Аудан әкімдігінің
2011 ж 23 желтоқсандағы
№ қаулысының 1 қосымшасы
1. Жалпы ережелер.
1.1. «Іле ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) агроөнеркәсіптік кешенінде мемлекеттік саясатты заңнамада қарастырылған шамада аудандық агроөнеркәсіптік кешенінің саласын болжау жүйесін қалыптастыру, аймақтық бағдарламаларын әзірлейтін, талдайтын және ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады.
1.2.Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс Әкімінің және аудан Әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, басқа да нормативтік–құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
1.3.Бөлім Заңды тұлға болып саналып, Қазақстан Республикасы банкісі бойынша заңнамаға сәйкес бюджеттік және дербес есептік шоты, белгіленген үлгіде бланкілері болады. Қазақстан Республикасының ел таңбасы мен өзінің атауы жазылған дөңгелек мөрі, мөртабаны болады.
1.4.Бөлім азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
1.5.Бөлім мемлекеттің атынан заңнамаларға сәйкес азаматтық құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
1.6.Бөлім құрылтайшысы аудан әкімінің аппараты болып табылады. Бөлімнің штаттық кестесін, құрылымын, лимитін аудан әкімі бекітеді;
1.7.Мүліктік меншік иесі және мемлекеттік басқару органы аудан әкімідігі болып табылады.
1.8.Бөлімнің заңды мекен жайы: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі, № 8 үй.
1.9.Заңды тұлғаның мемлекеттік тілде аталуы: «Іле ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» Мемлекеттік мекемесі.
1.10.Заңды тұлғаның орыс тілінде аталуы: Государственное учреждение «Отдел сельского хозяйства Илийского района».
1.11. Осы ереже бөлімнің құрылтайшы құжаты болып табылады.
1.12. Бөлімнің қызметтік қаржыландырылуы бюджетте көзделген жергілікті атқарушы органдарының қаржы есебінен жүзеге асырылады.
2. Бөлімнің негізгі міндеттері
2.1.Ауданның азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2.2.Бәсекеге қабілетті және теңдестірілген экономиканы құру қарқыны
мен сенімін арттыру;
2.3.Өңір тұрғындарының тұрмыс деңгейінің өсуін, әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету;
2.4.Ауыл шаруашылығы өндірістік мемлекеттік қорғау шараларын ұтымды ету;
2.5.Ауыл шаруашылығы өнімін және оның қайта өңделген өнімдерін ішкі және сыртқы рыноктарда сату көлемін ұлғайту.
3.Бөлімнің негізгі қызметтері
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау үшін Бөлім мынадай функцияларды жүзеге асырады:
3.1.Ауыл шаруашылығы саласын дамытуда басымдырақ мемлекеттік программаны іске асыруға қатысады;
3.2.Агроөнеркәсіп кешенінде реформаны тереңдетуге, шаруашылықтың әртүрлі үлгідегі формасын дамытуға қатысады;
3.3.Нарықтық жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық қызмет істеу субъектілерін жүзеге асыру жөнінде жоғарғы тұрған органдардың жасаған нұсқауларын іске асырады;
3.4.Агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыты мен құрылымдарын жүргізу;
3.5.Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласында аймақтық бағдарламалар әзірлеп, мониторинг өткізу арқылы жүзеге асырады;
3.6.Ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқару органдарының тиісті ережелері мен шешімдерінің жобасын әзірлейді;
3.7.Ауданды астықпен қамтамасыз етуді және оны өңдеудің жай- күйін бақылайды;
3.8.Аудандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ішке және сыртқа шығару қажеттілігін қанағаттандыру үшін өндірісті өсіп жетілдіруді және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді ынталандыру жөнінде комплекстік шаралар жасайды;
3.9.Қаржы экономикалық жағдайды сауықтыру немесе қауқарсыз шаруашылық субъектілерін тарату (санация ) жөніндегі шараларды жүзеге асыруға бағытталған программаларды орындауға қатысады;
3.10.Агро өнеркәсіп кешенінде меншіктің және шаруашылықтың әртүрлі формасында шұғыл статистикалық және бухгалтерлік есеп беруді жүзеге асыру мен ұйымдастыру;
3.11.Фермерлік және шаруа қожалықтары шаруашылығында МТС – тің (машино- трактор станциясы) сервистік қызметін жақсартуға арналған реформаланған программаларға қатысады;
3.12.Ауданның ауылшаруашылық кешеніне қажетті трактор, комбайн, автомобиль жабдықтарына, ауыл шаруашылығы машиналарына, жанар-жағар май және басқа материалдық қорларға алдын- ала болжау жасайды
3.13.Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін күтпеген апаттардан, төтенше жағдайлардан, ауыл шаруашылығы өнімдерін аурулардан, зиянкестерден, қорғауға арналған шараларды жүзеге асырады;
3.14.Агроөнекәсіп секторында инвестицияларды пайдалануға арналған артықшылықтарды анықтайды;
3.15.Мал шаруашылығы өнімдері өндірісін арттыру жөнінде бірыңғай технологиялық саясат жүргізіп, алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктерді енгізуді, осы салаға экономикалық өзара қатынастағы баға саясатын жүзеге асыруды қарастырады;
3.16.Мал шаруашылығында келешектегі селекциялы- асылдандыру жұмыстарын қадағалап, ауыл шаруашылығы малдарының табиғи-аудандастырылған жоспарын жүзеге асырады.
