БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Ауыл шаруашылық бөлімі > ҚҰЖАТ

 
Іле ауданы ауыл шаруашылығы саласының 2011 жылғы
қорытындылары және 2012 жылға міндеттері туралы ақпарат
 
 

 

2011 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 28,5 млрд.теңгені құрады,   бұл 2010 жылға қарағанда  3,7 млрд.тенгеге артты. Нақты көлем индексі – 100,1%.

Аграрлық саланы қолдауға республикалық және облыстық бюджеттерден 2730,2 млн.теңге қаражат игерілді. Оның ішінде:  мал шаруашылығының өнімінің сапасын арттыруға – 2632,8 млн.тенге, асыл тұқымды шаруашылықты дамытуға – 27,2 млн.тенге, егістік шаруашылық өнімдерінің сапасын арттыруға – 67,9 млн. тенге, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге су жіберу бойынша қызметінің құнын  субсидиялауға – 2,3 млн.тенге.

2011 жылы ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына 329,9 млн. теңге инвестиция салынды. ( «Сары Бұлақ»ЖШС-153 млн.тенге, «Алатау құс»ЖШС-  151,5 млн.тенге, «Междуреченск Агро»ЖШС-25,4 млн.тенге).

 «Алматы қаласының төңірегінде азық-түлік белдеуін дамыту» жобасы шеңберінде 2011 жылы   аудан бойынша 59 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп 131,5 млн теңгенің өнімі сатылды, бұл өткен жылмен   салыстырғанда 29,9  млн. теңгеге артық.

         2011 жылы -  ауданның   елді мекендерде – 2 «Қымызхана» сауда қазақ үйлері  жұмыс істеп,  8600   литр  қымыз және 7600 литр шұбат,  ұлттық тағам түрлері

1,9 млн. теңгеге  сатылды.

Егін шаруашылығы

Аудан бойынша  ауыл шаруашылығы нысанындағы 538920 гектар жер бар.Оның 27631 га суармалы жерлер, 48963 га – тәлім жерлер, 453381 га – жайылым жер, 8945 –басқа жерлер.

Суармалы 27631 га жердің 22347 гектары суарылады, ал қалған  5284 га  тәлім жер ретінде пайдаланады.

Байсерке округінің жерінен  7 мың гектар жер  қала салуға (GI-4) беріліп кеткен, оның  2 мың гектары  суармалы жер. Бүгінгі  күнге  осы 2 мың гектар тәлім жер ретінде пайдалануда.

Жетыген округінде 1 мың гектар жер қала салуға беріліп кеткенмен, кәзіргі күнге бұл жер пайдалануда. Округта 350 га  суармалы жер тәлім  ретінде пайдалануда,себебі  Самбет  бөгетін жөндеуге 350 млн. тенге қаражат қажет.

Қараой округінде   «Агровек» ЖШС 4538 га жерді жекеменшігіне сатып алған, оның 1100 га суармалы. Биылғы жылы осы   суармалы жерді «Агровек» ЖШС  басқа құрылтайшыларға сатты. Ауданның ауыл шаруашылық бөлімі  жаңа құрылтайшылыармен кездесіп, оларды ауданның   егіс алаңының құрылысымен таныстырды. Құрылтайшылар  биылғы  жылы  600 га  жерге майбұршақ отырғызуды көздеп отыр.

Осы округтегі «Монтажник» ЖШС, «Успех» ЖШС қатаң тәлім жер болғандықтан соңғы  2 жыл ішінде  майлы дақылдарды  өсіруге ауысып жатыр. Сол себептен  майлы дақылдардың егіс  көлімі өсіп, бұгінгі күнде  аудан бойынша 9165 гектарды құрайды.

Курті округінде   соңғы 2 жылда «Бент» АҚ 350 гектар, «Сункар-Инвест» ЖШС 160 гектар суармалы жерлерін пайдаланбай отыр.  Оларға  жерді  өз мақсатында пайдалануға   ескерту берілді,    аталған жерлерге басым дақылдар егуге ұсыныс жасалды.

Казцик округінде  суармалы 1410 гектар жер бар, бірақта оның 350 га суарылады, ал  қалған 1060 га тәлім ретінде пайдалынады.Себебі  бұл жерге  су көтерілу үшін  екіші дәрежедегі механиқаландырылған  суару құрылғылары  қажет.

Ащыбұлақ округінде 258 га  суармалы жер пайдаланбайды. Себебі  Машкұс  су бөгеті толық механиқалық тазартуды қажет етеді.

 Ауданның 7 мың гектар жері пар айдайтын танап ретінде пайдаланады.

