Іле ауданы аумағында «Ұлттық аграрлық ғылыми- білім беру орталығы» коммерциалық емес АҚ-ы, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-і ұсынған 2018 жылы ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері:
1. Күздік бидай - себу мерзімі 10.09.-15.10. аралығы;
себу мөлшері 1 га 3,5-4 млн. өскін дән (180-200 кг/га), себу тереңдігі 4-5 см;
2. Жаздық арпа - себу мерзімі 30.03.-25.04 аралығы;
топырақ температурасы 0-10 см қабатында 6-7⁰ болуы шарт, себу мөлшері
1 га 3,0-3,5 млн. өскін дән (160-180 кг/га) тұқымды ең қолайлы енгізу тереңдігі 2-3 см;
3. Дәндік жүгері – ең қолайлы себу мерзімі 20.04.-25.05. аралығы;
Топырақтың себу қабатында 10-12⁰ С-қа қызғанда тұқымды себу тереңдігі 5-6 см;
4. Мақсары – құрғашылыққа өте төзімді дақыл болып келеді. Мақсарының ең жақсы себу тәсілі 45 см-ге кең қатарлы 160 мың.дән 1 га, себу мөлшерімен жүргізілуі шарт, себу мерзімі 30.03-25.04 аралығы. Топырақ температурасы 0-10 см қабатында 10-12⁰ С болуы шарт;
5. Майбұршақ – ең жоғары өнімді алу үшін майбұршақты 25.04-25.05 аралығы, топырақтың жылылығы (10-12⁰ С көтерілгенде) себу қажет, қолайлы себу тереңдігі 4-5 см;
6. Жоңышқа – негізінен жаздық дақылдардың алдында себіледі, жоңышқа тұқымы +1 +2⁰-С температурада өсе бастайды, ал шыққан өскін -10⁰-С суыққа шыдайды, себу мерзімі 01.04-20.04, 1 гектарға себу мөлшері 8-10 млн. Өскін дән, тұқымды ең қолайлы енгізу 1-2 см.
7. Еркек шөп – негінен жаздық дақылдардың алдында себіледі, тұқымы +1 +2⁰-С температурада өсе бастайды, ал шыққан өскін -5⁰-С суыққа шыдайды, себу мерзімі 05.04-30.04 аралығы, 1 гектарға себу мөлшері 15-18 кг, 4-6 млн. өскін дән, тұқымды ең қолайлы енгізу тереңдігі 2-3 см.
8. Сүрлемдік жүгері - ең қолайлы себу мерзімі 25.04.-20.05. аралығы;
Топырақтың себу қабатында 10-12⁰ С-қа қызғанда тұқымды себу тереңдігі 5-6 см;
|