3.17.Меншіктің түріне бағынышты емес барлық шаруашылық субъектілерінде мал басын арттыруға дем беру және жоғарғы өнімді асылтұқымды малдың генофонын сақтап қалу мен жақсарту жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
3.18. Мал санының өсімділігіне және барлық мал шаруашылығы өнімдерін іс жүзіне асуына арналған келешегі бар ұзақ мерзімді тұжырымдамаларды және шараларды енгізу мен жасауға қатысады;
3.19. Сүт және ет өндірісінің озық технологиясын меншіктің барлық түріндегі шаруашылықтарға енгізу жөніндегі шараларға қатысады;
3.20.Қой шаруашылығы саласының дамуына жасалған шараларды жүзеге асыруға, алдыңғы қатарлы жаңа технологияны енгізуге, кроссбердті және мериносты жүн өндірісін арттыруға үлес қосады;
3.21.Жануарларды өсіруді, олардан алынатын өнімдер мен шикізатты, сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияны ұйымдастырады;
3.22.Елді мекендер маңайында мал жайылымдарын анықтайды;
3.23. Меншіктің барлық түрлерінде ауылшаруашылығы дақылдарын өсіруде алдыңғы қатарлы технология мен озық тәжірибені енгізу шараларын жүзеге асырады;
3.24. Шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылығы кооперативтері, акционерлік қоғамдар, кіші ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен басқа да ауылшаруашылығы құрылымдарының басшылары мен мамандарына агрооқулар ұйымдастырады;
3.25. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде шет елдерден алдыңғы қатарлы технология мен озық тәжірибені енгізуді қадағалайды.
3.26. Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын өндіру және тұқымды жаңарту жөніндегі тұқым шаруашылығының жұмысын тікелей бақылау жасауды жүзеге асырады;
3.27. Барлық ауыл шаруашылығы жұмыстарының жүргізілуіне, өндірілген және сатылатын өнімнің сапасын жақсарту шараларын жүзеге асыруды қадағалайды;
3.28.Барлық нысандағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымын түрлі ауруларға шалдықтырмай және зиянкестерден қорғау жөніндегі жұмыстардың сақталуын ұйымдастырады;
3.29.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу сапасын, тұқым мен өсімдіктер карантинін, ветеринарлық заңдылықтардың орындалуы мен асылдандыруды бақылау шараларын қадағалау;
3.30.Мамандарға деген қажеттілікке болжам, кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау жайлы шаралар жасап, тиісті кеңес береді;
3.31.Ауыл шаруашылық машинаналары мен құралдарының техникалық жағдайын қадағалайды;
3.32.Кіші шаруа қожалықтарын ірілендіру жұмыстарын жүргізу шараларын жүзеге асыру үшін ауылдық тұтыну кооперативтерін құруға көмек көрсетеді.
3.33.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен сату жөнінде маркетингтік нұсқаулар жасайды (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен сату жөнінде);
3.34.Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мүддесін қорғау мақсатында, қаржы, несие, салық саясатын жүргізу жөнінде белгілі бір тәртіпте ұсыныстар енгізеді, агроөнеркәсіп кешенінің барлық саласы қызметі үшін нақты жағдайлар жасайды
4.Бөлімнің негізгі құқықтары
4.1.Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ауылшаруашылық саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
4.2.Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығаруға құқылы.
5. Бөлімнің мүлкі
5.1.Бөлім жекеленіп берілген мүліктерді оперативті басқаруға құқылы.
5.2.Бөлім мүлігі оған мемлекет берген мүліктер есебінен құрылып, сондай-ақ бөлімнің балансында бағасы көрсетілген басқа да мүліктерден құралады.
5.3.Бөлімге бекітілген мүліктер ауданның коммуналдық меншігіне жатады.
5.4.Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және өзіне смета бойынша бөлінген қаржы есебіненалынған мүлікті, егер де басқа заңдық актімен белгіленбеген болса, өз еркімен иелігінен шығаруға немесе басқа тәсіл бойынша жұмсауға құқығы жоқ.
6. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
6.1 Бөлімді бастық басқарады. Оны аудан әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымдық қызметінен босатады.
6.2.Бөлім жұмысын ұйымдастырады, басқарады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауап береді, өз қызметін жүзеге асырады.
6.3.Бөлім бастығы осы мақсатта:
6.3.1 Бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;
6.3.2.Заңдарға сәйкес Бөлім қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдық қызметтен босатады;
6.3.3.Белгіленген заңнамалық ереже бойынша Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
6.3.4.Бөлім бастығының бұйрығына қол қояды;
6.3.5.Барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарды Бөлімнің өкілі ретінде өзін көрсете алады ;
6.3.6.Бөлімнің жұмыс тәртібін бекітеді;
6.3.7.Заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады;
6.3.8.Бөлім қабылдайтын шешімдер Бөлім бастығының бұйрығымен рәсімделеді.
7. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
7.1.Бөлімді қайта құру және тарату белгіленген заңнамаларға сәйкес Құрылтайшының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
7.2.Тарату жағдайында Бөлім мүлкі Құрылтайшыға өтеді.
|