БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Ауыл шаруашылық бөлімі > ҚҰЖАТ 

 
 
 
Ауыл шаруашылығы саласының дамуы туралы
2018 жылдың 1 жартыжылдығына ақпарат
09.07.2018

         

     Мемлекеттік агроөнеркәсіп кешененіндегі бағдарламаларды жүзеге асыру қортындысы  бойынша 2018 жылдың 6 айында   ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі  29452 млн. тенгені құрады, былтырғы жылдың осы мезгілімен  салыстырғанда 4286 млн.тенгеге  артық.       Нақты индекс көлемі 103,8% болды.

      Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы бойынша 3,1 млрд. тенге субсидия төленді. Осы 6-айда ауыл шаруашылығына 646,9 млн.тенге өз қаражаттарынан инвестиция тартылды, немесе облыстық көрсеткіштің 6,4% құрады.

     Үстіміздегі  жылы «Бақ  Дәулет»  несие серіктестігі  арқылы 5 шаруашылық егін шаруашылығын дамытуға 41,4 млн.тенгеге несие алды.

             Мал шаруашылығы

       Осы есептік мерзімде  48960тонна  ет өндірілді, бұл өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 1597 тоннаға артқан (47363 тонна болған).

     Негізгі  ет  өндірумен  ауданда  ауылшаруашылығы  кәсіпорындары айналысады, олар  2018  жылдың  6 айында  47414 тонна ет өндірген, немесе  барлық өндірілген еттің 96,8%.  Өндірілген еттің құрылымы бойынша  93,1%  немесе 45595 тоннасын құс еті құрайды.

     Ауданда  құс фабрикалары  негізінен Чапаев және  Ащыбұлақ  ауылдық окургтерінің аумағында  шоғырланған. Сондықтан да  жалпы  өндірістің үлесі бойынша  еттің  93,1%, жұмыртқаның  90,2%  осы округтерге  тиесілі (Чапаевта  ет- 39,9%, жұмыртқа – 84,9%, Ащыбұлақта ет- 60,1%, жұмыртқа – 15,1%).

     Жылдың басынан бері 107,1 млн.дана жұмыртқа өндірілді, немесе өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда  19,2  млн. данаға кем. Оның басты себебі, тауарлық жұмыртқаның сыртқа нарықтан көп тасымалдану салдарынан орын алып,  «Компания Сарыбұлақ» ЖШС-де  өндіріс  азайған.

     25969 тонна сүт өндірілді,  немесе  өткен  жылдың  деңгейінде.  Ауданда өндірілген сүттің  57,1% немесе 14839 тоннасы  жеке шаруашылықтар өндірсе,  42,9% немесе  11129 тоннасы  кәсіпорындармен  шаруа  қожалықтарының  үлесіне  тиесілі.

     Өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда  кәсіпорындармен шаруа қожалықтарының  өндірген  сүті  3131 тоннаға көбейіп 12,0%  өскен.

     374,3 тонна жүн өндіріліп, орташа әрбір қойдан 3,5 кг жүн қырқылды.

     Аудан бойынша  2018 жылдың  1 шілдесіне 58113 бас ірі қара, 172598 бас қой,  құс 3549,0 мың. бас,  немесе өткен жылдың   осы  мезілімен  салыстырғанда  100,0% болды. Ал жылқы   6578 бас  болып өткен жылмен салыстырғанда  (102,1 %), түйе 4774 бас (101,9 %) болды.

     Алайда, шошқаның басы 1339 басқа азайып 37085 басты (38424 бас болған) құрады. Ал  шошқа  басының  азаюы  етке сойылуынан  орын  алды.

       Үстіміздегі жылы аудан бойынша 113 жеке шаруашылықтардың бірігуімен 1 ауыл шаруашылығы кооперативін және 200 басқа арналған жанұялық мал бордақылау алаңын  құру жоспарланып отыр.

     Ауданда 4 мал бордақылау алаңымен 3 сүтті-тауарлы ферма жұмыс істейді. Бүгінгі күнге 300 басқа арналған мал бордақылау алаңы салынуда.  Сол сияқты мал шаруашылығында мал басын көбейтумен ірі қара мал, қой тұқымдарын  түрлендіру жұмыстарын жүргізу жаслғастырылуда.

