БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Дене шынықтыру және спорт бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылы атқарылған жұмысы туралы АНЫҚТАМА 05.01.2017


     Қазақстан Республикасы дамуының Стратегиялық жоспарында Президент 2020 жылға дейін республикамызда дене шынықтырумен шұғылданатын халықтың пайыздық көрсеткішін деңгейі 30%-ға жеткізуді нақты тапсырды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Халқына арналған Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту, халықтың спортқа қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Іле ауданы көлемінде спорттық іс-шаралар жиі өткізілуде. Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты - өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету. Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу бұқаралық сипатқа ие болып келеді.

Ауданымызда 295 спорттық нысан халыққа қызмет етеді. Олар: (2000 орындық) 1 стадион, 49 спорт зал, оның 42-і мектептерде, 11 футбол алаңы (Футбол федрациясының балансында), 14 атыс орны, 1 спорттық ядро, 4 жүзу бассейні, «Жол картасы» бағдарламасының шеңберінде салынған 36 спорт алаң, және 215 әр түрлі спорттық құрылымдар.

Қазіргі кезде спорт саласында 275 дене шынықтыру кадрлары жұмыс жасайды, олардың ішінде 229-і жалпы білім беру мекемелерінде. 275 маманның  247-і жоғары білімді, 28-сі арнаулы-орта білімді. Қайта даярлау курстарынан 123 маман өткізілді.

Елбасының Жолдауындағы тапсырмаларды орындау және салауатты өмір салтын насихаттау мен енгізу мақсатында 2014 жылдың қаңтар айында Алматы облысы бойынша 253 бірлік әдіскер-нұсқаушы штаты бөлініп, соның 10 штаты Іле ауданының 10 ауылдық округ әкімдерінің аппараттарына берілді. Негізгі әдіскер-нұсқаушылардың атқаратын жұмыстарымен бағыты халықтың спортпен аиналысуына жол көрсету, кешкі уақытта әр түрлі үйірме жаттығуларға қатысуын қамтамасыз ету, сонымен қатар спорттық іс-шаралар ұйымдастырып өткізу болып табылады.

Аудан мектептерінде волейбол, баскетбол, футбол, бокс, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, сонымен қатар, қызығушылықтары бойынша шаңғы спортынан (Байсерке округі Жаңаталап ауылы, №25 орта мектеп базасында) және жағажай волейболынан (Қараой ауылы, №18 орта мектеп базасында) секциялар жұмыс істейді

Ауданда  ұлттық спорт түрлерін насихаттау және дамыту мақсатында 25 үйірме жұмыс істейді. Олар: Тоғызқұмалақ 8, қазақ күресі 5, асық ату 3, бестас 2, жекпежек 1, Оның ішінде 6 үйірме ат спортынан. Ұлттық спортымен айналысатын адам саны – 839.

Ауданда бұқаралық спорт түрлерін дамыту және дене тәрбиесімен шұғылданатын тұрғындар санын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, аудан бойынша 2016 жылы жалпы 259 іс-шара өткізіліп, қазіргі таңда Аудан бойынша жүйелі түрде спортпен айналысушылар саны 50597 адамды құрады. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2197 адамға артып, Іле ауданының жалпы халық санының 26,5% құрап отыр.

2016 жылы «Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ – 11,409 млн. теңге қаржы бөлініп, оның ішінде аудандық жарыстарды өткізуге 602 мың теңге, облыстық жарыстарға қатысу үшін 3,703 мың теңге бөлінді. Былтырғы жылмен салыстырғанда 1,3 млн. мың теңгеге қысқарды.

Қазіргі таңда аудандық және облыстық жарыстарға бөлінген қаражат толық игерілді.

Сонымен қатар, Қазақсатан Республикасы Қазақ Күресі Федерациясының күнтізбелік жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 28-30 қыркүйек күндері аралығында Қазақ күресінен 2000-2001 жылы туылған жасөспірімдер арасында Раймбек Хангелдіұлының жүлдесіне арналған Республикалық турнирі өткізілді. Бұл жарысқа ауданның үнемделген бюджетінен 2 млн.теңге бөлініп, жұмсалды.

Былтырғы жылы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің есебінен аудан спортшылары 28 облысытық жарыстарға қатысса, биылғы жылы 25 жарысқа қатыстып, 14 жүлделі орынға ие болды.

Атап айтқанда І орыннан- 5, ІІ орыннан-4, ІІІ орыннан-5

2016 жылдың 24-27 қаңтар күдері аралығында Талдықорған қаласында өткізілген ересектер арасындағы қазақша күресте Іле ауданыкомандалық есепте І орын.

10-14 ақпан күндері аралығында Қаскелең қаласында волейболдан 1999-2000 жылдары туылған жасөспірімдер қыздар арасында өткен Алматы облысының Чемпионатында Іле ауданы командасы ІІІ орын.

