БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Дене шынықтыру және спорт бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Іле ауданында туризмді дамытуда Алматы облысының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы «Алматы облысында туризмді дамытудың Мастер-жоспарының және оны жүзеге асыру бойынша 2014-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының барысы туралы» №557 қаулысының орындалуы бойынша
Анықтама
05.01.2017

 

Алматы облысының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы «Алматы облысында туризмді дамытудың Мастер-жоспарының және оны жүзеге асыру бойынша 2014-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы» №557 қаулысында белгіленген іс-шараларға байланысты Алматы облысында туризмды дамытудың Мастер жоспарының 2016 жылы Іле ауданында орындалуы бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, жұмыс топ мүшелеріне белгіленген міндеттер таныстырылды.  

 Аудандағы туристік нысандарды статистикалық есепке алу жұмыстарын ұйымдастыруда жергілікті статистикалық бөлімімен, кенттік\ауылдық әкімдермен және туристік нысан жетекшілерімен бірлесе жұмыс жүргізілуде.

  Ауданда туризм саласының сервистік қызмет көрсету бағыты бойынша 7 инфрақұрылымдық нысан жұмыс істейді: 

Сумен емдеу орталығы      -1  

«Пишон» сумен емдеу орталығы (жетекшісі Ким Елена) Өтеген батыр кентінде 2007 жылдан бастап жұмыс жүргізеді. Жыл бойы қызмет көрсетіп, айына 1000 адам қабылдайды. Негізгі қызмет көрсету бағыты – денсаулықты нығайту, тері, буын, гинекологиялық ауруларды емдеу, алдын алу. Мекемеде 9  адам жұмыс істейді. Аталған нысан тұрақты жұмыс жасауына және аудан аумағында орналасқанына байланысты, іс құжаттарын заңдастырып, Іле аудандық статистика бөліміне екінші қызмет көрсету нысан ретінде қайта тіркелуге ұсыныс берілді.

Аквапарктер саны     - 3. 

 Атаулы аквапарктер жылдың жаз мезгілдерінде маусымдық қызмет көрсетеді және аудан халқының денсаулығын нығайтып, жазғы демалысын ұйымдастыруда сапалы қызмет ұйымдастырады.

      Байсерке ауылдық округінің, Алматы-Қапшағай трассасында       орналасқан, олар:

1. Аквапарк «Мереке» (жетекшісі Тагиев Гейдар) 2006 жылдан бастап жұмыс жүргізеді, жаз мезгілдерінде күніне орта есеппен 100-200 адамға қызмет көрсетеді. Жалпы жұмыспен қамтылған адам саны- 12.

2. Аквапарк «Дос» (жетекшісі Болысбаев Бақыт), 2008 жылдан бастап жұмыс жүргізеді  жаз мезгілдерінде күніне орта есеппен 200-300 адамға қызмет көрсетеді. Жалпы жұмыспен қамтылған адам саны – 16

3. Аквапарк «Аль Каср» 2013 жылдан бастап жұмыс жүргізеді, жаз мезгілдерінде күніне орта есеппен 100-150 адамға қызмет көрсетеді. Жалпы жұмыспен қамтылған адам саны- 10.

 «Хикмет Тревел» туристік фирмасы - 1.

  «Хикмет Тревел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  2008 жылы құрылған. Туристік фирмада 11 адам қызмет атқарады. Атаулы фирма мақсаты: Қажылыққа апару туристік маршрутымен қызмет жүргізеді.

 2008 ж 2 сәуірден бастап қызмет көрсету саласында қажылық сапарын ұйымдастыруда сапалы еңбек атқарып келеді. Бүгінгі таңда 10 500- ға жуық адамның қажылық сапарының орындауына үлес қосты.

 Алматы «KITF 2014, KITF 2015, KITF 2016» көрмесінің белсенді мүшесі, «Етихад Эйрвейс», «Air Arabia» әуекомпанияларының 2015, 2016 жылғы Қазақстандағы ең үздік сатылым агенттігі.