  2011 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 68658 гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 198 гектарға артты.

Бағдарламадағы барлық егіс көлемінің жоспарланған көрсеткіші аудан бойынша толық орындалды.

        Дәнді дақылдардың барлығы 33918 гектарға, қант қызылшасы  650, майлы дақылдар - 8110, көкөніс, картоп және бақша дақылдары  жалпы   5153 гектарға  отырғызылды.       

       Себілген 650 га қант қызылшасының  501 гектары  жинауға жатты. Оның 89 гектарынан алынған 3501 тонна өнім   қант зауытына өткізілді.

       Қант қызылшасын жинауды  қант зауыты келісім шартта көрсетілген  мерзімін бұзып,  13 күнге  кейін бастады. Осы себебтен  412 гектардан жиналған  12967 тонна  өнім мал азықтықтарына жіберілді.  

      Қант зауыты    шартта көрсетілген өнімнің  сатып алу бағасы 10500 тенге болса, олар  шаруашылықтардан 7500 тенгеге шағып, есептесуді  қантпен  2012 жылдың ақпан айына дейін созып келді.      

       2009-2010 жылдар аралығында ауданда  жаңадан 21 гектарға жеміс-жидек отырғызылды.

      Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында интенсивті технологияны қолдану әдісімен  ауданда  463 га  майбұршақ, 427 га қант қызылшасы, 2200 га дәнді жүгері, 1200 га көкөніс, 210 га картоп өндіріліп, барлығы  4500 гектарға жеткізілді, бұл  2010 жылмен салыстырғанда   300 гектарға артты.

      Аталған  әдісті қолданысқа енгізу ауыл шаруашылық тауар өндерішілеріне   топырақтағы ылғалды сақтауға,  тұқыммен гербидциттерді үнемдеуге, өнімнің өнімділігін арттыруға және  мерзімінен ерте  өнім алуға қол жеткізді.

     Тамшылатып суару әдісі – 35 гектарға енгізілген. Бұл  әдісті қолданып ауданда  «Машучиван» ШҚ  бас пияз отырғып келеді.

      2011 жылы осы шаруа қожалығында  бас пияздың  1 гектардан  алынған орташа өнімділігі  600 центнерді құрап,  ауданның орташа  өнімділігінен  3 есе артық шықты.

      Ылғал сақтау технологиясы  3400 га  мақсары және 2000 га жаздық арпа алқаптарында  қолданылды Осы технологияны  қолданып отырғызылған дақылдардың  өнімділігі, ауданның орташа өнімділігінен 12 пайызға  артты.

     Ауданда  8 су тұтынушылар бірлестіктері құрылып, жұмыс жасауда.

      2011 жылы  ауданның  ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 368 тонна  субсидияланған тыңайтқыш алды.

      Өткен  жылға қарағанда тыңайтқыштың пайдалануы 1,7 есеге артып, 3220 тоннаны құрады.         

     Ауданның аул шаруашылық тауар өндірушілері 2011 жылы   35,6 млн. теңгеге 7 дана әртүрлі ауыл шаруашылығы техникаларын алды.

      Ауданда аул шаруашылық тауар өндірушілеріне қызмет көрсететін 2 МТС жұмыс жасап, тауар өндірушілерге 15 млн. теңгенің қызметін көрсетті.

      Аудандағы  жалпы  қөлемі 0,39 га құрайтын  6 гелиотеплица  жұмыс жасап, 40 тонна көкөніс өнімдерін  өндірді.

      Жинап алынған көкөніс пен картопты  қысқа сақтайтын жалпы  сиымдылықтары 2,4 мың тонналық стандарттық типті  3 көкөніс, 1картоп қоймалары  Байсерке  округінде, 1,2 мың тонналық стандарттық типті  1 көкөніс, 1картоп  қоймалар  Жетыген округінде жұмыс жасайды.

     Сонымен қатар 2011 жылы  Жетыген округінде «Керулен» ЖШС-нің  сыйымдылығы 7,5 мың тонналық  қоймасы іске қосылды.

     2011 жылдың өнімінен  2400 тонна көкөніс, 1200 тонна картоп қысқа сақтауға салынған.

 

              Мал шаруашылығы

      2011 жылы мүйізді ірі қараның саны - 43153 басты құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 100,6%, қой мен ешкі – 111083 бас (100,2%), жылқы – 4721 бас (101,7%), түйе  3902 бас (101,0%) және  құстар  2626,9 мың бас (135,8%).

        Ірі кара малдың   28  пайызы (немесе 12380)  елді мекендерде болса,  қалған  72 пайызы  тауар өндірушілерде ( АҚ, ЖШС, ЖҚ). 