15-19 сәуір күндері аралығында стритболдан Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында өткен Алматы облысы чемпионатында аудан командасы І орын.

08-12 маусым күндері аралығында Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында волейболдан 1999-2000, 2001-2002, 2003-2004 ж.ж. туылған қыздар арасында Алматы облысының жазғы Чемпионатына ауданымыздың қыздар командасы қатысып ІІІ орынға ие болды.

11-16 шілде күндері аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мектеп және колледж оқушыларының 8-ші жазғы Спартакиадасы өтті. Аталған Спартакиада шеңберіндегі бокс жарысына ауданымыздың КазЦИК ауылдық округі №6 ОМ оқушысы Нұрахметова Алида және Талипова Елдана сынды қыздарымыз қатысып, жүлделі ІІ орынға қол жеткізді.

05-09 тамыз күндері аралығында Талдықорған қаласында стритболдан әйелдер арасында өткен Алматы облысы чемпионатында аудан  командасы І орын.

Футболдан ересектер арасындағы Алматы облысының Чемпионатында ауданымыздың футбол құрама командасы жүлделі ІІІ орынға қол жеткізді.

07-10 қыркүйек күндері аралығында Талдықорған қаласында қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Алматы облысының чемпионатына ауданымыздың қазақ күресінен құрама командамыз қатысып, жүлделі ІІІ орынға қол жеткізді. Жекелей есепте 55 келі салмақта Зәкен Шыңғыс І орын, Нұғман Дархан ІІ орынға ие болды. 82 келі салмақта Тоқтарбай Санат ІІ орынға ие болды.

Ауданда гандболдан «Іле» әйелдер клубы жұмыс істейді. Клубта барлығы 2 жаттықтырушы 60 спортшымен қамтылған. Оның 14 спортшысы ҚР Супер лигасында, 14 спортшы ҚР Жоғарғы Лигасының құрамында, 6 спортшы ҚР Ұлттық құрамасында, 12 спортшы ҚР Жастар құрама командасының құрамында, 12 спортшы ҚР Жасөспірімдер құрама командасының қатарына кіреді. Биылғы жылғы Супер лига ойындарының қорытындысы бойынша:

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Өтеген батыр кентінде өткен І тур ойындарының қорытындысы бойынша Іле қыздар командасы І орын.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Өскемен қаласында өткен ІІ тур ойындарының қорытындысы бойынша Іле қыздар командасы І орын.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Өтеген батыр кентінде өткен ІІІ тур ойындарының қорытындысы бойынша Іле қыздар командасы І орын.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Өтеген батыр кентінде өткен ІV тур ойындарының қорытындысы бойынша Іле қыздар командасы І орын.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Қызылорда қаласында өткен V тур ойындарының қорытындысы бойынша Іле қыздар командасы І орын.

Ағымдағы жылдың маусым айында Алматы қаласында өткен «Плей-офф» ойындарының қорытындысы бойынша Іле қыздар командасы ІV орынға ие болды.

Ағымдағы жылдың қараша айында Өтеген батыр кентінде Қазақстан Республикасының ХХV Чемпионатының ІІ-тур ойындары қорытындысы бойынша Іле командасы І орын.Аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде жалпы саны 1481 оқушы, 100 оқу тобы бар. Спорт мектебінде 49 жаттықтырушы мұғалім жұмыс жасайды: оның 18 штаттық, 32 қосымша жұмыс жасайды. 2016 жылдың маусым айында 29 - жаттықтырушылар өздерінің біліктілік мамандықтарын жоғарлату мақсатында біліктілігін  арттыру курсынан өтті.

Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 14 түрі қамтылған.Олар: қазақ күресі, самбо, дзюдо, бокс, футбол, гандбол, грек-рим күресі, тоғызқұмалақ, баскетбол, волейбол, таэквондо, каноэ және байдаркада есу.

Ағымдағы жылы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 12 Республикалық жарысқа, 35 облыстық жарысқа қатысып, 46 жүлделі орынға қол жеткізді. І орыннан-16, ІІ орыннан-15, ІІІ орыннан-15.

Атап айтсақ:

Жағажай валейболынан 2016 жылдың 10-15 маусым күндері аралығында Шымкент қаласында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында, 2000 жылғы туылған Кулемина Юлия және Ермекқызы Ақбота жүлделі 3-орынға ие болды. Жаттықтырушысы С.Х.Сулейманов.

Футболдан Облыстық Чемпионатына 2004 жылғы туылған ұлдар 1-орынға, 2003 жылғы туылғандар 2-орынға ие болды.

Индия елінде өткен Самбо күресінен Азия Чемпионтында 1999-2000 жылы туылған Нарымова Мөлдір 2-орынға ие болды, жаттықтырушы Т.С.Султанов.

