, дзюдо, бокс, футбол, гандбол, грек-рим күресі, тоғызқұмалақ, баскетбол, волейбол, таэквондо, каноэ және байдаркада есу.

Ағымдағы жылдың 9 айында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 12 Республикалық жарысқа, 35 облыстық жарысқа қатысып, 46 жүлделі орынға қол жеткізді.

Атап айтсақ:

Тоғызқұмалақтан: Облыстық Чемпионатының нәтижесі бойынша жасөспірімдер арасында  Батыр Ернур,  Мәнжу Айжан және Фазылова Аружан 1-орынға ие болса,  Өтегенова Аяулым 2-орын,  Алимахун Долназ  3-орынға ие болды.

Ал Республикалық жарыста Е.Батыр 3-орынга ие болды. Жаттықтырушы Е.Қылышбаев.

Самбо күресінен: Құдайбергенов Темірлан, Балтабай Ақбота 1-орын, Нұғыман Дархан, Ғалымов Алмас 2-орын, Муса Дәурен, Аширбекова Мөлдір, Совет Ақбала, Тасыбекова Томирис, Тұрсынжан Дархан 3-орынға, жаттықтырушы Т.Сұлтанов.

Қазақ куресінен: Найзабай Айдана,  Балтабай Ақбала 1-орын,  Д.Тұрсынжан,  Қосбол Алтай, М.Аширбекова 2-орын, А.Совет, Оқас Арман, А.Ғалымов, Т.Құдайбергенов,  Д.Муса, Абдрахманов Рауан 3-орынға ие болды. Жаттықтырушы  Т. Султанов,  Ж.Есенбердиев.

Бокстан Төребай Альмир, Есенаман Ерсін, Абросимов Кирилл 1-орын,  Салменбаев Абзал, Қажығалиев Нұрдаулет 3-орынға ие болды. Жаттықтырушы С.Рауанов.

Бокстан 2016 жылдың 25-30 қыркүйек күндері аралығында өткен облыстық Чемпионатында Тоқтарғожа Даурен 1- орынға, Орынбасар Көпжасар 2-орынға ие болды. 

Валейболдан 1999 ж.т. қыздар арасында 3-орын Ватуновская Вероника,  Зырянова Татьяна, Бекжан-Оглы Арина, Ырысбек Алия, Ырысбек Арайлым,  Жантемирова Томирис,  Білал Ару, Әмірбек Гауһар.

Валейболдан 1999-2000 ж.т. ұлдар Облыстық жазғы Чемпионатта 2-орынға ие болды.  2016 ж ылдың жарты жылдығында 18-оқушы СШҮ,  3- оқушы бірінші разряд дәрежесін орындады,  16- оқушы өздерінің спорт дәрежесін жоғарлату мақсатында спорт – интернатқа жіберілді, 3- оқушы  Пестова Екатерина,  Смагулова Айғаным, Жук Крестина жағажай волейболдан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының құрамына енді.

Жағажай валейболынан 2016 жылдың 10-15 маусым күндері аралығында Шымкент қаласында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында,                         2000 жылғы туылған Кулемина Юлия және Ермекқызы Ақбота жүлделі 3-орынға ие болды. Жаттықтырушысы С.Х.Сулейманов.

Дзюдо күресінен 2001-2002 ж.т. Облыстық Чемпионат қорытындысы бойынша Т. Зиналиев 1-орын, Саделхан Салтанат 2-орын, Дүйсебай Аяна  1-орынға ие болды. Жаттықтырушы Жұмажан Н, Сұлтанов Төлеген 

 

Республикалық Чемпионатқа қатысқандар

Дзюдо күресінен Нарымова Мөлдір 1-орын, Т. Зиналиев 2-орын,  Абдықасымова Б., Дүйсебай А.  3-орынға ие болды.

Қазақ күресінен  Найзабай Айдана 3-орын.

Самбо күресінен Әлқожа Торғын  және Совет Ақбала 2- орын,  Муса Дәурен  Қойбағар Дархан және Балтабай Ақбота 3-орынға ие болды.

Барлық  жоғарыда  аталған  спортшылар   Қазақстан  Республикасының Спорт Шеберіне Үміткер атағына ие болды.

Футболдан Облыстық Чемпионатына 2004 жылғы туылған ұлдар 1-орынға,   2003 жылғы туылғандар 2-орынға ие болды.

2016 жылдың маусым айында 29 - жаттықтырушылар өздерінің біліктілік мамандықтарын  жоғарлату мақсатында біліктілігін  арттыру курсынан өтті.

Индия елінде өткен Самбо күресінен Азия Чемпионтында 1999-2000 жылы туылған Нарымова Мөлдір 2-орынға ие болды, жаттықтырушы Т.С.Султанов.

