БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Ауыл шаруашылық бөлімі > ҚҰЖАТ

 
2012 жылдың 8 айының қортындысы бойынша ауданның ауыл шаруашылығы дамуы туралы ақпарат
 
 

 

      2012 жылдың 8 айы бойынша ауылшаруашылық жалпы  өнімінің көлемі

17174,4 млн. тенгені құрады.       Нақты  өсу  денгейінің көлемі 101,7 % құрады.

     Мал шаруашылығы

     Есепті мезгілде  ет өндірісі  33539 тоннаны құрап, өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда    өсү қарқыны   130,8  % құрады, сүт -43659    тонна (100,1 % ), жүн  394 тонна ( 102,6% ), жұмыртқа  243701 мың.дана (95,1 % ).

     Жұмыртқаның азаю себебі  құс фабрикалары  жұмыртқа  өндірісі  бағытынан  ет  өндірісіне  қарай ауысуы болды.

    2012 жылдың 1 қыркүйегіне    мүйізді ірі қара малдың  саны - 62088  басты құрады, немесе өткен жылдың  осы мезгілімен салыстырғанда 893 басқа өскен, қой мен ешкі – 155623  басты құрап, өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда  4638 басқа  өсті, шошқа-79405 бас (579 басқа өсті), жылқы -5637  бас ( 330 басқа өсті),түйе -4500   бас ( 448 басқа өсті), құс – 3829,4 мың басты құрап (1033,6 мың басқа өсті).

     Биылгы жылы 64910 қойдан 70113 бас  қозы алынды, ягни  100 аналық басқа шаққанда 108 қозыдан айналды.

   101мың бас қой қырқылып 394 тонна жүн алында, ягни 1 бастан 3,9кг жүн қырқылды.

   «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасына  ауданда 19 шаруашылық қатысады. Осы шаруашылықтарда 2145 аналық бас ірі қара мал бар, олардың бүгінгі күнге 1274 басы ұрықтандырылды. 

    «Сыбаға» бағдарламасы

    «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде  2011 жылы    ірі-қара малдың аналық басы мен  бұқаларды сатып алуға ауданның  4 шаруашылығы несие алды. Олар:

     «Айтов» ШҚ 15 млн.тенге, «Шахиня» ШҚ -3,8 млн.тенге, «Нусипов Д»ШҚ-9,0 млн.тенге,  «Ата құсаин» ЖШС – 4,4 млн.тенге.

   Несиенің жалпы көлемі 32,2 млн.тенге, алынған малдың саны 216 ірі қара мал.

    2012 жылы «Шахиня» ШҚ және «Сабырбаев»ШҚ  123 бас ірі-қара мал сатып алды.

     Егін шаруашылығы

      Есеп беру күнге  ауданда дәнді дақылдар, картоп, көкөніс,бахша өнімдерінің егістіктері жиналып болды.

     Аудан бойынша 25418 га  дәнді дақылдар жиналып, жалпы түсімі  56936 тоннаны құрады, 1 гектардан  22,4 центнер  өнім алынды.    

     Картоп  1485 га жерден жиналып, 25601 тонна өнім алынды, 1 гектардан алған өнім  172,4 центнерді құрады.

     Көкөніс 3197 гектардан жиналып,алынған өнім көлемі 72513 тонна болды, 1 гектардан алынған өнім 226,9 центнерді құрады.

     Бахша 720 гектардан жиналды, жалпы жиналған өнім 12650 тонна болды, 1 гектардан алынған өнім 175,7 центнер құрады.

     Бүгінгі күнге  жиналуға жататын 7290 га  мақсарының, 2750 гектары жиналды, одан  алынған жалпы  өнім 3052 тонна болды, 1 гектрадан алынған  өнім 11,1 центнерді құрады.

     Май бұршақ, күнбағыс, қант қызылшасы, дәнді жұгері алқаптарының жиналуы басталған жоқ.       

     Аудан бойынша   жыл басынан 26,7 млн   теңгеге  8  дана жаңа ауыл шаруашылығы техникалары алынды. 

     Ауданда   8 АСТК (ауылдық су тұтынушылар кооперативтері) ұйымдастырылып,жұмыс жасайды.

   Ауданда  барлығы 123 га алмабақтар бар. 2008 жылдан бастап ауданда жаңа алмабақтар отырғызылуда. Осы мерзімде 32 га жаңа алмабақ отырғызылды.Оның 11 га субсидияланады. Ағымды жылы  3 жылдық алмабақтардың көшетін  күтіп-бабтауға 1,3 млн.тенге субсидия берілді.

      ЖЫЛЫЖАЙЛАР

   Ауданда  жалпы көлемі 1,53 га құрайтын  27 жылыжай бар. Оның  18 – биілғы жылы салынған. Олар:

- «Алматы» АТК (ауылдық тұтұну кооперативы)  жалпы  көлемі 0,48 га құрайтын  туннелдік оң түстік корея технологиясымен салынған 16 жылыжай;

-         «Корпорация Адал» АҚ оң түстік корея технологиясымен салынған жалпы көлемі 0,10 га  2 жылыжай.

Алматы» АТК осы жылдың аяғынадейін   жалпы көлемі 0,50га құратын 18 жылыжай салуды жоспарлап отыр.

   Жылыжайларда ағымды жылы  108 тонна  көкөніс  жиналылып, тұтұнушыларға жеткізілді.

   ҚОЙМАЛАР

   Көкөніс, картап  сақтайтын  қоймалар  желісі  дамуда. Бүгінгі күнге  аудан бойынша   жалпы сиымдылығы 10600 тоннаны құрайтын 7 көкөніс сақтайтын қойма және  жалпы сиымдылығы  1200 тоннаны құрайтын 2 картоп сақтайтын қойма бар.

    СУБСИДИЯ

    Ағымды жылы  үкімет тарапынан ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне көктемгі  егін  жұмыстарын өткізуге керекті жанар-жаңар май мен  тауарлы-заттардың бағасын арзандатуға  76,7 млн. тенге субсидия бөлінді, бұгінғі күнге  бөлінген квота толық игерілді.

   Аудан бойынша  жалпы құны  8,5 млн.тенге құрайтын 321 тонна арзандатылған минералды тынайтқыштарды сатып алынды.

   Мал шаруашылығы өнімінің  сапасымен  өнімділігін арттыруға  барлығы 1937,2 млн.тенге субсидия игерілді, асыл тұқымды малдың  дамыуын  қолдауға – 17,2 млн.тенге игерілді.

    ҚАЙТА ӨҢДЕУ

    Ауданда  39 қайтаөңдейтін кәсіпорын жұмыс жасайды. Осы жылы  олар 40,6 млрд.тенге көлеміне өнім өндірді, бұл өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 4,3 млрд.тенгеге артық.

    ЖӘРМЕНКЕЛЕР

 Жыл басынан  36 жәрменке өткізіліп, 110,0 млн.тенгеге ауыл шаруашылық өнімдері сатылды.

  Ауданда   ұлттық тағамдар сататын 2 сауда орны жұмыс жасайды. Жыл басынан  жалпы көлемі 5179,6 мың тенгеге 6615 литр қымыз, 7684 литр шубат сатылды.

       НЕСИЕ

    Ағымдаға жылы  ауылшаруашылығын дамыту үшін  «Бақ Даулет» несие серіктестігі арқылы 20 несие алушы  152,3 млн.тенге несиа алды, оның 126,9 млн.тенгесі –мал шаруашылығын дамытуға, 25,4 млн.тенгесі – егін шаруашылығын дамутуға.