БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Дене шынықтыру және спорт бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Волейболдан ерлер арасында өткізілген Іле ауданының көктемгі Чемпионатының
Анықтамасы
03.04.2017
 

       2017 жылдың 01 сәуір күні Өтеген батыр кентінде орналасқан №24 мектеп-лицей спорт залында волейболдан ерлер арасында Іле ауданының көктемгі чемпионаты өткізілді.

Жарыстың мақсаты:

-        Ауданда волейбол спорт ойынын дамытып жетілдіру;

-        Жалпы халықты спортқа тарту;

-        Спортшылардың жекелей спорт шеберліктерін шыңдап, спортшылар арасындағы жолдастық қарым-қатынасты нығайту;

-        Салауатты өмір салтын насихаттау, белсенді түрде дене шынықтыру мен спорт пен айналысу;

-        Мықты ойыншыларды анықтап, аудан құрама командасын іріктеу.

Жарысқа 9 команда қатысты. Олар: Жәпек батыр, КазЦИК, Байсерке, Жұмыспен қамту, Аудандық акимат, Боралдай, Чапай, Междуреченск, №24 мектеп-лицей командалары. Жарыс олимпиадалық ойын тәртібі бойынша өткізіліп, жарыс қорытындысы бойынша І орын Междуреченск командасы, ІІ орын Жәпек батыр командасы, ІІІ орын КазЦИК командасы ие болды.

Жүлделі орынға қол жеткізген командалар мақтау қағаздары кубоктармен марапатталды.