БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Ауыл шаруашылық бөлімі > ҚҰЖАТ

 
Іле ауданның ауыл шаруашылығы тауарөндірушілердің немесе ауылшаркооперативтеріне НАЗАРЫНА !!!
 
21.06.2017

   

     

     "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 65 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 наурызда № 14920 болып тіркелді.

   

  Субсидиялар алушылар

      Гербицидтерді ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында сатып алуға кеткен шығындарын өтеу үшін ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы
кооперативтерін қоса алғанда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге.

 

  Субсидияларды алу шарттары


     Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
  1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация):

 2) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіде жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің (учаскелерінің) болуы.

 

     Өтінімдерді және тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдерді қабылдау тиісті жылдың 1 наурызында басталады және 10 желтоқсанында аяқталады.   

    Қосымша ақпаратты Іле ауданының ауыл шаруашылық бөлімінен алуға болады. Мекен-жайы: Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі №8, аудандық әкімшілігі, 1 қабат, № 106 кабинет, телефон 8 (72 752 ) 2 27 90.