БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Ауыл шаруашылық бөлімі > ҚҰЖАТ 

 
 
 
Ауыл шаруашылығы саласының дамуы туралы
2018 жылдың 7 айына анықтама
08.08.2018

         

    

Мемлекеттік агроөнеркәсіп кешененіндегі бағдарламаларды жүзеге асыру қортындысы  бойынша 2018 жылдың 7 айында   ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі  38 886,0 млн. тенгені құрап, былтырғы жылдың осы мезгілімен  салыстырғанда 6872,0 млн.тенгеге  өскен.       Нақты индекс көлемі 101,8% болды.

      Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы бойынша 3,1 млрд. тенге субсидия төленді. Осы 7-айда ауыл шаруашылығына 1275,0 млн.тенге өз қаражаттарынан инвестиция тартылып  облыстық көрсеткіштің 8,5% құрады.

     Үстіміздегі  жылы «Бақ  Дәулет»  несие серіктестігі  арқылы 4 шаруашылық айналым қаражатқа  16,4 млн.тенге, 1 шаруашылық ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға 25,0 млн. тенге несие алған.

             Мал шаруашылығы

       Осы есептік мерзімде  56867 тонна  ет өндірілді, бұл өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 1657 тоннаға артқан (2017 жылы 55210 тонна болған).

     Негізгі  ет  өндірумен  ауданда  ауылшаруашылығы  кәсіпорындары айналысады. Кәсіпорындар  2018  жылдың  7 айында  55193 тонна ет өндірген, немесе  барлық өндірілген еттің 97,0%.  Өндірілген еттің құрылымы бойынша  93,0%  немесе 53008 тоннасын құс еті құрайды.

     Ауданда  құс фабрикалары  негізінен Чапаев және  Ащыбұлақ  ауылдық окургтерінің аумағында  шоғырланған. Сондықтан да  жалпы  өндірістің үлесі бойынша  еттің  93,0%, жұмыртқаның  90,0%  осы округтерге  тиесілі (Чапаев округінде ет- 37,0%, жұмыртқа – 76,0%, Ащыбұлақта ет- 56,0%, жұмыртқа – 14,0%).

     Жылдың басынан бері 122,3 млн.дана жұмыртқа өндірілді, немесе өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда  19,9  млн. данаға кем (2017 жылы 142,2 млн.дана болған). Оның басты себебі, тауарлық жұмыртқаның сырттан көп тасымалдану салдарынан «Компания Сарыбұлақ» ЖШС-де   өндіріс  азайған.

     31905 тонна сүт өндірілді,  немесе өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда  1371  аз өндірілген (2017 жылы 142,2 млн.дана болған). немесе  өткен  жылдың  деңгейінде.  Ауданда өндірілген сүттің  56.0% немесе 17871 тоннасы  жеке шаруашылықтар өндірсе,  44.0% немесе  14035 тоннасы  кәсіпорындармен  шаруа  қожалықтарының  үлесіне  тиесілі.

     Өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда  үй шаруашылықтарының  өндірген  сүті  6433 тоннаға, немесе 20,0%  азайған.

     374,3 тонна жүн өндіріліп өткен жылдың осы мезгілінің деңгейінде болды.

     Аудан бойынша  2018 жылдың  1 тамызына  қой 159102 басты құрап, өткен жылдың   осы  мезілімен  салыстырғанда  100,0% болды. Ал жылқы   6197 бас  болып өткен жылмен салыстырғанда  (102,0 %), түйе 4539 бас (109,0 %) болды.

     Алайда, ірі қара малдың басы 1549 басқа азайып, 55150 басты, шошқа 6903 басқа азайып 34389 басты құрады(2017 жылы 41292 бас болған). Ірі қара мал басының азаю себебі, «Междуреченск Агро» ЖШС-де өнімсіз  малдарды ауыстырумен және үй шаруашылығындағы мал басының азаюынан болса,  шошқа  басының  азаюы  етке сойылуынан  орын  алған.

