Іле ауданының 2011 жылғы бюджетінің
шығыстары бойынша орындалуы туралы есебі
Іле ауданының бюджетінің кірістер бөлігі 2011 жылы түзетілген бюджет жоспары бойынша қаралғаны 29 957 775,0 мың теңгенің орнына 30 787 663,3 мың теңге болып орындалып аудан бюджетіне жоспардан тыс 829791,2 мың теңге қаражат артығымен түсті немесе 102,9 пайызға орындалды. Оның ішінде: облыстық бюджеттен түскен ағымдағы және даму трансферттер сомасы 5 987 163,0 мың теңгені немесе аудан бюджеті кірістерінің 21 пайызын құрады.
Шығындар бойынша 29 927 747,6 мың теңге, жинақталған қаржыландыру жоспарының мәліметіндегі міндеттеме және төлемдер бойынша 29 957 775 мың теңгеге яғни 99,9 пайызға орындалды немесе орындалмаған сомасы 30 027,4 мың теңгені төмендегі шығындар бойынша құрады . Оның ішінде:
11392 мың теңге білім беру мекемелері бойынша мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерінің біліктілік санаттарын көтеруге республикалық бюджеттің трансферттері есебінен қарастырылған қосымша қаражат категориясы жоқ мұғалімдерге төленбегендіктен қалған үнем ;
4495,5 мың теңге Батыс Европа және Кытай жолдарын салуға 5- объектінің жер телімдерін сатып алудан қалған;
477,5 мың теңге Байсерке ауылының сумен жабдықтау жүйесі құрылысының жсқ әзірлеуден 5 пайыздық төлемі;
1378,7 мың теңге жас мамандарды қолдау бойынша кредиттік үй сатып алуға тапсырыстың болмауына байланысты;
1385,9 мың теңге жас мамандарға кредиттік үй сатып алуға сенімді өкілдің қызметіне қарастырылған қаражат ;
6145,5 мың теңге білім беру мекемелері бойынша химия кабинетін жабдықтаудан тауарлар өз уақытында жеткізілмегендіктен орындалмады;
3562,8 мың теңге ауданның Оңтүстігін электрқуатымен қамтамасыз етуден қалған тендерлік үнем;
1186,2 мың теңге ерекшеліктер бойынша тендерлік , коммуналдық шығындардан қалыптасқан және жоспарды дөңгелектеу есебінен қалған қалдықтар. Жалпы алғанда 2011 жылы орындалмаған трансферттер сомасы -21988,2 мың теңгені бюджеттік кредиттер-1378,7 мың теңгені құрады
Жыл бойы Іле аудандық мәслихаттың 18.02.2011 ж.№39-157; 24.03.2011 ж.№45-184; 15.04.2011 ж.№46-190; 19.07.2011 ж.№48-201; 21.10.2011 ж.№51-212; 12.11.2011 ж.№52-215; 23.12.2011 ж.№54-225 шешімдерімен аудан бюджетінің көлемі 7 рет нақтыланды.
Немесе бекітілген аудан бюджетінің көлемі 1961114,0 мың теңгеге ұлғайтылған, оның ішінде: салық түсімдері 896926,0 мың теңгеге көбейген, салық емес түсімдер-32592 мың теңге, негізгі капиталдан түсетін түсімдер-129951 мың теңгеге ұлғайтылған, ресми трансферттер-901645 мың теңгеге ұлғайтылған .
2011 жылдың 1 қаңтарына қалған бюджет қаражатының бос қалдықтары -1191714,9 мың теңгені құраса 1186278,0 мың теңге бюджет қаражатының бос қалдықтары жылдың басынан бері төмендегідей мақсаттарға жұмсалынды:
Жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу-50400 мың теңге, 2010 жылы пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтаруға-9654 мың теңге, «Балапан» бағдарламасы бойынша бала-бақшаларды материалды техникалық жарақтандыруға-9155 мың теңге, «Балапан» бағдарламасы бойынша Боролдай кентіндегі бала-бақшаны күрделі жөндеуге-132918 мың теңге, Балапан бағдарламасы бойынша аудан аймағындағы 6 бала-бақшаны ұстауға-19890 мың теңге, Әлеуметтік сала мамандарын тұрғын-үй алуға бюджеттік кредиттеу үшін сенімді өкілдің қызметіне-1441 мың теңге, Түймебаев атындағы 900 орындықты, Жаңа Арна ауылындағы 180 орынды мектеп құрылысына -348900 мың теңге, 20 пәтерлі коммуналдық тұрғын-үй салу және жсқ әзірлеуге-32292 мың теңге, Өтеген батыр кентіндегі икж дамыту және жайластыру жұмыстарына-123516 мың теңге, Боролдай ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысын аяқтауға-1527 мың теңге, елді мекендердің бас жоспарын әзірлеуге-71600 мың теңге, бюджетті қаржыландыру бойынша Парус бағдарламасын ұстауға-600 мың теңге, Іле су жүйесі және канализация МКК қажетті техника сатып алуға (жарғылық капиталды ұлғайтуға)-30000 мың теңге, Мәдениет үйлері бойынша қосымша 15 штаттық бірлікті ұстауға және 2 спектакль қоюға-13385 мың теңге, Первомай кентіндегі жылу жүйелерін газға ауыстыруға -46000 мың теңге, Междуреченский ауылына трансформаторлық подстанцияны құруға-130000 мың теңге, Іле ауданының электр жүйелерін күрделі жөндеуге-100000 мың теңге, білім беру мекемелері бойынша 8 мектепті газға ауыстыруға-65000 мың теңге шығындалды.