    

       Егін шаруашылығы         

     2018 жылы ауыл шаруашылық дақылдарының егістік көлемі 268 гектарға өсіп, (2017 жылы 68825 га болған)   69093 гектарды құрады, оның ішінде: масақты дәнді дақылдар    20850 гектар, күздік бидай 4500 гектар, күздік  арпа 1500 га, жаздық арпа 8150 га,  дәнді жүгері  6700 га, майлы  дақылдар 14820га, оның ішінде:  күнбағыс  280 га, майбұршақ  2500 га, мақсары 11040 га, техникалық қара сора 1000 га, картоп 1785  га, көкөністер  4590 га, бақша дақылдары   920 га,  2600 га сүрлем жүгері.  Ал мал азығына  16858 га еркек шөп және 6670 га жоңышқа   өсіріледі.

      Өткен жылмен салыстырғанда  дәнді жүгері 200 га, картоп 158 га, көкөніс  140 га, бақша 100 га,  жоңышқа 470 га көбейіп, керісінше  күздік  бидай   500 га,  күздік арпа 300 га  азайды.

       Егін шаруашылығы бойынша   егістіктерге заманауи  озық технологияларды қолданып отырғызу  жұмыстары  жалғастырылуда.   

       2018 жылы 22,6 мың.га немесе барлық егістік көлемінің  32,7 % осы технологиямен себілді.

      Заманауи озық технологияларды қолдану  ауылшаруашылық тауарөндірушілеріне еңбек шығынын азайтуға, тұқым мен гербицидтерді, суды  өз мөлшерінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар алынатын өнімнің сапасын арттырып, ерте өнім алуға қол жеткізеді.  

        Үстіміздегі жылы интенсивті технологияларды қолданып   6500 га егістік егілді.    Оның ішінде 1300 га майбұршақ,  1550 га дәнді жүгері, 1270 сүрлем жүгері, 1800 га көкөніс-бақша, 580 га картоп  егілді.

         Ылғал сақтау технологиясын қолданумен  3500 га күздік дәнді-дақылдар, 4300 га жаздық арпа, 1000 га техникалық қара сора, 6500 га мақсары, барлығы 15300 га егілді, бұл көрсеткіш өткен жылдың көлеміндей болды. 

      Былтырғы жылмен салыстырғанда тамшылатып суару әдісімен дақылдарды суару   50 гектарға артып,  300 гектарға жетті.  Бұл  әдіспен  145 га сүрлем жүгері,   155 га көкөніс-бақша дақылдары суарылады.  Ал жаңбырлатып суару әдісі 499 га қолданылып,былтырғы жылмен салыстырғанда 199 гектарға артқан. Бұл суару әдісі жоңышқа мен картоп дақылдарын суаруда қолданылуда.

      Ауыл шаруашылығында цифрлық технологияларды пайдаланудың жаңа тәжірибелері іске асуда. Атап айтсақ, егістік жерлерді электрондық картаға енгізу жұмыстары басталып, бүгінгі күні ауданның  46400 гектар егістік көлемі, немесе 60,4% электронды картаға енгізілді.

      Бүгінгі күнге масақты дәнді дақылдарды жинау жұмыстары жүргізілуде. Жинауға  жататын 14150 га алқаптың 800 га жиналып, орташа өнімділігі 16,2 ц/га құрап, 1296 тонна өнім алынды. Егін ору науқанына 33 комбайн, 41 трактор, 18 автокөлік тартылды. 

     Сонымен қатар жүгері, майбұршақ, көкөніс-бақша, картоп дақылдарын 1-2 культивациялау, қопсыту, арам шөптер мен зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу, тыңайтқыштар беру, суару жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарды жүргізуге 32 культиватор, 46 трактор, 23 бүріккіштер қатысуда.

         Аудан бойынша  2018 жылғы  мал басына  92,4 мың тонна шөп қажетті болса, азықтық дақылдарды артығымен даярлау мақсатынында 118,4 мың. тонна шөп дайындау жоспарланып отыр.    Бүгінгі күнге округтердің берген мәліметіне сәйкес   39,8 тонна шөп, оның ішінде 19,4 мың тонна жоңышқа шөбінің 1-2 шабылымынан  жиналды. Шөп дайындау науқанына  23- трактор, 19- шөпшапқыш, 14- жатка, 15- шөп престеуіштері қатысуда. 