Бокстан 2016 жылдың 25-30 қыркүйек күндері аралығында өткен облыстық Чемпионатында Тоқтарғожа Даурен 1-орынға, Орынбасар Көпжасар 2-орынға ие болды. 

Аудан тұрғындары футболмен шұғылдануға ерекше көзқараспен қарайды. Ауданда жыл сайын футболды дамытып, оны насихаттау нәтижесінде 2000 жылдан бастап Іле ауданының «Футбол Федерациясы» қоғамдық бірлестігі ауылдық, кенттік әкімдермен, аудандық  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебімен бірлесе отырып жұмыс жүргізуде. Футболмен қамтылғандардың саны он мыңнан астам адам.

Жыл сайын футболдан ересектер арасында аудан Чемпионатының Жоғарғы Лигасында 16 команда, Бірінші Лигасында 15 команда және 80 балалармен жасөспірімдер командаларының қатысуымен өткізіліп тұрады. Биылғы жылы аудандық футбол чемпионатының 17-і туры өткізілуді.

Қазіргі таңда Жоғарғы Лига ойындарының турнирлік кестесінің көшбасшысы Жетіген ауылының «Жетіген» командасы, ІІ орында келе жатқан Али ауылының «Али» командасы, ІІІ орында Жетіген ауылының «Арзу-Геокен» командасы.

Ал, Бірінші Лига ойындарының турнирлік кестесінің І орында келе жатқан Еңбек ауылының «Еңбек» командасы, ІІ орын «Жетісу» командасы, ІІІ орында Боралдай кентінің «Баха» командасы. 

«Футбол Федерация» меншігінде 11 футбол алаңдары тіркелген. Олар: Боралдай-1, Байсерке-3, Жетіген-1, Междуреченск-1, Қараой-1, Ащыбұлақ-1, КазЦИК-1, Чапай-2. 

2016 жылғы футболдан ересектер арасындағы Алматы облысы Чемпинатының қорытындысы бойынша Іле ауданының ересектер құрама командасы жүлделі қатысып ІІІ орынға қол жеткізді.

Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі «Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» бойынша 239 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Ауданда бұқаралық спорт түрлерін дамыту және дене тәрбиесімен шұғылданатын тұрғындар санын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында;

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен                         2016 жылдың 9 айында төмендегідей Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 34 аудандық жарыс, 1 Республикалық жарыс өткізіліп,                    8680 адам қатысты.

2016 жылдың қаңтар-наурыз аралығында Қысқы Президенттік тест тапсыру айлығына ауылдық округтер бойынша кестелер дайындалып, аудан ұжымдары мен аудан мектептерде кесте бойынша өткізу жоспары таратылып, тест қабылданды.         2016 жылы Қысқы Президенттік тесті тапсыруға ауданның 7,1 % тұрғындары қатысты, ол сандық көрсеткіш бойынша 13227 адам құрайды, 2015 (11868 адам) жылмен салыстырғанда (1359)  адамға  артып отыр.

2016 жылдың сәуір-мамыр аралығында Жазғы президенттік тест тапсыру айлығына ауылдық округтер бойынша кестелер дайындалып, аудан ұжымдары мен аудан мектептерде кесте бойынша өткізу жоспары таратылып, тест қабылданды.

2016 жылы Жазғы Президенттік тесті тапсыруға ауданның 7,6 % тұрғындары қатысты, ол сандық көрсеткіш бойынша 14468 адам құрады.

Мүгедектер арасында дене тәрбиесі мен спортты дамыту бағытында «Мейірім», «Жігер» мүгедектер қоғам бірлестіктерімен қатар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе жұмыстар жүргізілуде.

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында пауэрлифтингтан Кадиров Еркебуланның, үстел теннисінен Дарвина Маринаның, жеңіл атлетикадан Тайжанова Айнұр мен Байдулдаева Айнұрдың жетістіктерін және спортқа деген құлшыныстарын ерекше атап өтуге болады.

Ағымдағы жылдың 13 қазан күні «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиялы, Аудандық ішкі саясат бөлімі, Іле ауданының жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында (Жеңіл атлетика, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ) спорт түрлері бойынша аудандық Спартакиадасы өткізілді. Спартакиадаға ауданымыздың барлық округтерінен 57 спортшы қатысты.

Ағымдағы уақытқа дейін ауданда өткізілген барлық жарыстар туралы ақпарат аудандық «Іле таңы» газетінде 27 мақалалар жарық көрді.