2011 жылдың аяғына бюджет қаражатының бос қалдықтары-865352,4 мың теңгені құрады, оның ішінде:
-аудандық бюджет кірістерінің болжамдық жоспарын артық орындау есебінен -829791,2 мың теңге;
- 2012 жылдың басына қалған бюджет қаражатының бос қалдығы-5436,8мың теңге ;
-бюджет шығындарын жете игермеу есебінен-28648,6 мың теңге;
-бюджеттік кредиттерді өтеуден түскен түсім-97,1 мың теңге;
-бюджеттік кредиттерді толық игермеу себебінен-1378,7 мың теңге.
Шығындар
Бюджеттің шығындар бөлігі төмендегідей көрсеткіштермен сипатталады
Түрлері
|
2011 жылға нақтыланған бюджет
|
2011 жылға қаржыландарудың жинақталған жоспары
|
кассалық орындау
|
орындау %
|
Меншіктік шығындарға шаққандағы үлесі
|
Орындалмаған сомасы
|
I .Кірістер
|
28463733
|
28463733
|
29293524,2
|
102,9
|
|
+829791,2
|
1.Салық түсімдер
|
22 291 346
|
22 291 346
|
22 947 324,8
|
102,9
|
|
+655 978,8
|
2. Салықтан тыс түсімдер
|
37792
|
37792
|
48541,8
|
128,4
|
|
+10749,8
|
3. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
|
147 432
|
147 432
|
310 494,6
|
210,6
|
|
+163062,6
|
4. Трансферттердің түсімдері
|
5 987 163
|
5 987 163
|
5 987 163
|
100
|
|
0
|
II. Шығындар
|
29 831 221
|
29 831 221
|
29 802 572,3
|
99,9
|
|
-28648,7
|
1.Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
|
288070
|
288070
|
288048,7
|
100
|
|
-21,3
|
2.Қорғаныс
|
33745
|
33745
|
33720
|
99,9
|
|
-25
|
3.Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік
|
5862
|
5862
|
5861,2
|
100
|
|
-0,8
|
4.Білім беру
|
5052675
|
5052675
|
5035002,5
|
99,7
|
|
-17672,5
|
6.Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру
|
291471
|
291471
|
291464,1
|
100
|
|
-6,9
|
7.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
|
6108375
|
6108375
|
6098901,9
|
99,8
|
|
-9473,1
|
8.Мәдениет ,спорт,туризм және ақпараттық кеңістік
|
250445
|
250445
|
250432,9
|
100
|
|
-12,1
|
10.Ауыл,су,орман,балық шаруашылығы,қоршаған ортаны қорғау
|
111546
|
111546
|
110124,6
|
98,7
|
|
-1421,4
|
11.Сәулет,қала құрылысы және құрылыс қызметі
|
85154
|
85154
|
85142,6
|
100
|
|
-11,4
|
12.Көлік және коммуникация
|
652495
|
652495
|
652495
|
100
|
|
0
|
13.Басқалар
|
52661
|
52661
|
52657,9
|
100
|
|
-3,1
|
15.Арнайы трансферттер
|
16898708
|
16898708
|
16898706,8
|
100
|
|
-1,2
|
Қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо
|
|
|
|
|
|
0
|
Бюджеттің тапшылығы
|
-1394537
|
-1394537
|
-534621,4
|
|
|
0
|
Бюджет тапшылығын қаржыландыру
|
1394537
|
1394537
|
534621,4
|
|
|
0
|
Қарыздардың түсімі
|
307764
|
307764
|
307764
|
|
|
0
|
Қарыздарды өтеу
|
99505
|
99505
|
99505
|
100
|
|
0
|
Есеп беру жылының аяғындағы бюджет қаражатының бос қалдығы
|
1186278
|
1186278
|
1186278
|
100
|
|
0
|
1 функционалдық топ “Мемлекеттік қызметтің жалпы сипаты” бойынша шығындар 288048,7 мың теңгеге немесе 100 пайызға орындалды. Басқару органдары бойынша еңбекақы аударымдарымен бірге-156 466,7 мың теңгеге орындалды , басқару органдарына компьютерлер 7702,6 мың теңгеге сатып алынды және әкім аппаратына 5 қызметтік автокөлік 28 268 мың теңгеге және экономика бөліміне 2984 мың теңгеге қызметтік автокөлік сатып алынды , 11 селолық әкімшіліктерге жалпы сомасы 2316,6 мың теңгегені құрайтын 11 дана компьютерлер алынды,бір компьютерге шаққандағы құны 210,7 мың теңгені құрайды.