Бокстан 25-30 қыркүйек күндері аралығында өткен облыстық Чемпионатында Тоқтарғожа Даурен 1-орынға, Орынбасар Көпжасар 2-орынға ие болды. 

Барлық жоғарыда аталған спортшылар Қазақстан  Республикасының Спорт Шеберіне Үміткер атағына ие болды.

Аудан тұрғындары футболмен шұғылдануға ерекше көзқараспен қарайды. Ауданда жыл сайын футболды дамытып, оны насихаттау нәтижесінде 2000 жылдан бастап Іле ауданының «Футбол Федерациясы» қоғамдық бірлестігі ауылдық, кенттік әкімдермен, аудандық  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебімен бірлесе отырып жұмыс жүргізуде. Футболмен қамтылғандардың саны он мыңнан астам адам.

Жыл сайын футболдан ересектер арасында аудан Чемпионатының Жоғарғы Лигасында 16 команда, Бірінші Лигасында 15 команда және 80 балалармен жасөспірімдер командаларының қатысуымен аудан чемпионаты өткізіліп тұрады. Биылғы жылы аудандық футбол чемпионатының 17-і туры өткізілуде.

Қазіргі таңда Жоғарғы Лига ойындарының турнирлік кестесінің көшбасшысы Жетіген ауылының «Жетіген» командасы, ІІ орында келе жатқан Али ауылының «Али» командасы, ІІІ орында Жетіген ауылының «Арзу-Геокен» командасы.

Ал, Бірінші Лига ойындарының турнирлік кестесінің І орында келе жатқан Еңбек ауылының «Еңбек» командасы, ІІ орын «Жетісу» командасы, ІІІ орында Боралдай кентінің «Баха» командасы. 

«Футбол Федерация» меншігінде 11 футбол алаңдары тіркелген. Олар: Боралдай-1, Байсерке-3, Жетіген-1, Междуреченск-1, Қараой-1, Ащыбұлақ-1, КазЦИК-1, Чапай-2. 

Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі «Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» бойынша 239 адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2016 жылдың І тоқсанында Президенттік тест қабылданып       Президенттік тесті тапсыруға ауданның 7,1 % тұрғындары қатысты, ол сандық көрсеткіш бойынша 13227 адам құрайды, 2015 жылмен салыстырғанда (1359)  адамға  артып отыр.

ІІ тоқсанында Президенттік тесті тапсыруға ауданның 7,6 % тұрғындары қатысты, ол сандық көрсеткіш бойынша 14468 адам құрады.

ІІІ трқсанда Президенттік тесті тапсыруға ауданның 7,8 % тұрғындары қатысты, ол сандық көрсеткіш бойынша 14968 адам құрады.

 

Мүгедектер арасында дене тәрбиесі мен спортты дамыту бағытында «Мейірім», «Жігер» мүгедектер қоғам бірлестіктерімен қатар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе жұмыстар жүргізілуде.

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында пауэрлифтингтан Кадиров Еркебуланның, үстел теннисінен Дарвина Маринаның, жеңіл атлетикадан Тайжанова Айнұр мен Байдулдаева Айнұрдың жетістіктерін және спортқа деген құлшыныстарын ерекше атап өтуге болады.

Ағымдағы жылдың 13 қазан күні «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиялы, Аудандық ішкі саясат бөлімі, Іле ауданының жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында (Жеңіл атлетика, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ) спорт түрлері бойынша аудандық Спартакиадасы өткізілді. Спартакиадаға ауданымыздың барлық округтерінен 57 мүгедек спортшы қатысты.

Ағымдағы уақытқа дейін ауданда өткізілген барлық жарыстар туралы ақпарат аудандық «Іле таңы» газетінде 27 мақалалар жарық көрді.

Биылғы жылы облыстық бекітілген рейтингтік жарысының тізбесіне қарай аудандық рейтингік жарыстар тізбесі бекітіліп ауылдық округтерге таратылды. Жыл соңында осы жарыстар тізбесіне қарай рейтинг шығарылады.

Алдағы міндеттер

 

1.     Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бюджетіне қосымша қаражат  бөліну жолдарын қарастыру.

2.     Бұқаралық спорт түрлерінің санын арттыру.

3.     Спорт инфрақұрылымның қолжетімділігінің дамыту және «Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің» санын ұлғайту.

4.     Материалдық-техникалық базаны нығайту - инвентарьмен қамтамасыз ету және спорттық жабдықтармен жарақтандыру

5.     Мүмкіндігі шектеулі адамдарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту

6.     Дене шынықтырумен және спортпен белсенді шұғылданатын тұрғындардың    санын артты

7.   Жалпы білім беру мектептерінде дене тәрбиесі даярлығы клубтарын құру жәнеспортпен шұғылдану бойынша сабақтан тыс жұмысты
      ұйымдастыру
.