БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Дене шынықтыру және спорт бөлімі 

 
 
 
Қазақ күресінен 2000-2001 жылғы жасөспірімдер арасында Райымбек Хангелдіұлының жүлдесіне арналған Республикалық турнирінің Анықтамасы 03.10.2016

 

«Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылғы күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 28-30 қыркүйек күндері аралығында Өтеген батыр кентінде орналасқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында Қазақ күресінен 2000-2001 жылғы жасөспірімдер арасында Райымбек Хангелдіұлының жүлдесіне арналған 14-ші Республикалық турнирі өткізілді.

Жарыстың мақсаты:

-         Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру;

-         Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидаттарын насихаттау;

-         Жастарды ұлттық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру;

-         Ел халқы арасында достық пен өзара татулық қатынастарды нығайту;

-         Қазақстан Республикасының облыс, қала, аудан, ауылдарында ұлттық спорт түрлерін, оның ішінде қазақ күресін дамытуды кеңінен тарату;

-         Республикада Қазақ күресін өркендету арқылы оны ұлттық идея деңгейіне жеткізу және халықаралық аренадағы беделін көтеру.

Аталған Турнирге Қазақстанның 14 облыс, 3 қала, 4 ауданнан барлығы 21 команда қатысты. Турнирдің ашылу рәсіміне аудан әкімі Медеуов Қыдыркелді Өміржанұлы, Қазақ күресі федерациясының тұңғыш президенті, профессор- Мухиддинов Ерғали Мухиддинұлы, Облыстық білім саласы кәсіподағының төрағасы - Естенов Тоққожа Естенұлы қатысты. Турнирдің алғашқы құттықтау сөзі ауданымыздың әкімі Медеуов Қыдыркелді Өміржанұлы еліміздің барлық өңірден келеген спортшыларды атаулы турнирдің ашылуымен құттықтап, осы турнирге ат салысып өз үлестерін қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Жарыстың жекелей есеп бойынша атап айтсақ, 64 келі салмақ дәрежесінде І орынға Салимбаев Нұрзат (Алматы), ІІ орынға Қойбағар Дархан (Іле ауданы), ІІІ орынға Рахметов Өмірзақ (Қызылорда) және Жұманазар Абылай (Қызылорда) ие болды. 72 келі салмақ дәрежесінде І орынға Шаяхмет Дастан (ШҚО), ІІ орынға Ханапиев Дарын (Жамбыл обл), ІІІ орынға Әшімхан Данияр (Көксу ауданы) және Саятов Роллан (ШҚО) ие болды.

Жүлделі орынға қол жеткізген спортшылар аудан әкімінің мақтау қаздары медальдармен, және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.