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі 122106 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін аудан әкімінің резервінен» -10070 мың теңге төмендегідей шығындарға жұмсалынды: Боролдай ауылындағы Водник-1 ықшамауданындағы №45 тұрғын үйдің су құбырындағы апаттық жағдайын жою үшін -2400мың теңге, Ақший ауылының Қаратөбе,Қараой ,Аққорасай жоталарының су тасқыны мен сел ағындарына қарсы каналды қайта қалпына келтіруге 3657 мың теңге,Чапай ауылдық округінің Көктем бау -бақша серіктестігіне Қаскелен өзен арнасы қалпына келтіру жұмыстарына 1880 мың теңге, М.Түймебаев ауылындағы Терень-Кара арнасын қалпына келтіру жұмыстарына 877 мың теңге, Первомай кентінің жылыту жүйесін қалпына келтіру 1256 мың теңге
2 функционалдық топ “Қорғаныс” бойынша шығындар 33720 мың теңгеге немесе 99,9 пайызға орындалды . Оның ішінде: жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шараларға 1050 әскерге шақырылғандарды тасымалдауға 980 мың теңге қаражат жұмсалынды Сондай –ақ , облыстың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларын жоюға арналған төтенше резервінен аудан көлеміндегі төтенше жағдайларға қосымша 32740 мың теңге қаражат төмендегідей шараларға жұмсалынды:
- Өтеген батыр кентінің кәріз коллекторындағы апатты жағдайды жоюға-12987 мың теңге;
-Первомай кентінің Жамбыл көшесіндегі қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты химиялық қалдықтарды жоюға -5500 мың теңге;
-Өтеген батыр кентінің Алмерек арнасын қалпына келтіруге-14253 мың теңге қаражат жұмсалынып толығымен 100 пайызға игерілді.
3 функционалдық топ “Қоғамдық тәртіп,қауіпсіздік,құқық сот, қылмыстық - атқару қызметі” бойынша шығындар 5861,2 мың теңгеге немесе 100 пайызға игерілді,оның ішінде: ауданның 14 елді мекенінде 202 жол белгілері тұрғызылып 526 кв.м жол жиектерін белгілеуге 1734 мың тенге жұмсалынды. Өтеген батыр, Байсерке және Боралдай ауылдарында жалпы саны 7 бағдаршамның қызмет көрсетуіне 1495,2 мың тенге жұмсалды. Боролдай ауылындағы бағдаршамды жөндеу жұмыстарына 2632 мың теңге жұмсалынды.
4 функционалдық топ “Білім беру” бойынша шығын 5035002,5 мың теңге, жинақталған қаржыландыру жоспары бойынша 5052675 мың теңгеге немесе 99,7 пайызға орындалды. Орындалмаған сомасы 17672,5 мың теңге, оның ішінде: мұғалімдердің біліктілік талаптарына төленетін қосымша қаражаттан үнем 11392 мың теңге және химия кабинетін жабдықтаудан тауарлар өз уақытында жеткізілмегендіктен қалған қаражат 6145,5 мың теңгені құрады.
