БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Дене шынықтыру және спорт бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы Іле ауданының V-ші Спартакиадасының
Анықтамасы
05.05.2017

    

    

2017 жылдың 04 мамыр күні сағат 09.00-де Өтеген батыр кентінің орталық стадионында Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Іле ауданының V-ші Спартакиадасы өткізілді. Аталған жарысқа 10 команда қатысып, жарыстың командалық есеп қорытындысы бойынша І орын Күрті округінің командасы, ІІ орын Өтеген батыр командасы, ІІІ орын Ащыбұлақ округінің командасы ие болды. Жүлделі орынға қол жеткізген спортшылар мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар І орынға қол жеткізген спортшылар ағымдағы жылдың 12-14 мамыр күні өткізілетін Алматы облысының V-ші Спартакиадасына қатысуға жолдама алды.