2016 жылы бөлім мамандары агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жұмыстарымен айналысты.
2016-2020 жылдарға арналған аумақтардың даму бағдарламасының ауыл шарушылығы саласы бойынша болжамын жасауға қатысып, салаға тиісті болжамдар жасап, оны облыстың ауыл шаруашылығы басқармасында қорғап, аудан әкімімен бекітілді.
Бекітілген болжамға сай 2016 жылға ауыл шаруашылық егістік алқаптары ауылдық әкімдерге жеткізілді.
2012-2016 жылдарға арналған аумақтардың даму бағдарламасының болжамы қайта қарастырылып, нақтыланды.
2016 жылдың ақпан айында бөлім мамандары ауылдық округтарға барып «Көктемгі дала жұмыстарын өткізуге дайындық» тақырыбында жиналыстар өткізді.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің қатысуымен барлық ауылдық округтарда 8 жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында ауыл шаруашылығы саласында төленетін субсидиялар туралы, жанар-жағар маймен қамтасыз ету, техникалардың көктемгі дала жұмыстарына дайындығы, егістіктерді суару туралы айтылып түсініктемелер берілді.
Сонымен қатар «Агробизнес 2020» салалық бағдарламасының орындалуы, мал шаруашылығына берілетін субсидиялар жәйлі де айтылды.
Маусым айында бөлім мамандары статистика бөлімінің мамандарымен бірге 2016 жылы егілген егістіктер есебін әр округ бойынша жинап, аудан бойынша «4-АШ» нысанды есебін дайындап облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырды.
Қазан айында бөлім мамандары статистика бөлімінің мамандарымен бірге 2016 жылы егілген егістіктерді жинау есебін әр округ бойынша жинап, аудан бойынша «29-АШ» нысанды есебін дайындап облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына өткізді.
2016 жылдың қараша айында 2016-2020 жылдар аралығына арналған аумақтардың даму бағдарламасының ауыл шарушылығы саласы бойынша болжамы жасалып, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен келісілді.
Ай сайын ауданның мал шаруашылығының дамуы туралы «24-АШ» есебі дайындалып облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырылып отырды.
Тоқсан сайын аудан аумағындағы қайта өңдеу кәсіпорындарында өңделген ауыл шаруашылық өнімдерінің есептері жиналып облыстық басқармаға тапсырылып отырды.
Ай сайын ауыл шаруашылығы саласының дамуы туралы сараптама жасалып, қортындылыр шығарылып ауданның экономика бөліміне тапсырылып тұрды.
2016 жылы аудандық әкімдіктің алқа мәжілісінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша 4 - мәселе қарастырылды.
Аудан әкімінің аппараттық жиналысында ауыл шаруашылық саласы бойынша 3-мәселе қарастырылды.
Апта сайын бөлім мамандары:
- мал шаруашылығы саласы бойынша салалық бағдарламалардың орындалуы, қолдан ұрықтандырылған малдың есептері, мал төлдету, қой қырқу туралы мәліметтер;
- егістік шаруашылығы саласы бойынша егілген егістік алқабтары, оларды қүтіп баптау,суару, жинау, сақтандыру бойынша, жылыжайлардан жиналған өнімдер туралы мәліметтер;
- қайта өңдеу саласы бойынша қоймалардан сақтауға салынған өнімдер, өткізілген жәрменкелер, Алматы қаласының маңындағы азықтық белдеуі бойынша, маңызды азық-түлік қалдықтары бойынша мәліметтер округтардан жиналып облыстық ауыл шаруашылық басқармасына тапсырылып отырылды.
Ауданның ауыл шаруашылық саласының әлеуетін белгілеу мақсатында 2015 жылдың қортындысы бойынша әр бір ауыл шаруашылық кәсіпорындары, шаруа қожалықтары және әр бір ауылдағы жеке қосалқы шаруашылықтар бойынша бөлім мамандары экономикалық сараптамалар жасап облыстық ауыл шаруашылық басқармасына тапсырды.
Бөлім мамандары,аудандық аумақтақ инспекция мамандарымен бірігіп шаруа қожалықтарының басшыларымен ауыл шаруашылық саласына заманауи технологияларды енгізу, минералды тынайтқыштарды қолдану, егістіктерді зиянкестіктерден сақтау тағыда басқа бағытта 14 агрооқулар өткізді.
Есеп беріп отырған жылы КазҒЗИ қасындағы «Үшқоңыр» оқу орталығында 12 шаруа қожалық басшылары мен мамандары семинарларға қатысып, біліктіліктерін көтерді.
«Ірі қара малдың асыл тұқым селекциясы. Өндірісте инновациялық технология және мал өнімдерін өңдеу» тақырыбы бойынша «Байсерке Агро» оқу орталығында 3 шаруа қожалықтарының басшылары семинарға қатысты.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 317 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 тамызда 14104 болып тіркелген "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, ведомствоаралық комиссия құрылып, ауылшаруашылық тауарөндірушілерден субсидия алуға құжаттарын жинастырумен айналасты.