003 бағдарламасы “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының қызметін қамтамасыз ету” бойынша шығын 350422,1 мың теңге,яғни 100 пайызға игерілді.Аудандағы орналасқан 5 бала-бақша бойынша мектепке дейінгі оқытумен берілген мемлекеттік тапсырысты орнықтыруға 118257 мың теңге игерілді,оның ішінде еңбекақы аударымдарымен бірге -101788,8 мың теңге, 141 ерекшелігі бойынша -1551,1 мың теңге,142 ерекшелігі бойынша -52,3 мың теңге. Балапан бағдарламасы бойынша ауданда ашылған 6 бала-бақшаға яғни, Боролдай кентінде ашылған «Балдаурен», «Балауса» бала-бақшасы,Первомай кентіндегі «Белый лебедь»,Чапай ауылындағы «Нурарай», Отеген батыр кентіндегі «Солнышко» бала-бақшасы республикалық қаражаттың есебінен 83512 мың теңге қаражат бөлініп толығымен игерілді . «Балапан» бағдарламасы бойынша 40 топ ашылып 850 балаға бала-бақшаға қабылданды. ҚР Үкіметінің 2008 жылдың 30 қаңтарындағы №77 қаулысына «Білім беру мекемелеріне арналған типтік штаттарға» сәйкес 237,2 штаттық бірліктер жұмыс орнымен қамтылды .
Боролдай ауылындағы «Балдаурен » бала бақшасының 2-ші корпусын күрделі жөндеу жұмыстарына 133268,5 мың. тенгеге жұмсалынды және материалдық-техникалық жарақтандырылуға 9155 мың теңгеге жаңадан ашылған 13 топқа қажетті тұрмыстық техникалар, музыкалық аспаптар, дабылқаққыш жихаздар сатып алынды. Түймебаев ауылында ашылатын бала бақшаның жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге-1934 мың теңге қаражат жұмсалынды.
005 бағдарламасы “Ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру” бойынша шығын 10165,3 мың теңгеге немесе 100 пайызға орындалды .Балаларды тегін тасымалдау аудан бойынша 11 елді мекеннің 15 мектебінде 1853 балаға ұйымдастырылды.
004 бағдарламасы “Жалпы білім беру “бойынша жоспарланған 3850362 мың теңге орнына, 3832727,3 мың теңге немесе 99,5 пайызға орындалды.Оның ішінде: еңбекақы аударымдарымен бірге-2966342,5 мың теңгеге орындалды.Бұл бағдарлама бойынша бөлінген қаражаттың жалпы пайыздық көрсеткіші 77,4 құрайды.2010 жылмен салыстырғанда 2011-2012 оқу жылдарында жүйе бойынша өзгерістер болды сынып комплектілері -43 өсіп бұған бюджеттен қосымша 27964 мың теңге қаражат қосымша қарастырылды. Аудан мектептері бойынша дәрі-дәрмектер сатып алуға -1687,5 мың теңге шығындалды.Бюджеттік сыныптаманың 139 ерекшелігі «Өзгеде тауарлар сатып алу» үшін-84973,5 мың теңге төмендегідей мақсаттарға жұмсалынды. Ауданның барлық мектептеріне парталар , тақта, столдар және әйнектер сатып алуға -31944 мың теңге, кеңсе тауарларын сатып алуға -4590,5 мың теңге, мектептерді ақтап сырлауға бояуыш заттарын сатып алуға, яғни ағымдағы жөндеу жұмыстарына -7720 мың теңге қаражат қарастырылды. Жалпы құны-376358 мың теңге құрайтын қаражат ауданның 7 мектебін күрделі жөндеуге жұмсалынды , оның ішінде:
№8 (142918), №16 (76360), №21(15344), №10 (10000) орта мектептерінің ғимаратын күрделі жөндеуге бағытталса;
№№7(24993), 14(63292) орта мектептердің инженерлік коммуникациялық жүйесін күрделі жөндеуге- 93713 мың теңге,
№5 орта мектептің шатырын жөндеуге -20600 мың теңге жұмсалды.
Күрделі жөндеу бойынша жалпы білім беру мекемелерінің шығындарына шаққандағы үлесі 9,8 пайызды құрайды. Күрделі жөндеуден соң №16 орта мектепті материалды-техникалық жарақтандыруға-10000 мың теңге, №8 орта мектепке -15000 мың теңге қаражат жұмсалынды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасы бойынша 2008 жылы іске қосылған Боролдай кентіндегі № 39 гимназияны ұстауға жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен 150890 мың. тенге қарастырылып толығымен игерілді.