         

        Егілген  жаздық  масақты  дәнді дақылдардың  тұқымы толығымен    «Жетысу-АгрЭкс» ЖШС-нен тексеруден өтіп, 912 тоннасы 1 кластық, 392 тоннасы  2 кластық тұқымдар, ал жүгеріге 168 тонна будандастырылған бірінші ұрпағы  қолданылды. Олар («Будан», «АСК-Техник»,   «Джантагулова» ТШ,   Ресейлік және  Венгриялық) компаниялардан сатып алынды.

        Ауданда сапалы сортты тұқым сатумен айналысатын «Семена Казахстана» ЖШС тұқым шаруашылығы жұмыс істейді.

      Зиянды организмдерге қарсы іс шаралар

        Үстіміздегі жылы жоспар бойынша  зиянды организмдерді тексеру көлемі 111,0 мың. га құрады, одан 98,77 мың.га тексеріліп 66,77 мың.га залалданған аумағы анықталды. Химиялық өңдеу жұмыстары 19,3 мың гектар жер көлеміне жүргізілді, оның ішінде  ұшақпен 8,08 мың. га, жер техникасымен 11,27 мың. га өңделді.

Атап айтқанда:

   - саяқ шегірткеге қарсы 12,66 мың.га тексерліп, залалданған аумақтың 10,84 мың. га жер көлемі өңделді.

  - үйірлі итальяндық шегірткеге қарсы 86,11 мың.га жер көлемі тексерліп, 54,41 мың га залалданған аумақ анықталды. Оның ішінде 5,15 мың. га жер көлемі өңделді.

    Зиянды организмдер қоныстанған жерлерін анықтау жұмыстары жалғастырылуда.

     Дәнді дақылдарды міндетті сақтандыру

      2018 жылы өсімдік шаруашылығында 29,6 жаздық дәнді-дақылдар міндетті сақтандырылуға жататын  болса, бүгінгі күні 461га немесе 1,55% сақтандырылды. 2017 жылы   міндетті сақтандырылуға жататын  29,4 жаздық дәнді-дақылдардың   3,7 мың.га немесе 13% сақтандырылған болатын.   

      Ауыл шаруашылық тауарөндірушілеріне көктемгі дала жұмыстарын өткізуге «Қарамай Продакс» ЖШС-і арқылы завод бағасымен (146-152,5 тенге/литр)   1240 дизель отыны бөлініп, оның 381 тоннасы алынды.  

     Жылыжай

      Ауданда жалпы көлемі 11,5  гектарлық 45 жылыжай жұмыс істейді. Есепті күнге екі дақыл айналымнан 459 тонна көкөніс өнімі алынды, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 2 тоннаға артығымен жиналған.

      Бүгінгі күні  Қараой ауылдық округінде түрік технологиясымен жалпы көлемі 2,0 гектар болатын жанұялық жылыжайдың  құрылысы жүргізілуде.

      Қойма

      Бүгінгі күні көкөніс өнімдерін сақтайтын қоймалардың жұмысы нығайып келеді. Ауданда жалпы сиымдылығы  16,6 мың тонналық, оның ішінде 9 көкөніс сақтайтын және 6 картоп сақтайтын қойма жұмыс істейді.  

       Техниканы жаңарту

       Бүгінгі күні техниканы жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы есептік мерзімде шаруашылықтар 101,0 млн. тенгеге  12 бірлік техника сатып алған. Ал 2017 жылы 285,5 млн.тенгеге 35 бірлік техника   сатып алынған.

        Жәрмеңке

       Жылдың басынан бері  Боралдай кенті, Өтеген батыр, Жетыген округтерінде және Алматы қаласының  «Қазахфильм» ықшам аудандарында 25 рет ауыл шаруашылық  жәрмеңкесі өткізіліп 104,4 млн. тенгенің ауыл шаруашылық  өнімдері сатылды. 

 

                       

Ауыл шаруашылық   бөлімінің басшысы                                А. Юсупов