БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Ауыл шаруашылық бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
2017 жылдың 10 айының қортындысы бойынша
ауыл шаруашылығының дамуы туралы
13.12.2017

                 

2017 жылдың  10 айында  ауыл  шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі  66990,8 млн. тенгені құрап, өткен жылдың осы мезгілімен  салыстырғанда   8340,2 млн.тенгеге өскен.

      Оның ішінде: мал шаруашылығы – 41131,9 млн.тенге, егін шаруашылығы  25807,9 млн.тенге,  немесе  нақты индекс көлемі аудан бойынша – 102,1 % болды.

    Егін шаруашылығы

     Үстіміздегі жылы  ауылшаруашылық дақылдарының   егістік көлемі   68825 гектарды құрап,  былтырғы жылмен салыстырғанда  588 га артты.

     Егістік көлемі ауылдық округтер бойынша, өткен жылмен салыстырғанда Жетыген округінде  863 га,  Күрті  округінде  770 га, Чапай округінде 162 га артса,   Ащыбұлақ округінде 39 га, Байсерке округінде 189 га, Қараой округінде 880 га, Междуреченск округінде 613 га азайған.

     Ақымдағы жылы  дәнді дақылдардың егістік көлемі  21450 га құрап, өткен   жылмен  салыстырғанда  4660 га  азайса  (күздік бидай 2500 га, күздік арпа 1340 га), дәнді жүгерінің алқабы 1230 га көбейді  (2016 жылы 5270 га, 2017 жылы 6500 га).

     Майлы дақылдардың  егістік көлемі  14820 га құрап, өткен   жылмен салыстырғанда  2825 га  өсті   (2016 жылы 11995 га болған), оның ішінде, майбұршақ 325 га (2016 жылы 2175 га, 2017 жылы 2500 га), мақсары (2016 жылы 8040 га, 2017 жылы 12040 га).

     Сонымен  қатар көкөністер 440 га (2016 жылы 4010 га, 2017 жылы 4450 га),  картоп 102 га (2016 жылы 1525 га, 2017 жылы 1627 га), бақша өнімдерінің алқаптары  90 га (2016 жылы 730 га, 2017 жылы 820 га) өсті. Ал азықтық дақылдардың көлемі  1791 га көбейді (2016 жылы 23867 га, 2017 жылы 25658 га).

  Ауыл шаруашылық дақылдарына озық технологияларды енгізу жұмыстары жалғастырылып,  22270 га  егістік  алқапқа, немесе  барлық егістік алқабының  33,2 % қолданылды. Озық технологияларды  енгізу жұмыстары    Междуреченск  округінде 6640 га (60,9%), Казцик  округінде   935 га (52,4%),  Жетіген округінде 2285 га (28,9 %), Ащыбұлақ  округінде   870 га(37,7%),  Қараой округінде  6663 га   (27,5%),  Байсерке  округінде  2620 га  (28,0%),   Күрті  округінде 1159 га (15,0%),  Чапай  округінде  800 га (17,6%) қолданылды.       

 Өткен жылдың деңгейінде  15300 га егістік алқапқа  ылғал сақтау әдісін қолданып  3800 га күздік масақты дәнді дақылдар, 4000 га жаздық арпа, 7500 га мақсары  себілді. 

     Үстіміздегі жылы интенсивті  технологияны  6500 га қолданып (2016 жылы 6000 га болған),  3726 га дәнді жүгері, 761 га майбұршақ, 1624 га көкөніспен  бақша, 389 га картоп отырғызылды.

     Тамшылатып суару әдісі 250 га, немесе  өткен жылмен салыстырғанда 80 га артық  қолданылды. Аталған әдіспен 145 га сүрлем жүгері, 105 га көкөніспен бақша суғарылды.

     Жаңбырлатып суару әдісін қолдану 300 га, немесе  өткен жылмен салыстырғанда 30 га ұлғайған. Бұл әдіс  жоңышқа мен картоп өсіруде пайдаланды. 

     

      Аудан  бойынша   21450 га  дәнді дақылдардың  егістік   алқабынан  67873 тонна өнім жиналып, орташа  өнімділігі  1 гектардан  31,6  цн құрады.

       14820 га майлы дақылдардан 10475 тонна өнім, немесе орташа өнімділігі 8,7 центнерден,  4450 га көкөністерден 114077 тонна өнім, орташа өнімділігі 256,4 цн, 1627 га картоптан 28229 тонна өнім, орташа өнімділігі 173,5 цн, 820 га бақшадан 22132 тонна өнім, орташа өнімділігі 269,9 цн  алынды.

       2017-2018 жылғы мал қыстату науқанын өткізуге  110,3 мың.тонна шөп, 6,4 тонна пішендеме, 11,3 мың. тонна  сабан дайындалды.