   Қонақ үй нысандары - 3

І.«Жетісу» Боралдай кентінде орналасқан, (жетекшісі Кенжин Евгений Курмангалиевич) 2006 жылдан бастап жұмыс жүргізеді. Қонақ үйде  12 стандартты номер жабдықталған. Жылына 650 адамға қызмет көрсетіледі. Жалпы жұмыспен қамтылған адам саны - 3.

2.«Бархан» Ащыбулақ округінде орналасқан, (жетекшісі Шадрин Константин) 2009 жылдан бастап жұмыс жүргізеді. Қонақ үйде 4 стандартты номер жабдықталған. Жылына 700 адамға қызмет қөрсетіледі. Жалпы жұмыспен қамтылған адам саны- 3.

3.«Алатау» Өтеген батыр кентінде орналасқан,(жетекшісі Қынырбеков Жаңабек Иманбекович ) 2016 жылдан бастап жұмыс жүргізеді. Қонақ үйде 5 стандартты номер жабдықталған. Жылына 500 адамға қызмет көрсетіледі. Жалпы жұмыспен қамтылған адам саны -3. 

 Туризм саласындағы негізгі көрсеткіштерінің бірі, ол ақылы туристік қызмет көрсету, бұл бойынша ауданда мониторинг жүргізіліп отырады. Туризм саласы бойынша ақылы туристік қызмет көрсету, 2016 жылы 39 млн.теңгені құрап сырттан келушілер саны ішкі туризм бойынша 100 % құрды.

  Ауданда жастар арасында спорттық шеберлікті дамыту мен туризмді насихаттау мақсатында «Альпийская роза» жасөспірім-туристік спорттық  клубы жұмыс істейді. (Жетекшісі Сапронов Константин)  

   Аталған клубтың жастар мен жасөспірімдерді тау туризміне баулу, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеудегі, дені сау қоғам қалыптастырудағы жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

    Туристік клубындағы жасөспірімдер жүйелі түрде облыстық және республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие.        «Альпийская роза» жасөспірім-туристік спорттық клубы «Ұлы Дала Елі-2016» облыстық экспедицияға қатысты.

 Жарыс нәтижесінде клуб мүшесі №10 орта мектептің 11 сынып оқушысы    Овсюк Марина «Спорт шебері» нормативін орындады.

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай 2016 жылғы 10 желтоқсан күні Чапай ауылдык округінің, №10 орта мектебінде «Альпийская роза» жасөспірім-туристік спорттық клубының тәжірибесін насихаттау мақсатында «Туристік көпсайыс» семинар - тренинг өткізілді.

    Семинар тренингте клуб жетекшісі Константин Андреевич Сапронов «Альпийская роза» клубының жұмыс бағыты және іс тәжірибесі туралы», 10 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Ботабаева Нуржамал Арапқызы «Мектепте балалар туризмін дамытуда «Менің елім Қазақстан» экспедиция жұмысын жетілдіру жұмыстары» тақырыбында өз жобаларын қорғады және   «Альпийская роза» клуб мүшелері туристік көпсайыс бойынша «Жұптық жарыс». «Құтқару жұмыстары» «Дистанциядан өту» тренинг жаттығуларын көрсетті.

      Семинар соңында ауданның қоғамдық саяси іс-шарасына белсене қатысып, ауданда туризмның дамуына өз үлестерін қоскан клуб мүшелері аудандық «Дене шынықтыру және спорт бөлімінің» «Құрмет грамоталарымен» марапатталды.

  Ауданның мектеп оқушылары «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициясына жыл сайын қатысып отырады. экспедицияға қатысатын оқушы саны 21 766.