№№ 4,9,14,16,17,21,24,25 орта мектептерге биология кабинеттерін жабдықтауға 1 данасы 4070 мың теңгені құрайтын 8 биология кабинеті сатып алынды оған шығындалған қаражаттың жалпы сомасы 32668 мың. тенге, 5 мектепке (№2,3,6,13,27,) лингафон кабинетін құруға-21898,0 мың.тенге шығындалды яғни, бір лингофондық кабинеттің құны 4379,6 мың теңгені құрады. Жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындары-40564,5 мың теңге немесе 100 пайызға орындалды немесе аудан бойынша жағдайы төмен отбасынан шыққан 2526 балаға тегін тамақтандыруға 6493 мың теңге, жазғы сауықтыру орындарына жіберуге 12022 мың теңге, киім кешектер сатып алуға-20205 мың теңге жұмсалынды.Бұл білім беру мекемелеріне қарастырылған қаражаттың 1,3 пайызын құрайды. Аудан бойынша 6 мектепке ( 3,6,10,13,38,39) ағылшын пәнінен сабақ беретін шет ел мұғалімдеріне 12000 мың теңге қаражат шығындалды. Оның ішінде әр шет мұғаліміне жағдайын көтеруге-248 мың теңге және пәтер жалдауға кететін күндік шығынына 124 мың теңге қаражат бөлінді, осы шығындарға қарастырылған жалпы қаражат-2232 мың теңгені құрады.
020 бағдарламасы бойынша ата-аналарының қамқорынсыз қалған аудан бойынша 207 жетім балалардың асыраушыларына төленетін республикалық бюджеттің трансферттері есебінен қарастырылған қаражат 31391,6 мың теңгеге игерілді .
023 бағдарламасы бойынша үйде оқытылатын мүгедек балаларды жабдықпен қамтамасыз етуге республикалық трансферттердің есебінен 9093 мың теңге шығындалды, яғни 15 балаға жабдықтар сатып алынды.Бір балаға кеткен шығын шамамен 606 мың теңгені құрайды.
008 бағдарламасы « Білім беру жүйесін ақпараттандыру» бойынша 122 дана (144975) компьютерлік техникалар сатып алуға 17687 мың.тенге жүмсалынды.
009 бағдарламасы “Білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу” бойынша бөлінген 55375 мың теңге қаражат толығымен игерілді.
037 бағдарламасы “Білім беру обьектілерін салу және қайта жаңғырту ” бойынша -727974,1 мың теңге қаражат төмендегідей объектілерге жұмсалынды :
- Республикалық трансферттердің есебінен Түймебай ауылында 900 орындық орта мектептің құрылысына 200 000 мың теңге қаражат игерілді ;
- 6 500 мың теңге Жана Арна ауылында 180 орындық орта мектептің құрылысына ЖСҚ даярлау;
- 14 210 мың теңге Жетіген ауылында 220 орындық орта мектептің құрылысына ЖСҚ даярлау;;
- 22 400 мың теңге Түймебай ауылында 900 орындық орта мектептің құрылысына ЖСҚ даярлау;
- 15 000 мың теңге Ақши ауылында бала-бақшаның құрылысына ЖСҚ даярлау;
- 6500 мың теңге қаражат Іле ауданының Комсомол ауылындағы №31 , Первомайский ауылындағы №24 мектептің ,Көкқайнар ауылындағы №29 мектептің , Түймебаев ауылындағы №19 мектептің қазандығын салу және газбен жабдықтауға ЖСҚ даярлауға жұмсалынды;
- 15 000 мың теңге Іле ауданының Тілендиев ауылында 600 орындық орта мектептің құрылысына ЖСҚ даярлау;
- 20 000 мың теңге Іле ауданының Өтеген батыр кентінде 1200 орындық орта мектептің құрылысына ЖСҚ даярлау;
- 15 000 мың теңге Іле ауданының Байсерке ауылында 600 орындық орта мектептің құрылысына ЖСҚ даярлау;
- 10100 мың теңге Құйған ауылында №32 орта мектептің, Жауғашты ауылында №27 орта мектептің, Междуреченск ауылында №16 орта мектептің дене шынықтыру залы, актілік залын және асханасының құрылысына ЖСҚ даярлауға жұмсалынды ;
- 320 000 мың теңге Жана Арна ауылында 180 орындық орта мектептің құрылысына жұмсалынды;
- 29 793 мың теңге Междуреченск ауылында №16 орта мектептің дене шынықтыру залының құрылысы;
- 9 000 мың теңге Қосөзен ауылында бала-бақша құрылысының ЖСҚ даярлау;
- 20 829 мың теңге Іле ауданының Комсомол ауылындағы №31, Түймебай ауылындағы №19 бастауыш және орта мектептерінде қазандық салу және газбен жабдықтауға;
- 16 029 мың теңге Іле ауданының Певомайский ауылындағы №24, Көкқайнар ауылындағы №29 орта мектептерінде қазандық салу және газбен жабдықтауға;
- 5 000 мың теңге Али ауылында 300 орындық орта мектептің құрылысына ЖСҚ даярлау;
Сонымен бірге ауданның 7 мектебіне (26,17,5,29,32,3) жылу қазандықтарын сатып алуға 12042,0 мың теңге жұмсалынды.