        Қой мен ешкінің 21 пайызы ( 23460)  елді мендерде болса, 79 пайызы тауар өндірушілерде ( АҚ, ЖШС, ЖҚ). 

      2011 жылы   56524 тонна сүт өндіріліп, өткен жылға қарағанда 100,4 пайызды құрады,   384  тонна жүн қырқылды (101,3%).             

      Сонымен қатар, аудан бойынша ет  өндірісі 7734 тоннаға, жұмыртқа өндірісі 33657 мың. данаға кеміді.

       Ет пен жұмыртқаның кемуінің негізгі себебі 2010 жылдың аяғында «Бент» АҚ-ның  үш құс фабрикасының құрылтайшылары ауысып, жыл аяғында  фабрикада тұрған құс түгелдей сойылған.

      Соны мен қатар 2011 жылы осы фабрикаларда құрал-жабдықтары жаңартылып, қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

       Еттің бағыттын дамыту мақсатында ауданда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2011 жылы    4 ауылшаруашылық құрылымы 32,2 млн тенге  несие алып  216 бас аналық  ірі қара мал сатып алды.

     «Бақ Даулет» несие серіктестігі арқылы  121,4 млн.тенге мал шаруашылығын дамытуға    несие беріліп, - 40,0 млн.тенгесіне   343 бас  ірі қара мал; 71,0 млн. тенгесіне 3900 бас қой; 10,3 млн.тенгесіне   69 бас жылқы сатып алынды.

      Ауданда  9 асыл тұқымды шаруашылықтар бар. Оның  3 – ірі қара малдан,2- қой, 2 – шошқа, 1- түйе, 1- құстан.

    Барлық малдың ішінде асыл тұқымды малдың басы ірі қара мал -46,4%, қой -39,8%,шошқа - 33,8%, түйе - 23,7%, құс - 9,4 % құрайды.

 

     Ветеринария

         2011 жылы  ауданда ветеринарлық  шаралар  100 пайызға орындалды.  55200 бас мүйізді ірі қара және 196392 бас қой мен ешкі сарып ауруына серологиялық тексеруден өтіп, оң белгі берген 163 бас мүйізді ірі қара және 173 бас қой мен ешкі анықталды. Ауруға оң белгі берген ірі қара малдар санитарлық өңдеуге жіберіліп, ұсақ малдар жойылды.

        Бірдейлендіруден 52060 бас  ірі қара мал өтіп, компьютерге енгізілген.

Өтген жылы  1959 босқын ит ұсталып,жойылған, оның 433 - бұджет қаржысы есебінен  жойылды.   

        2011 жылы 1 мал сою  алаңы іске қосылып, барлығы 12 нысан жұмыс жасауда.    нысанға есептік нөмір алынып .

        Ауданда  11 мал өлекселерін тастайтын қорымдар бар .

Қайта өңдеу

       Ауданда   55 ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындары 108,3 млрд. теңгенің дайын өнімін өндірді немесе өткен жылмен салыстырғанда 20,3 млрд. теңгеге артық.

       Ауданның  барлық ауылдық округтерінде  «Райымбек Агро», «ФудмастерАгро», «Данон Беркут» ЖШС–терінің  20  сүт жинайтын пуктері  ауыл тұрғындарынан сүт жинайды..

      Ауданда орналасқан «Райымбек Агро» ЖШС, «Данон Беркут» ЖШС сүт зауттары  шикі затты   аудан және облыс аумағында орналасқан  ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінен жинайды.     

      «Райымбек Агро» ЖШС  аудан аумағында сүт жинайтын  6 пункт күнделікті 47,2 тонна сүт жинайды,  олар:  Томас С.Н.  Караой округінде  - 2 пункт, Ченкубаева  -Междурученск округінде  1 пункт, Карымсаков А. –Энергетический округінде  - 2 пункт, Аманжолов  М. -  Караой округінің  Тлендиев ауылында – 1 пункт.

      «Данон Беркут» ЖШС - аудан аумағында сүт жинайтын  1 пункті бар - Жетіген округінде Фирстова М. күнделікті 1 тонна  сүт жинап өткізеді. 

      Аудандағы 10 ірі және орта ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының 5-де халықаралық стандарттардың талабына сәйкес сапа сертификаты (ИСО, ХАССП) енгізілген. («Алель Агро» АҚ, «Сары Бұлақ»ЖШС, «Райымбек Агро» ЖШС, «Филип Моррис»ЖШС, «Джи-Ай-Ти»ЖШС).

 

                             2012 жылға қойылған мақсаттар.