            Ауданда сыйымдылығы 800 басқа арналған 4 мал бордақылау алаңымен, 925 басқа арналған 3 сүтті-тауарлы ферма жұмыс істейді. Олардағы сыйымдылықтың жүктелуі 46 %  және 100 %  құрайды.

       Бүгінгі күнге Энергетик округінде 300 басқа арналған мал бордақылау алаңы салынуда.  Сол сияқты мал шаруашылығында мал басын көбейту, тұқымдық түрлендіру, мал бордақылау алаңдарына бұқашықтар өткізу және сыртқа сиыр етін бойынша  жұмыстар жалғастырылуда.    

       Егін шаруашылығы         

     2018 жылы ауыл шаруашылық дақылдарының егістік көлемі 268 гектарға өсіп, (2017 жылы 68825 га болған)   69093 гектарды құрады, оның ішінде: масақты дәнді дақылдар    20850 гектар, күздік бидай 4500 гектар, күздік  арпа 1500 га, жаздық арпа 8150 га,  дәнді жүгері  6700 га, майлы  дақылдар 14820га, оның ішінде:  күнбағыс  280 га, майбұршақ  2500 га, мақсары 11040 га, техникалық қара сора 1000 га, картоп 1785  га, көкөністер  4590 га, бақша дақылдары   920 га,  2600 га сүрлем жүгері.  Ал мал азығына  16858 га еркек шөп және 6670 га жоңышқа   өсіріледі.

      Өткен жылмен салыстырғанда  дәнді жүгері 200 га, картоп 158 га, көкөніс  140 га, бақша 100 га,  жоңышқа 470 га көбейіп, керісінше  күздік  бидай   500 га,  күздік арпа 300 га  азайды.

       Егін шаруашылығы бойынша   егістіктерге заманауи  озық технологияларды қолданып отырғызу  жұмыстары  жалғастырылуда.   

       2018 жылы 22,6 мың.га немесе барлық егістік көлемінің  32,7 % осы технологиямен себілді.

      Заманауи озық технологияларды қолдану  ауылшаруашылық тауарөндірушілеріне еңбек шығынын азайтуға, тұқым мен гербицидтерді, суды  өз мөлшерінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар алынатын өнімнің сапасын арттырып, ерте өнім алуға қол жеткізеді.  

        Үстіміздегі жылы интенсивті технологияларды қолданып   6500 га егістік егілді.    Оның ішінде 1300 га майбұршақ,  1550 га дәнді жүгері, 1270 сүрлем жүгері, 1800 га көкөніс-бақша, 580 га картоп  егілді.

         Ылғал сақтау технологиясын қолданумен  3500 га күздік дәнді-дақылдар, 4300 га жаздық арпа, 1000 га техникалық қара сора, 6500 га мақсары, барлығы 15300 га егілді, бұл көрсеткіш өткен жылдың көлеміндей болды. 

      Былтырғы жылмен салыстырғанда тамшылатып суару әдісімен дақылдарды суару   50 гектарға артып,  300 гектарға жетті.  Бұл  әдіспен  145 га сүрлем жүгері,   155 га көкөніс-бақша дақылдары суарылады.  Ал жаңбырлатып суару әдісі 499 га қолданылып,былтырғы жылмен салыстырғанда 199 гектарға артқан. Бұл суару әдісі жоңышқа мен картоп дақылдарын суаруда қолданылуда.

      Ауыл шаруашылығында цифрлық технологияларды пайдаланудың жаңа тәжірибелері іске асуда. Атап айтсақ, егістік жерлерді электрондық картаға енгізу жұмыстары басталып, бүгінгі күні ауданның  46400 гектар егістік көлемі, немесе 60,4% электронды картаға енгізілді.