Биылғы жылы облыстық бекітілген рейтингтік жарысының тізбесіне қарай аудандық рейтингік жарыстар тізбесі бекітіліп ауылдық округтерге таратылды. Жыл соңында осы жарыстар тізбесіне қарай рейтинг шығарылады.

Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2016 жылғы күнтізбелік жоспарында көрсетілген төмендегі іс-шараларға аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне 2016 жылға бөлінген бюджетінің аяқталуына байланысты облыстық жарыстарға аудан командаларын қатыстыру мүмкіндігі болмай отыр.

 

 

Облыстық жарыстар:

1.     2016 жылдың 19-23 қазан күндері аралығында Жаркент қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған волейболдан ерлер арасында Алматы облысының күзгі Чемпионаты.

2.     2016 жылдың 26-30 қазан күндері аралығында Шонжы кентінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған волейболдан әйелдер арасында Алматы облысының күзгі Чемпионаты.

3.     2016 жылдың 8-11 желтоқсан күндері аралығында Талдықорған қаласында орналасқан «Жастар» Спорт сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Тәуелсіздік құрдастары» атты 25 жасқа толған жастар арасында (волейбол, шағын футбол, үстел теннис) Алматы облысы Спартакиадасы.

4.     2016 жылдың 14-18 желтоқсан күндері аралығында Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған волейболдан ерлер арасында Алматы облысының қысқы Чемпионаты.

5.     2016 жылдың 21-25 желтоқсан күндері аралығында Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған волейболдан әйелдер арасында Алматы облысының қысқы Чемпионаты.

 

Алдағы міндеттер

1.     Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бюджетіне қосымша қаражат  бөліну жолдарын қарастыру.

2.     Бұқаралық спорт түрлерінің санын арттыру.

3.     Спорт инфрақұрылымның қолжетімділігінің дамыту және «Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің» санын ұлғайту.

4.     Материалдық-техникалық базаны нығайту - инвентарьмен қамтамасыз ету және спорттық жабдықтармен жарақтандыру

5.     Мүмкіндігі шектеулі адамдарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту

6.     Дене шынықтырумен және спортпен белсенді шұғылданатын тұрғындардың    санын арттыру

7.     Жалпы білім беру мектептерінде дене тәрбиесі даярлығы клубтарын құру және спортпен шұғылдану бойынша сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру.

Туризм:

 

Іле ауданында туризм индустриясын дамытуда инфраструктуралық  нысандар   саны – 7

Оның ішінде:

Сумен емдеу орталығы      -1

«Пишон» сумен емдеу орталығы (жетекшісі Ким Елена) Өтеген батыр кентінде 2007 жылдан бастап жұмыс жүргізеді. Жыл бойы қызмет көрсетіп, айына  50 адам қабылдайды. Негізгі қызмет көрсету бағыты – денсаулықты нығайту, тері, буын, гинекологиялық ауруларды емдеу, алдын алу. Мекемеде 9 адам жұмыс істейді.

Аквапарктер саны     - 3

      Байсерке ауылдық округінде орналасқан, олар «Дос» (жетекшісі Тагиев Гейдар), «Мереке» (жетекшісі Болысбаев Бақыт) және «Аль Каср» демалу-сауықтыру орталықтары. 3 аквапарк жылдың жаз мезгілдерінде күніне орта есеппен 100-200 адамға қызмет көрсетеді. Жалпы жұмыспен қамтылған адам саны – 36.     Атаулы аквапарктер Аудан халқының денсаулығын нығайтуда  және жазғы демалысын ұйымдастыруда сапалы қызмет көрсетеді.

 -  «Хикмет Тревел» туристік фирмасы   - 1.

 «Хикмет Тревел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  2008 жылы құрылған. Туристік фирмада 11 адам қызмет атқарады. Атаулы фирма мақсаты: Қажылыққа апару туристік маршрутымен қызмет жүргізеді.

    Қонақ үй нысандары   -  3

«Бархан» (110адам), «Жетісу» (40адам), «Ұлар» (10)қонақ үйлер кешені   Қоянқұс ауылы,  Боралдай кенті мен Өтеген батыр кентінде қызмет көрсетеді.      Атаулы қонақ үйлер  күніне 150 адам қабылдап, 40 адам жұмыспен қамтылған.                        Ауданда  жастар арасында спорттық шеберлікті дамыту мен туризмді насихаттау мақсатында «Альпийская роза» жасөспірім-туристік. спорттық  клубы жұмыс істейді. (Жетекшісі Сапронов Константин)        Аталған клубтың жастар мен жасөспірімдерді тау туризміне баулу, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеудегі, дені сау қоғам қалыптастырудағы жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылған.Туристік клубындағы жасөспірімдер жүйелі түрде облыстық және республикалық жарыстарға қатысып. жүлделі орындарға ие.

