БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Дене шынықтыру және спорт бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, « 25 жұлдызды күн» іс-шара аясында мемлкеттік қызметкерлер арасында Іле ауданы әкімінің жүлдесіне арналған шағын
футболдан финалдық ойындарының Анықтамасы
05.12.2016

 

«Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылғы күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 03 желтоқсан күні Өтеген батыр кентінде орналасқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, «25 жұлдызды күн» іс-шара аясында мемлкеттік қызметкерлер арасында Іле ауданы әкімінің жүлдесіне арналған шағын футболдан финалдық ойындары өткізілді. Жарысқа 4 команда қатысты. Олар: Аудан әкімдігі командасы, Жетіген, Боралдай, Қараой командасы, Байсерке, Энергетический командасы, Архитектура командасы, Халыққа қызмет көрсету орталығының командалары.
Жарыс олимпиадалық ойын тәртібі бойынша өткізіліп, жарысымыздың қорытындысы бойынша шағын футболдан І орын Халыққа қызмет көрсету орталығының командасы, ІІ орын Аудан әкімдігі командасы, ІІІ орынға Архитектура командасы ие болды.