 Мал шаруашылығы    

     Ағымдағы жылдың 10 айында  ауданда  79062 тонна  ет өндірілді,  өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 111,8%  құрады, немесе    8323 тоннаға артық (2016 жылы 70739 тонна).        

     48118 тонна сүт өндіріліп, өткен жылдың осы мезгілімен 101,4 %, немесе 676 тоннаға артық (2016 жылы 47442 тонна) болды. 401 тонна жүн өндірілді(2016 жылы 398 тонна ).

     197,6 млн.дана жұмыртқа өндіріліп өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 85,9% құрады, немесе 32,4 млн.данаға(2016 жылы 230,0 млн.дана) кем өндірілді.

    Жұмыртқа өндірісінің азаюы ішкі нарықтағы бәсекелестіктің салдарын туындап отырған жағдайдың болуынан орын алды.

     2017 жылдың 1 қарашасына аудан бойынша ірі қара мал 56 775 бас, өткен жылдың  осы  мерзімімен салыстырғанда (100%), қой мен ешкінің саны – 156858 бас  (100%), құс 3134,6 мың.басты (100%) құраса, жылқы 5917 бас (103,1%), түйе 4068 бас (102,9%), шошқа 38637 бас (106,4%) болды.      

«Сыбага» бағдарламасы бойынша жылдық жоспар 300 бас ірі қара малын сатып алу керек болса, Күрті округінің 3 шаруа қожалығы 255 бас, Междуреченск округінің 1 шаруашылығы 21 бас және Ащыбұлақ округінен 1 шаруашылығы  24 бас барлығы 300 бас  іріқара малы сатып алынды, жоспар 100%-ға орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша жоспар 700 бас болса, Жетіген округінің 1 шаруашылығы 500 бас, Қараой округінің 1 шаруашылығы 164 бас және Күрті округінің 1 шаруа қожалығы 136 бас, барлығы 800 бас қой сатып алынды,  жоспар 114,2% орындалды.

«Кұлан» бағдарламасы бойынша жоспар 100 бас болса, Күрті округінің 1 шаруашылығы 20 бас, Қараой округінің 1 шаруа қожалығы 14 бас, Междуреченск округінің  1 шаруашылығы 11 бас және Ащыбұлақ округінің  1 шаруашылығы 10 бас, барлығы 55 бас жылқы сатып алынды, бағдарлама 55%-ға орындалды.

 «Бақ-Дәулет» ауылдық несиелік серіктестігі арқылы ауданның 13 ауылшаруашылық өндірушілері 106,3 млн. теңге несие алды, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға – 70,8 млн. теңге, өсімдік шаруашылығына – 35,5 млн.теңге.

         Алынған несиеге 66 бас ірі-қара, 850 бас қой, 35 бас жылқы және 1 ауылшаруашылығының құрал жабдықтары сатып алынды.

      Биылғы жылға 4 ауылшаруашылық кооперативін құру жоспарланған, есепті кезеңде 3 кооператив құрылды, 79 қосалқы шаруашылықтары біріктіріліп, 648 адам жұмысқа тартылды немесе жоспар 75%-ға орындалды. (Күрті, Ащыбулақ және Байсерке ауылдық округтерінде 2 мал сою  және 1 жүн өңдейтін пунктісі).     Техника жаңарту

      Ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері   2017 жылдың басынан бері 199,4 млн.тенгеге 20 бірлік ауыл шаруашылық техникалары сатып алынды. Ал өткен жылы 125,5 млн. тенеге 14 бірлік сатып алынған.

      Жылыжайлар

       Бүгінгі  күнге ауданда жалпы көлемі 13,66 га құрайтын 45 жылыжайлардан 457 тонна  өнім жиналып жәрменкелер мен базарларға сатылымға шығарылды.     Қоймалар.  

     Аудан бойынша   көкөніс сақтайтын   сиымдылығы  11500 тоннаны  құрайтын  9   қойма бар. Бүгінгі күнге қоймаларға сақтауға  8740 тонна  бас пияз салынды.    Сиымдылығы 5100 тонна құрайтын 6 картоп қоймасына  бүгінгі күні  3680 тонна картоп салынды.

      Жәрменкелер.

    Ауданда  Боралдай, Жетыген, Өтеген батыр  ауылдарында және Алматы қаласының «Қазақфильм» шағым ауданында    жыл басынан 45 рет  жәрменке өткізіліп, 110,0 млн.тенгенің  ауыл шаруашылық өнімдері сатылды. Сол сияқты  Алматы қаласында  3 рет облыстық жәрменке откізіліп 16,0 млн.тенгеге ауыл шаруашылық өнімдері сатылды.    Аудан шаруашылықтары Астана қаласында  өткен Алматы облысының ауыл шаруашылық жәрменкесіне қатысып, 23,0 млн мың.тенгенің  өнімдерін өткізді.    

Ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы                                             А. Юсупов