БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Дене шынықтыру және спорт бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына
және «Қарттар күні» мерекесіне орай, Шахматтан ардагерлер арасындағы аудандық турнирінің
Анықтамасы
03.10.2016

 

«Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылғы күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 30 қыркүйек күні сағат 10.00-де Өтеген батыр кентінде орналасқан аудандық кітапхана залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «Қарттар күні» мерекесіне орай, Шахматтан ардагерлер арасында аудандық турнирі өткізілді. Жарысқа ауданымыздың Өтеген батыр, Байсерке, КазЦИК, Ащыбұлақ, Боралдай, Чапай, Қараой округтерінің командалары қатысты.
Жарыстың мақсаты:
- Шахмат ойынын халық арасында кеңінен насихаттау;
- Спорттық шеберліктерін және зияткерлік қабілеттерін арттыру;
- Арадагерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Жарыстың ашылу рәсіміне «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының І орынбасары Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы, Ардагерлер ұйымының төрағасы Исаев Әмзе Әлдібекұлы және Іле ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дауталиев Ғани қатысты. Жарыстың алғашқы құттықтау сөзі «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының І орынбасары Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы ардагерлерімізді «Қарттар күні» мерекесімен құттықтады.
Жүлделі орынға қол жеткізген командалар мақтау қағаздары, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.