 

       Қазақстанның 2020 арналған  Стратегиялық дамуында 2015  жылы ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін  2,2 есеге жеткізу көзделген. Бұл мақсатқа  жету үшін 2012 жылы:

- суарым суды тиімді  пайдалану натижесінде 142 гектарға егістік көлемін ұлғайту,

- озық технологияларды пайдалану арқылы ауыл шаруашылық дақылдарының егістік көлемін ұлғайтып, оның ішінде тамшылатып суару әдісін қолдану 35 гектардан 40 гектарға жеткізу, интенсивті технологияны пайдалануды 100 гектарға ұлғайтып 4600 гектарға жеткізу, ылғал сақтау технологиясымен 600 гектарға ұлғайтып 6000 гектарға жеткізу;

-мал шаруашылығы өнімдерін ұлғайту селекциялық асыл тұқымды жұмыстарының сапасын жақсарту, уақытында эпизотялық шараларды өткізу, аса қауіпті аурулардың алдын алу, малдарды сапалы жемшөппен асырау;

-  жылыжай мен өнім сақтайтын қоймаларды көбейту.

         

        Бүгінгі күні  жоғарыда  қойылған мақсаттарды орындау барысында  2012 жылғы көктемгі дала жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы өткізуге нақты жұмыстар жүргізілуде.

       Әр ауылдық округте  ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен көктемгі дала жұмыстарын мерзімінде  сапалы өткізу, несиелендіру  мен егістік алаңдарының құрылысын жетілдіру мәселелері бойынша жиналыстар өткізілді.

      Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін субсидиялау ережелері, несиелендіру, интенсивті және ылғал сақтау технологияларын қолданысқа енгізу, суармалы жерлерді тиімді пайдалану, қауіпті  зиянкестерге, карантинді нысандарына қарсы күресті ұйымдастыру, минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерді тиімді пайдалану тақырыптары бойынша   жыл басынан бастап округтерде 13 агрооқулар өтті.

        Биылғы жылы көктемгі дала жұмыстарын өткізуге «Бақ Даулет»   несие серіктестігінен 15 млн тенгеге 5 ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінен өтініш түсті.

        Ауыл шаруашылық дақылдарының егістік көлемі үстіміздегі жылы – 67800 га құрайды (2011 жылы - 67658 га), оның ішінде жаздық дәнді дақылдар көлемі- 14778 га, қант қызылшасы-650 га, майлы дақылдар – 9165 га, картоп – 1485 га, көкөністер – 3197 га, бақша дақылдары – 720 га, азықтық дақылдар – 1230 га.

       2011 жылмен салыстырғанда дәнді жүгері егістік көлемі 540 гектарға  (2011 жылы - 4538 га), майбұршақ – 305 гектарға (2011 жылы - 1210 га), картоп – 70 гектарға (2011 жылы - 1415 га), көкөністер – 150 гектарға (2011 жылы - 3047 га) ұлғайды.

 Көктемгі дала жұмыстарын мерзімінде өткізуге жұмыс жоспары жасалды.

 Үстіміздегі жылы   көктемгі егіс науқанында 22060   гектарда ылғал жабу, 14575   гектарда жер жырту  агротехникалық жұмыстары жүргізілетін болады.

Бүгінгі күнге ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілері қажетті жазық дәнді және басқа да дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілген.

 Қажетті 1964 тонна жазық дәнді дақылдардың тұқымы толығымен тексеруден өтіп,  716 тоннасы (36,4 %) 1 класс, 1248 тоннасы (63,5 %)  2 класқа жатқызылды.

Қант қызылшасының қажетті 975 себу бірлігінің 300 с.б. ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінде қолында бар, ал қалған жетіспейтін 675 с.б. «Алматы қанты» АҚ-нан сатып алынады.

Көктемгі дала жұмыстарын ойдағыдай жүргізуге аудан шаруашылықтарына 1506 тонна дизель отыны қажет, бүгінгі күнге нақты бары 301 тонна (немесе 20 %),    75 тонна дизель майы, оның 69 % қамтылған(немесе 52 тонна).      

Ауыл шаруашылығы дақылдарын  қоректендіру үшін  аудан шаруашылықтарына 2000 тонна минералды тыңайтқыш, 9000 тонна гербицид   қажет.

Бүгінгі күнге     130 тонна минералды тыңайтқыш ( 9%), 1,8 тонна гербицид    (20%)   жинақталған.

Биылғы көктемгі дала жұмысын атқаруға 409 трактор, 134 соқа, 109 сепкіш, 63 қопсытқыш және басқа да ауыл шаруашылығы техникалары қатысатын болады.