      Бүгінгі күнге картоп- көкөніс, бақша  дақылдарын жинау жұмыстары жүргізілуде.  Жинауға  жататын 1785 га картоп  алқабының 1450 га жиналып, орташа өнімділігі 173,5 ц/га құрап  25157 тонна, 4590 га көкөніс алқабының 2670 га жиналып, орташа өнімділігі 250,8 ц/га құрап  67013 тонна, 920 га бақша дақылдарының 729 га жиналып,  орташа өнімділігі 270  ц/га құрап  19683 тонна өнім алынды.

          2018 – 2019  жылғы  мал қыстату науқанына 118,4 тонна шөп дайындау жоспарланып, бүгінгі күнге 97,5 тоннасы , немесе 82,3% дайындалды. Шөп дайындау науқаны жалғастырылдуда. Оған  23- трактор, 19- шөпшапқыш, 14- жатка, 15- шөп престеуіштері қатысуда. 

         

 

       Егілген  жаздық  масақты  дәнді дақылдардың  тұқымы толығымен    «Жетысу-АгрЭкс» ЖШС-нен тексеруден өтіп, 912 тоннасы 1 кластық, 392 тоннасы  2 кластық тұқымдар, ал жүгеріге 168 тонна будандастырылған бірінші ұрпағы  қолданылды. Олар («Будан», «АСК-Техник»,   «Джантагулова» ТШ,   Ресейлік және  Венгриялық) компаниялардан сатып алынды. Сапалы сортты тұқым сатумен ауданда  «Семена Казахстана» ЖШС тұқым шаруашылығы жұмыс істейді.

        Үстіміздегі жылы жоспар бойынша  зиянды организмдерді тексеру көлемі 111,0 мың. га құрады, одан 98,77 мың.га тексеріліп 66,77 мың.га залалданған аумағы анықталды. Химиялық өңдеу жұмыстары 19,3 мың гектар жер көлеміне жүргізілді, оның ішінде  ұшақпен 8,08 мың. га, жер техникасымен 11,27 мың. га өңделді.

Атап айтқанда:

   - саяқ шегірткеге қарсы 12,66 мың.га тексерліп, залалданған аумақтың 10,84 мың. га жер көлемі өңделді.

  - үйірлі итальяндық шегірткеге қарсы 86,11 мың.га жер көлемі тексерліп, 54,41 мың га залалданған аумақ анықталды. Оның ішінде 5,15 мың. га жер көлемі өңделді.

      Міндетті сақтандырылуға жататын  29,6 га  жаздық дәнді-дақылдардың 900 га сақтандырылды, немесе 3,0 %.

      Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 576 тонна дизель отыны бөлініп, 60 тоннасы «Қарамай Продакс» ЖШС-і  арқылы  162 л/теңгеден алынды.

      Техниканы жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы есептік мерзімде шаруашылықтармен 101,0 млн. тенгеге  12 бірлік техника сатып алынды.

      Ауданда жалпы көлемі 11,5  гектарлық 45 жылыжай, жалпы сиымдылығы  16,6 мың тонналық, оның ішінде 9 көкөніс сақтайтын және 6 картоп сақтайтын қойма жұмыс істейді. Сол сияқты  Қараой ауылдық округінде түрік технологиясымен жалпы көлемі 2,0 гектар болатын жанұялық жылыжайдың  құрылысы жүргізілуде.

        Есепті күнге аудан бойынша  электрондық картаға енгізілуге тиісті 74 712 гектар  егістік жерлерінің  64102,12  гектары (437 шаруашылықтың 1901 егістік телімі) немесе 72,4 %  пайызы  енгізілді. 

       Жылдың басынан бері  Боралдай кенті, Өтеген батыр, Жетыген округтерінде және Алматы қаласының  «Қазахфильм» ықшам аудандарында 29 рет ауыл шаруашылық  жәрмеңкесі өткізіліп 123,2 млн. тенгенің ауыл шаруашылық  өнімдері сатылды. 

 

      Ауыл шаруашылық  бөлімінің басшысы                                А. Юсупов