6 Функционалдық топ “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар” бойынша қаражат жоспар бойынша 291471 мың теңге орнына 291464,1 мың теңге немесе 100 пайызға орындалды.
002 бағдарламасы 100 кіші бағдарлама бойынша «Қоғамдық жұмыстарға» 20 мекемеге 447 адам тартылып 30612 мың теңге қаражат жұмсалынды.Бір адамға кеткен шығын 15999 теңге.
002 бағдарламасы 101 кіші бағдарламасы бойынша «Жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға» 326 адам тартылып 8090,9 мың теңге қаражат игерілді.
002 бағдарламасы 102 кіші бағдарламасы бойынша «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы» бойынша 20519 мың қаражат игерілді.Оның ішінде 23 мекемеде әлеуметтік жұмыс орындары ашылып 166 адам жұмысқа қабылданды , жастар практикасы бойынша 23 мекемеге 115 адам қабылданды оған кеткен шығын 10920 мың теңге 1 адамға шаққандағы еңбекақы 26000 теңгені құрады.
451004 «Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау,білім беру мекемелерінің мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек» 3573 адамға 7560 теңгеден қаражат қарастырылып 27011,9 мың теңге игерілді.
451006000 «Тұрғын-үй көмегіне»-20842 мың теңге қаражат бөлініп 870 жанұяға көмек көрсетілді.
451007028 «Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер есебінен» жағдайы төмен отбасынан шыққан 21 студентке 6386 мың теңге қаражат бөлініп, оқулары төленіп берілді.Бір студентке жұмсалған қаражат 304 мың теңгені құрайды.
451016015 «18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар» 44168 мың теңге игеріліп 1101 жанұяға көмек көрсетілді.
014 бағдарламасы 015 кіші бағдарлама “Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету” бойынша 40712,7 мың теңге жұмсалынды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде, көмек көрсетуге жұмсалған шығын 16480,4 мың теңге оның ішінде ерекшеліктер бойынша: 111 ерекшелігі -9485,7 мың теңге, 113 ерекшелігі – 996 мың.тенге,121 ерекшелігі -773,4 мың теңге,122 ерекшелігі – 571,7 мың теңге,139 ерекшелігі -1322,3 мың теңге, 142 ерекшелігі 150 мың теңге, 149 ерекшелігі -889 мың теңге,411 ерекшелігі -792,3 мың теңге құрады.
Мұқтаж азаматтардың үйіне, көмек көрсетуге жұмсалған шығын 24232,3 мың теңге оның ішінде ерекшеліктер бойынша: 111 ерекшелігі -17139,3 мың теңге, 113 ерекшелігі – 1234,5 мың.тенге,121 ерекшелігі -925,6 мың теңге,122 ерекшелігі – 771,3 мың теңге,139 ерекшелігі -992,6 мың теңге, 149 ерекшелігі - 25 мың теңге,151 ерекшелігі -4 мың теңге құрады.
017 бағдарламасы “Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз ету” 139-ерекшелігі бойынша 8388,4 мың теңгеге 61062 дана гигиеналық құралдар (памперстер біреуінің құны-137 теңге ) сатып алынып 180 адамға таратылды .
023 011 бағдарламасы бойынша 2011 жылдың 2 жартыжылдығында «Жұмыспен қамту орталығы» ашылып 15 бірлік қызметкерлерге жұмысқа қабылданды . Осы бағдарлама бойынша республикалық бюджеттің трансферттері есебінен 11977,2 мың теңге жұмыспен қамту орталығының еңбекақысы аударымдарымен және материалды-техникалық базасын нығайтуға жұмсалынды.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы негізінен алғанда тұрғындарды қажетті мамандықтар бойынша оқытуды, содан соң жұмысқа орналастыру, адамдардың тұрған жерінде өз кәсібін ашуға, экономикалық өсу аймақтарына көшуге жәрдемдесу бағыттарын көздейді .Осы мақсатта ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді іске асыруға 4 шаруа қожалығына 52 адам жіберілді кеткен шығын 5434 мың теңгені құрайды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратына «Адижан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 17154,9 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
7 функционалдық топ “Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық” бойынша жоспарланған шығын сомасы 6108375 мың теңге, орындалған сомасы 6098901,9 мың. тенге, немесе 99,8 пайыз.
458004 «Азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 5 қызметтік пәтер сатып алынып 41547,3 мың теңге қаражат жұмсалынды.Бұл пәтерлер аудандық ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміне қойылды.