Ауыл шаруашылық техникасын  жөндеу 52   шеберханада, оның ішінде 15 типтік шеберханада жөндеуден өтуде.

Аудандағы «Вектор-Агро» ЖШС-і ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін ауыл шаруашылық техникасының қосалқы бөлшектерімен қамтамасыз етуде, сонымен қатар қосалқы бөлшектер Алматы қаласының арнайы  дүкендерінен алынады.

 Бүгінгі күнге шаруашылықтарда тракторлардың –90 пайызы, соқалардың – 100, сепкіштердің – 100 және қопсытқыштардың – 100 пайызы жөндеуден өтті. 

Аудан бойынша   жыл басынан 19,7 млн тенгеге. теңгеге 6 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникалары алынды. 

Суармалы жер телімдерін сумен толық қамтамасыз ету мақсатында  2011 жылдың күз айларында  «Ілеирригация» су шаруашылығы өз қаражатына :

-                                                     Жаңа Арна каналына 75 мың тенгеге  механикалық тазарту жұмыстарын өткізді;

-                                                     Байсерке -2 су қоймасында 683 мың теңгеге 2 гидротехникалық құрылымның және су алу құрылымын жөндеуден өткізді;

-                                                     Ынтымақ және Майский каналдарында 269 мың тенгеге  су жіберу құрылымдары  жөндеуден өтті.

Табиғи ресурстар басқармасы бөлген қаражатқа :

-                                                     Байқан каналының су бөгетініде толық жөндеу және  механикалық тазарту жұмыстары 19,1 млн. теңгеге жүргізілді;

-                                                     Байқан каналының сарқынды су  жүйесін қайта жөндеу және механикалық тазарту жұмыстары 14 шақырым көлемінде 100 млн. теңгеге жөнделді. 

Облыстық құрылыс басқармасынан бөлінген қаражатқа Байқан және Қызыл Ту каналдарының құрылымдарының қайта жөндеу және механикалық тазарту жұмыстары 89,1 млн. теңгеге өткізілді.

 

 2012 жылы қойылған мақсаттарға жету үшін  ауданның  ауылшаруашылық тауар өндірушілері  саланың негізгі капиталына  төмендегідей  инвестицияларды тартпақ.

    1.«Алатау Кұс» ЖШС  жұмыс істеп тұрған құс фабрикасының  құс етін өндірудің жылдық   қуатын 12 мың тоннаға жеткізуге арналған   инвестициялық   жобаны 2012 жылдың 2 жарты жылдығында аяқтау. Инвестиция көлемі 2,3 млрд.тенге.

     2. «Междуреченск Агро» ЖШС-і   410 бас  сиырға арналған 800 мың евро (немесе 160 млн.тенге)  тұратын сүтті тауарлық ферма салуға   инновациялық инвестжобасын    бекітті. Инвестиция көзі – Франция Республикасы. Құрылыстың басталу мезгілі  2012 жылдың сәуір айы, аяқталуы – 2012 жылдың желтоқсан айы.

3. «Сары Бұлақ Компаниясы» ЖШС-сі  қуаты 16 мың тонна құс етін өндіретін инновациялық  инвестициялық жобамен фабрика  салуды бастады.  Құс фабрикасының жобалық құны  27 млн. АҚШ долларын құрайды (немесе 3,9 млрд.тенге).  Инвестицияны  қаржыландырушы «Сбербанк России». Құрылыстың аяқталу мерзімі 2013 жылдың 2 жарты жылдығына жоспарлануда. 2012 жылда инвестицияның 10 пайызы( немесе 390 млн.тенге)  игеріледі деп күтілуде.

4. «Даулет Бекет» ЖШС-гі  «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы  1 млрд.тенге несие алуды жобалап отыр.

    Алынған несиеге :

    1. 1000 бас түйеге арналған  түйе фермасы  салынады;

    2. 100 бас ірі қара малға арналған мал бордақылау алаңы салынады;

    3. 10 мың шаршы метр жерге жылыжай салынады;

    4. Мал соятын алаң, түйе етін өңдейтін консерві цехы(қуаттылығы тәулігіне 1 тонна) салынады;

     5. 500 бас  ірі қара малдың аналығы, 500 бас жылқы, 2000 бас қой сатып алынады;

     6. 3 скважина (су құбыры) қазылып, 13 км жерге  электр желісі тартылады.

     Бұл проектілер жүзеге енгенде   мал шаруашылығы өнімінің сапасы  көтеріліп, жаңа жұмыс орындары  ашылып, еңбек өнімділігі көтерілмек.