Ауданның «Іле таңы» газетінің 2016 жылғы 3 және 17 маусымдағы №29(4663), 31(4665) номірлерінде "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау туралы және көктемгі егістік жұмыстарының жүргізетін қолайлы мерзімдері хабарланды.
Есеп беріп отырған жылы 142 ауылшаруашылық тауарөндірушілері 159,5 млн.тенге көлемінде басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау арқылы төленді.
-аудан бойынша 55 шаруашылық жалпы құны 35,4 млн.тенгені құрайтын арзандатылған минералды тынайтқыштарды, 28 шаруашылық жалпы құны 15,1 млн.тенгені құрайтын гербицидтерді сатып алды;
- 33 шаруашылыққа сатып алынған тұқымға 14,7млн.тенге субсидия төленді.
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидалары Ережесін бекіту» туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 3-1/671 бұйрығына сәйкес 2016 жылы ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінен субсидия төлеу жайлы барлығы 60,8 млн. тенгені құрайтын 54 сұраныс түсіп, олар облыстық ауыл шаруашылық басқармасына тапсырылды.
2016 жылы ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруға субсидия алу үшін 4531 млн.тенге құрайтын 103 сұраныс түсіп, облыстық ауыл шаруашылық басқармасына тапсырылды.
Мал шаруашылығында асыл тұқымды мал басы санының есебін қалпын келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Селекциялық жұмысты одан әрі жалғастыру мақсатында ауданда ірі қара мал басын республикалық аналитикалық жүйесіне (ИАС) 2012 жылы 6322 бас енгізілсе, 2013 жылы 392 бас, 2014 жылы 319 бас, 2015 жылы 420 бас, 2016 жылы 432 бас енгізілді.
2016 жылы ауданға мал шаруашылығын дамытуға «Сыбаға» бағдарламасымен 370 бас ІҚМ, «Алтын асық» бағдарламасымен 800 бас қой алу, «Құлан» бағдарламасымен 50 бас жылқы тапсырмасы берілген.
Осы бағдарламаны орындау барысында жұмыстар жүргізіліп аудан бойынша 384 бас ірі қара мал сатып алынды (Ащыбұлақ ауылдық округінен «Жарболов» шаруа қожалығы 60 бас, Междуреченск округінен «Демеу» шаруа қожалығы 68 бас, Күрті округінен «Абдрахманов» ШҚ 56 бас, «Садырбаева» ШҚ 200 бас).
Казцик округінен «Ермахан» шаруа қожалығы 415 бас, Күрті округінен «Абилхан» шаруа қожалығы 288 бас «Алтын асық» бағдарламасымен қой сатып алса, Қараой округінен «Асем-Ай» шаруа қожалығы «Құлан» бағдарламасымен 54 бас жылқы сатып алды.
2016 жылы «Бақ- Дәулет» несие серіктестігі арқылы 8 шаруашылық 190 бас ірі қара, 564 бас ұсақ мал, 25 бас жылқы алса, 2 шаруашылық техника сатып алуға және айналымға қаражат алған.
Егін шаруашылығы бойынша егістіктерді заманауи технологияларды қолданып отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Есеп беру жылы интенсивті технологияларды қолданып 761 га майбұршақ, 3726 га дәнді жүгері, 1085 га көкөніс, 389 га картоп, 539 бақша егілді, барлығы 6500га. Бұл қолданыс ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне еңбек шығынын азайтып, дақылдарды қысқа мерзімде күтіп-баптауға, тұқым мен гербицидтердің шығынын азайтуға, өнімділікті көтеріп, өнімді ерте мерзімде алуға қол жеткізді.
Ылғал сақтау технологиясын қолданылуымен 5500 га мақсары мен 9800 га масақты дәнді дақылдар, барлығы 15300 га егілді.
Тамшылатып суару әдісін қолдану 158 га құрады,оның 46 га алмабақ,10 га бақша, 102 га көкөніс.
2016 жылы ауданға 238 дана техника тіркеліп, 174 техника есептен шығарылды. 222 техникаға мемлекеттік номерлік белгілері берілді. 185 техникаға паспорттар берілді. Мемлекеттік техникалық байқаудан 216 машиналар өтті. Тракторист-машинист куәлігі 86 адамға берілді.
Бөлім мамандарының ұйымдастыруымен ағымды жылы 54 ауыл шаруашылық жәрменкелері откізілді, оның 4 - облыс көлемінде Алматы, Талдықорған қалаларында, 2- жәрменке Астана қаласында ,осы жәрменкелерде 189 млн.тенгенің ауыл шаруашылық өнімдері сатылды.
2016 жылы бөлім мамандары 1401 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Бөлімге 2016 жылы жеке тұлғалардан – 9 өтініш, заңды тұлғалардан -8 өтініш түсіп, оларға уақытылы жауап берілді.
Жалпы бөлімгі 2016 жылы 574 құжат келіп түссе, бөлімнен 532 құжат шығыстанды.
Бөлім ауданда өткізілетін барлық саяси, қоғамдық шараларға белсенді қатысып отырды.
|