      Алматы облысының аумағында  «Ұлы Дала Елі» («Моя Родина- Казахстан») 2016 жылдың 01 маусымынан шілде айының аяғына дейін өтетін,   экспедициясының  облыстық кезеңіне  «Альпийская роза»   командасының 20 мүшесі қатысуда.

      Жоспарға сәйкес этно-ауылдарды дамыту мақсатымен Қарой ауылында «НеоНомад» этнографиялық, экологиялық және мәдени орталығы жұмыс жасайды. (Жетекшісі Артықбаев Асылхан) «НеоНомад» орталығы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ата-бабамыздан қалған ұлттық саятшылықты, аңшылықты, атқа отыруды үйрету, туризмнің демалу түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жұмыс жүргізуді мақсат етіп қойған.

       Туризм мен демалу индустриясының жаңа технологиялық сервистік қызмет көрсету нысаналарын, этно-ауылдар жасауды іске қосуда «Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту және кеңейту жұмыстары ұйымдастырылуда.

Болашақта Іле ауданында қазақ даласын мекендейтін әр ұлттың тыныс-тіршілігі мен болмыс-бітімін бейнелейтін этноауыл жобасы іске асады. 
      Осы мақсатта Байсерке ауылдық округінен 12.000 - га жер бөлініп,
этноауыл нысандары салу жоспарланып, инвесторлар тартылуда.

     Бұл жоба аясында салауатты өмір салтын жақсартып, халықтың серуендеп, қыдыратын   бірден-бір демалыс орнына айналады. 

     Туризм саласындағы негізгі көрсеткіштерінің бірі, ол ақылы туристік қызмет көрсету, бұл бойынша ауданда мониторинг жүргізіліп отырады. 

     Туризм саласы бойынша ақылы туристік қызмет көрсету мониторингісіне тоқталсам, ақылы туристік қызмет көрсету 2013 жылы 28,5 млн.теңге, 2014 жылы 33,0 млн.теңге болса, 2015 жылы 39 млн.теңгені құрады. Ішкі туризм бойынша келушілер саны 2011 жылдан 2014 жылға дейін 5 мыңнан – 8 мыңға дейін  болса үстіміздегі жылы 10000-ға жетсе, сырттан    келушілер саны  өткен  жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша  18 пайызға  артты.

     Алматы облысының әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы  «Алматы облысында туризмді дамыту мастер жоспарының және оны іске асыру жөніндегі 2014-2018 жылдарға іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы» №557 қаулысы белгіленген  іс-шараларға байланысты Алматы облысында туризмді дамытудың Мастер- жоспарының 2016 жылы Іле ауданында орындалуы бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, тиісті жұмыс ұйымдастырылуда.

   15.04.2015 жылы «Қ Р жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару» Заңына сәйкес, аудан бойынша туризмді дамытудың Мастер-жоспарының орындалуын қамтамассыз ету үшін құрылған жұмыс тобының отырысы  өткізілді. Алматы облысының әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы  «Алматы облысында туризмді дамыту мастер жоспарының және оны іске асыру жөніндегі 2014-2018 жылдарға іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы» №557 қаулысында белгіленген іс-шаралар таныстырылды және оны орындау мақсатында туризмді дамытуда Іле ауданының Мастер-жоспарының іс шарасы жасалып алдағы уақытта халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелерге, іс-шараларға қатысу жоспарланды.

   Аудандағы туристік нысандарды статистикалық есепке алу жұмыстарында кеткен кемшілікті жою мақсатында жергілікті статистикалық және кірістер бөлімдерімен бірлесіп жұмыс жүргізілуде

Алдағы міндеттер

1. Спорт инфрақұрылымның қолжетімділігінің дамыту және «Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің» санын ұлғайту
 2. Материалдық-техникалық базаны нығайту - инвентарьмен қамтамасыз ету және спорттық жабдықтармен жарақтандыру
3.Мүмкіндігі шектеулі адамдарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту

4.Дене шынықтырумен және спортпен белсенді шұғылданатын тұрғындардың  үлесін арттыру

5.Жалпы білім беру мектептерінде дене тәрбиесі даярлығы клубтарын құру және спортпен шұғылдану бойынша сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру.

6. Ауданда « Балалар туризмі және экскурсия орталығын» ашуға және «НеоНомад» этнографиялық, экологиялық, мәдени орталығының жұмысын дамытуға байланысты қаржы мәселесін қарастыру.

7. Жергілікті тұрғындардың туризмді дамытуға қызығушылықтарын арттыру

    «Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі»
    мемлекеттік мекемесінің  басшысы                                                 Қ. Ортыбаев