463016 «Республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері есебінен мемлекеттің мұқтажы үшін жер телімдерін сатып алуға» , яғни Батыс Европа Батыс Қытай жолдары үшін 205014,5 мың теңгеге 5 объектіден жер телімдері сатып алынды.
467 003 – «Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы және (немесе) сатып алу» бойынша 91 452 мың теңге бекітілген, нақты орындалған шығын 91 073 мың теңге .Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен « Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» аясында әлеуеті төмен ауылдарда тұратын экономикалық өсу деңгейі жоғары ауылдарға коныс аударуына үкімет мүмкіндік туғызды. Осы бағытта Жетіген ауылында 25 жалгерлік тұрғын үй салуға 49105 мың теңге қаражат игерілді. Чапай ауылында 20 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің құрылысына ЖСҚ даярлау-2292 мың теңге, 30000 мың теңге осы үйдің құрылыс монтаж жұмыстарына шығындалды..
467 004 011- «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру» бойынша 3 996 137 мың теңге С-4 серіктес қалаларының заңдық ілеспе қызмет пен жер телімдерін бағалау;сумен жабдықтау және канализациясы ТЭН түзету, телекоммуникациясы бойынша жобалау сметалық құжаттамасын дайындау, алғашқы екі қаланың тазалау құрылғылары және насос станциясының түсіру коллекторы бойынша ЖСҚ дайындау;Қоянқұс тұрғын ауданының магистралдық канализация жүйесі және КНС (канализация-насостық станциясы) бойынша ЖСҚ дайындауға және оның ішінде 59 500 мың теңге Гейт Сити және Голден Сити екі серіктес қалаларына парогаздық станциялар бойынша ЖСҚ дайындауға жұмсалынды ;
100 000 мың теңге Гейт Сити серіктес қаласының магистралдық инженерлік желілері мен инженерлік инфрақұрылым объектілері үшін құрылыс салу жобасын әзірлеу;
1 416 597 мың теңге Алматы облысында Алматы-Байсерке-Талғар магистралдық газқұбырын құру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына ;
1 097 852, 9 мың теңге Алматы облысының Гейт Сити алғашқы қанаттас қаласын энергиямен жабдықтау. Қоянқұс Кокпа-1-ң құрылысына жұмсалынып толығымен игерілді;
467 004 015 - «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру» бойынша нақты орындалған шығын 175 880,3 мың теңге игерілді- 142 159,6 мың теңге Өтеген батыр кентінің Қуат ықшам ауданындағы ұңғыма мен ИКЖ құрылыс жұмыстарының орындалуы бойынша және жобалау жұмыстарымен мемлекеттік сараптамадан өткізуге жұмсалынды және Өтеген батыр кентінде 30 пәтерлі несиелік тұрғын үйдің Қараой ,Байсерке ,Құйған ,Междуреченский ауылындағы жеке тұрғын үй құрылысының икж дамытуға 17054 мың теңге жұмсалынды.;
467019 бағдарламасы «Тұрғын-үй салу » бойынша 231610 мың теңге Өтеген батыр кентіндегі 50 пәтерлі кредиттік тұрғын үйдің құрылысына жұмсалынды.
467022 «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде» Жетіген ауылындағы 25 арендалық үйдің икж жүйелерін дамытуға 15200 мың теңге қаражат жұмсалынды
467 005 «Коммуналдық шаруашылықты дамыту» бойынша 94 222мың теңгеге Өтеген батыр кентінде әкімшілік ғимаратының құрылысына 84039
мың теңге жұмсалынса, Іле ауданы әкімі аппаратының ғимаратын жаңғыртуға ЖСҚ даярлауға 10000 мың теңге қаражат игерілді.;
458012000 бағдарламасы «Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуі» 22056 мың.тенге құрады. Оның ішінде: Ынтымақ және Көкқайнар ауылының су құбыры жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына -15056 мың теңге, Жетіген және Чапай ауылының су құбыры жүйелерін күрделі жөндеу жұмыстарының жсқ әзірлеуге -7000 мың теңге жұмсалынды.
458026000 бағдарламасы «Коммуналдық меншігіндегі жылу жүйлерін қолдануды ұйымдастыру» Боролдай ауылының жылу жүйелерін күрделі жөндеудің 2 кезеңіне ЖСҚ әзірлеуге 5970 мың.тенге жұмсалынды.
