БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Ауыл шаруашылық бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Ауыл шаруашылық бөлімінің 2015 жылы
атқарған жұмыстары туралы ақпарат
 
 

  2015 жылы бөлім мамандары агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жұмыстарымен айналысты.
2015-2019 жылдарға арналған аумақтардың даму бағдарламасының ауыл шарушылығы саласы бойынша болжамын жасауға қатысып, салаға тиісті болжамдар жасап, оны облыстың ауыл шаруашылығы басқармасында қорғап, аудан әкімімен бекітілді.
Бекітілген болжамға сай 2015 жылға ауыл шаруашылық егістік алқаптары ауылдық әкімдерге жеткізілді.
2011-2015 жылдарға арналған аумақтардың даму бағдарламасының болжамы қайта қарастырылып, нақтыланды.
2015 жылдың ақпан айында бөлім мамандары ауылдық округтарға барып «Көктемгі дала жұмыстарын өткізуге дайындық» тақырыбында жиналыстар өткізді.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің қатысуымен барлық ауылдық округтарда 8 жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында ауыл шаруашылығы саласында төленетін субсидиялар туралы, жанар-жағар маймен қамтасыз ету, техникалардың көктемгі дала жұмыстарына дайындығы, егістіктерді суару, туралы айтылып түсініктемелер берілді.
Сонымен қатар «Агробизнес 2020» салалық бағдарламасының орындалуы, мал шаруашылығына берілетін субсидиялар жәйлі де айтылды.
Маусым айында бөлім мамандары статистика бөлімінің мамандарымен бірге 2015 жылы егілген егістіктер есебін әр округ бойынша жинап, аудан бойынша «4-АШ» нысанды есебін дайындап облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырды.
Қазан айында бөлім мамандары статистика бөлімінің мамандарымен бірге 2015 жылы егілген егістіктерді жинау есебін әр округ бойынша жинап, аудан бойынша «29-АШ» нысанды есебін дайындап облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына өткізді.
2015 жылыдың қараша айында 2016-2020 жылдар аралығына арналған аумақтардың даму бағдарламасының ауыл шарушылығы саласы бойынша болжамы жасалып, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен келісілді.
Ай сайын ауданның мал шаруашылығының дамуы туралы «24-АШ» есебі дайындалып облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырылып отырды.
Тоқсан сайын аудан аумағындағы қайта өңдеу кәсіпорындарында өңделген ауыл шаруашылық өнімдерінің есептері жиналып облыстық басқармаға тапсырылып отырды.
Ай сайын ауыл шаруашылығы саласының дамуы туралы сараптама жасалып, қортындылыр шығарылып ауданның экономика бөліміне тапсырылып тұрды.
2015 жылы аудандық әкімдіктің алқа мәжілісінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша 4 - мәселе қарастырылды.
Аудан әкімінің аппараттық жиналысында ауыл шаруашылық саласы бойынша 3-мәселе қарастырылды.
Апта сайын бөлім мамандары:
- мал шаруашылығы саласы бойынша салалық бағдарламалардың орындалуы, қолдан ұрықтандырылған малдың есептері, мал төлдету, қой қырқу туралы мәліметтер;
- егістік шаруашылығы саласы бойынша егілген егістік алқабтары, оларды қүтіп баптау,суару, жинау, сақтандыру бойынша, жылыжайлардан жиналған өнімдер туралы мәліметтер;
- қайтаөңдеу саласы бойынша қоймалардан сақтауға салынған өнімдер, өткізілген жәрменкелер, Алматы қаласының маңындағы азықтық белдеуі бойынша, маңызды азық-түлік қалдықтары бойынша мәліметтер округтардан жиналып облыстық ауыл шаруашылық басқармасына тапсырылып отырылды.
Ауданның ауыл шаруашылық саласының әлеуетін белгілеу мақсатында 2014 жылдың қортындысы бойынша әр бір ауыл шаруашылық кәсіпорындары, шаруа қожалықтары және әр бір ауылдағы жеке қосалқы шаруашылықтар бойынша бөлім мамандары экономикалық сараптамалар жасап облыстық ауыл шаруашылық басқармасына тапсырды.
Бөлім мамандары,аудандық аумақтақ инспекция мамандарымен бірігіп шаруа қожалықтарының басшыларымен ауыл шаруашылық саласына заманауи технологияларды енгізу, минералды тынайтқыштарды қолдану, егістіктерді зиянкестіктерден сақтау тағыда басқа бағытта 9 агрооқулар өткізді.
Есеп беріп отырған жылы КазҒЗИ қасындағы «Үшқоңыр» оқу орталығында 14 шаруа қожалық басшылары мен мамандары семинарларға қатысып, біліктіліктерін көтерді.
«Ірі қара малдың асыл тұқым селекциясы. Өндірісте инновациялық технология және мал өнімдерін өңдеу» тақырыбы бойынша «Байсерке Агро» оқу орталығында 3 шаруа қожалықтарының басшылары семинарға қатысты.
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы «Жергілікті бюджеттен егін шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын жоғарлатуға төленетін субсидия Ережесін бекіту» туралы № 575 Қауылысына сәйкес ведомствоаралық комиссия құрылып, ауылшаруашылық тауарөндірушілерден субсидия алуға құжаттарын жинастырумен айналасты.
Ауданның «Іле таңы» газетінің 2015 жылғы 6 және 20 маусымдағы номірлерінде «Егін шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын жоғарлатуға, төленетін субсидия Ережесі» бекітілгені туралы және көктемгі егістік жұмыстарының жүргізетін қолайлы мерзімдері хабарланды.