Экспедицияның негізгі мақсаты – аудандағы тарихи-мәдени орындармен танысу, туған өлке тарихы мен табиғатына деген қызығушылықты ояту, жастардың ішкі туризм бағыты бойынша білімін арттыру. Экспедиция мүшелері аудандағы Өтеген батыр кентіндегі «Әлмерек абыз» кесенесіне, «Үш ұрпақ», «Ауған соғысында шейіт болған жауынгерлерге», Байсерке ауылындағы «Ұлы Отан соғысында қаза болған отандастар рухына», Қараой ауылындағы «Алғашқы тың игерушілеріне», Ақши ауылындағы «Тоқаш Бокинге» арналған ескерткіштерге саяхат жасалды.

 Алматы облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай 2016 жылғы 13 желтоқсан күні  Өтеген батыр ауылы мектептерінің оқушылары үшін біркүндік тегін тур ұйымдастырылған. Біркүндік турға Өтеген батыр ауылы мектептерінің оқушылары қатысып қайтты.

 Оқушылар Алматы қаласының тарихи, мәдени-танымдық нысандарына, «Іле-Алатауы» МҰТП-нің визит-орталығына, Қаскелең қаласындағы Тұңғыш Президент мұражайына, жыр алыбы Ж. Жабаевтың мұражайына саяхат жасады.Экскурсиядан оқушылар үлкен әсер алып, уақыттарын өте қызықты өткізіп, жақсы көңіл-күйде қайтты .

2016 жылдың шілде айында Қапшағай қаласында «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық шеңберінде Әлеуметтік туризмды дамыту» тақырыбында семинар өтті. Семинарда 2016 жылы қазақстандық және шетелдік халықаралық көрмелерде облыстың туристік әлеуеті таныстырылып, елімізге визасыз кіруге рұқсат берілген  26 мемлекеттің туроператорлары мен журналистері үшін ақпараттық турлар ұйымдастыру жайлы ақпарат алды.

    Семинарға Іле ауданы әкімінің орынбасары Д.Қ.Жүнісов, Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары, аудан аумағындағы орналасқан туристік нысандар «Жетісу», «Бархан» қонақ үйлері, Байсерке ауылдық округіндегі «Дос», «Мереке» демалу-сауықтыру орталықтарының өкілдері қатысты.

 2016 жылы Іле ауданының Өтеген батыр кенті аумағында Жансүгіров көшесінде №7 щитте туристік нысандарды жарнамалау мақсатында «Жетісу» Қайынды көл. EXPO 2017» үгіт-насихат билборды орналастырылды.

  «Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту және кеңейтуде «НеоНомад» этнографиялық, экологиялық және мәдени орталығының  және «Ұлы Жібек жолы» маршруты бойынша экскурсиялық жобасын жүзеге асыруда  «ALMALY-TRAVEL» компаниясының өкілдеріне «Жол картасы-2020» бағдарламасына қатысу ұсынылды.

2016 жылғы 2 желтоқсан күні, Талдықорған қаласында өткен туризмді стратегиялық жоспарлау бойынша тренингке бөлім басшысы Ортыбаев Қайрат Әуелханұлы, туризм саласына жетекшілік ететін бас маман Жарқынбек Ұлтуған Данашқызы қатысып «Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сертификатын алды.  

 Алматы облысының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы «Алматы облысында туризмді дамытудың Мастер-жоспарының және оны жүзеге асыру бойынша 2014-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының барысы туралы» №557 қаулысының орындалуы туралы» 2016 жылдың 14 қарашасында ауданның аппараттық кеңесінде тыңдалып, ауданда туризмды дамытуды жандандыру мақсатында:

  1.Ауданда туризм инфраструктурасын дамытып кеңейтуде инвестиция тартуды жоспарлы жургізу.

 2.Туризм мен демалу индустриясының жаңа технологиялық сервистік қызмет көрсету нысаналарын, этно-ауылдар жасауды іске қосуда « Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту және кеңейту.

3.Ауданда кәсіптік, ауылшаруашылық (балық аулау, аң аулау туризмі), экологиялық, қоғамдық-танымдық туристік маршруттарды іске қосу міндеттері қойылды.

4.Аудандағы туристік нысандарды  статистикалық есепке алу  жұмысын жандандыру.