Есеп беріп отырған жылы 131 ауылшаруашылық тауарөндірушілері 176,8 млн.тенге көлемінде жанар-жағар майдың және де көктемгі, күзгі дала жұмыстарын өткізуге қажетті басқада құрал-жабдықтардың бағасын арзандатуға берілетін субсидия алуға сұраныстарын берді.
- көп жылдық екпелердің бабтап өсіруіне шыққан шығынының жарым-жартысының құнын төлеуге 1 шаруа қожалығы 163 тыс.тенге субсидия алуға сұраныс берді;
-аудан бойынша 84 шаруашылық жалпы құны 16,1 млн.тенгені құрайтын арзандатылған минералды тынайтқыштарды, 26 шаруашылық жалпы құны 9,1 млн.тенгені құрайтын гербицидтерді сатып алды;
- 5 шаруашылыққа сатып алынған тұқымға 644,6 мың.тенге субсидия төленді.
-44 су тұтынушыларға суару судың бағасын арзандатуға 1,6 млн.тенге субсидия берілді.
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидалары Ережесін бекіту» туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 3-1/671 бұйрығына сәйкес 2015 жылы ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінен субсидия төлеу жайлы барлығы 60,8 млн. тенгені құрайтын 54 сұраныс түсіп, олар облыстық ауыл шаруашылық басқармасына тапсырылды.
2015 жылы ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруға субсидия алу үшін 4531 млн.тенге құрайтын 103 сұраныс түсіп, облыстық ауыл шаруашылық басқармасына тапсырылды.
Мал шаруашылығында асыл тұқымды мал басы санының есебін қалпын келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Селекциялық жұмысты одан әрі жалғастыру мақсатында ауданда ірі қара мал басын республикалық аналитикалық жүйесіне (ИАС) 2012 жылы 6322 бас енгізілсе, 2013 жылы 392 бас,2014 жылы 319 бас, 2015 жылы 420 бас енгізілді.
2015 жылы ауданға мал шаруашылығын дамытуға «Сыбаға» бағдарламасымен 247 бас ІҚМ, «Алтын асық» бағдарламасымен 240 бас қой алу, «Ырыс» бағдарламасымен 3 МТФ салу тапсырмасы берілген.
Осы бағдарламаны орындау барысында жұмыстар жүргізіліп аудан бойынша 219 бас ірі қара мал сатып алынды (Жетыген ауылдық округінен «Алтын құм» шаруа қожалығы 43 бас,Междуреченск округінен «Мыңбаев» шаруа қожалығы 55 бас, Қараой округінен «Катренова С» ШҚ- 83 бас, Күрті округінен «Көпес» ШҚ -38 бас).
Қараой округінен «Арман» шаруа қожалығы «Алтын асық» бағдарламасымен 244 бас қой сатып алды, ал Күрті округінен «Абилхан» шаруа қожалығы 500 бас қой алуға құжаттарын өткізді.
Сонымен қатар «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан Байсерке ауылдық округінен «Чанлы» шаруа қожалығы «Ырыс» бағдарламасымен 100 басқа арналған сүтті-тауарлы ферма салуға несие алды.
2015 жылы «Бақ- Дәулет» несие серіктестігі арқылы 3 шаруашылық 326 бас ірі қара, 1248 бас ұсақ мал, 10 бас жылқы алса, «Маханов У» шаруа қожалығы өз қаражатына 20 бас жылқы сатып алды.
Егін шаруашылығы бойынша егістіктерді заманауи технологияларды қолданып отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Есеп беру жылы интенсивті технологияларды қолданып 761 га майбұршақ, 3726 га дәнді жүгері, 1085 га көкөніс, 389 га картоп,539 бақша егілді, барлығы 6500га.Бұл қолданыс ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне еңбек шығынын азайтып, дақылдарды қысқа мерзімде күтіп-баптауға, тұқым мен гербицидтердің шығынын азайтуға, өнімділікті көтеріп, өнімді ерте мерзімде алуға қол жеткізді.
Ылғал сақтау технологиясын қолданылуымен 5500 га мақсары мен 9800 га масақты дәнді дақылдар, барлығы 15300 га егілді.
Тамшылатып суару әдісін қолдану 158 га құрады,оның 46 га алмабақ,10 га бахшаі, 102 га көкөніс.
2015 жылы ауданға 260 дана техника тіркеліп, 174 техника есептен шығарылды. 235 техникаға мемлекеттік номерлік белгілері берілді.246 техникаға паспорттар берілді. Мемлекеттік техникалық байқаудан 185 машиналар өтті. Тракторист-машинист күәлігі 78 адамға берілді.
Бөлім мамандарының ұйымдастыруымен ағымды жылы 50 уыл шаруашылық жәрменкелері откізілді, оның 4- облыс көлемінде Алматы, Талдықорған қалаларында, 1- жәрменке Астана қаласында ,осы жәрменкелерде 138 млн.тенгеге ауыл шаруашылық өнімдері сатылды.
2015 жылы бөлім мамандары 1638 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Бөлімге 2015 жылы жеке тұлғалардан – 2 өтініш, заңды тұлғалардан -2өтініш түсіп, оларға уақытылы жауап берілді.
Жалпы бөлімгі 2015 жылы 785 құжат келіп түссе, бөлімнен 775 құжат шығыстанды.
Бөлім ауданда өткізілетін барлық саяси,қоғамдық шараларға белсенді қатысып отырды.