458028015 бағдарламасы «Коммуналдық шаруашылығын дамыту» Өтеген батыр кентіндегі халыққа қызмет көрсету орталығының жылу торабының құрылысына 15000 мың теңге ,Первомай кентіндегі Солнечная, Вокзальная 40 А көшесіндегі жылу қазандығын салуға 41076 мың теңге қаражат игерілді және Боролдай кентіндегі кәріз жүйелерінің жсқ әзірлеуге 25000 мың теңге жұмсалынды. 30000 мың теңге шұңқырларды тегістейтін және сұйық қалдықтарды шығаратын техникалар сатып алуға жұмсалынса, 129 950 мың теңге қуатты трансформаторлар сатып алуға шығындалды.
458029015 бағдарламасы «Сумен жабдықтау жүйесін дамыту» Боролдай ,Байсерке, Енбек, Жетіген,Түймебаев ауылдарының су құбырының құрылысына жсқ әзірлеуге 31804,8 мың. тенге және Чапай ауылында ауыз су жүйесінің құрылысын жаңғыртуға 75750 мың теңге Еңбек ауылына 41813 мың теңге жұмсалынды.
458030028 бағдарламасы бойынша Іле ауданының оңтүстік өңірлерін электроқуатымен қамтамасыз етуге 121437,2 мың теңге жұмсалды.
45803029 бағдарламасы бойынша жалпы жұмсалынған қаражат 323038 мың теңгені құрайды .Оның ішінде: Өтеген батыр, Ащыбұлақ, Боролдай, Первомай электр жүйелерін күрделі жөндеуден өткізуге-149445 мың теңге Өтеген батыр кентіндегі қысым коллекторын күрделі жөндеуден өткізуге 73038 мың теңге және Жетіген ауылының электр жүйелерін күрделі жөндеуден өткізуге 100555 мың теңге жұмсалынды.
Елді мекендерді көркейту үшін төмендегідей бағдарламалар бойынша қаражаттар игерілді:
008 - бағдарламасы «Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру» бойынша-89742 мың теңге 6 елді мекендерде( Байсерке,Жетіген,Боролдай,Өтеген,Қараой,Ащыбұлақ ) көшелерді жарықтандырудың құрылысына- 73356 мың теңге игерілді, техникалық қызмет көрсетуіне 2960 мың теңге , көшелерді жарықтандыруға яғни элекр қуатын тұтынуға - 13426 мың тенге жұмсалынды.
010 - бағдарламасы «Жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқ азаматтарды жерлеу» бойынша 65 мәйіт жалпы сомасы 1050 мың. теңгеге жерленді.Бір мәйітті жерлеуге кететін шығын 16153 теңгені құрады.
009 бағдарламасы «Елді мекендерді санитариясын қамтамасыз ету» бойынша Өтеген батыр,Байсерке,Чапай, Первомай ,Қараой, Боралдай ауылында 10503 мың теңгеге қоқыс шығару жұмыстары жүргізілді 1 контейнер алаңын ұстау 75 мың теңгені құрайды.
011 бағдарламасы «Елді мекендерді аббаттандыру мен көгалдандыру» бойынша-246882 мың теңге жол жиектерін орнатуға тротуарлар жасауға балар алаңын қоршауға ауданның 6 елді мекенінде 5 балалар алаңын ,Боролдай кентінде-1 балалар алаңы , Жетіген ауылында 1 балалар алаңын, Өтеген батыр ауылында 3 балалар алаңы орнатуға жұмсалды.
8 функционалдық топ “Мәдениет,спорт,туризм және ақпараттық кеңістік” бойынша жоспарлаған 250445 мың теңге орнына , 250432,9 мың теңге орындалды, яғни 100 пайызға игерілді.
009 бағдарламасы “Мәдени-демалыс жұмысын қолдау” бойынша ауданның 8 елді мекеніндегі мәдениет үйлерінде, жалпы мәдени іс шаралар жүргізу үшін 27090 мың теңгеге игерілді. Ақший ауылындағы халық театрының ашылуына байланысты 15 бірлік жұмыс орны ашылды және 2711 мың теңгеге микроавтобус сатып алынды , осы театрды материалды-техникалық жарақтандыруға 6309 мың теңге қаражат жұмсалды.Күрделі жөндеуі 2012 жылы қарастырылған Междуреченский ауылындағы мәдениет үйінің жсқ әзірлеуге-4700 мың теңге жұмсалынды.
005 бағдарлама “Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу” Іле таңы газетінің редакциясына кеткен шығын 6766 мың теңгені құрайды.
008 бағдарлама «Мемлекеттік тілді және Казақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту» бойынша 2273 мың.тенге.
10 функционалдық топ “Ауыл, су,орман,балық шаруашылығы,жер қатынастары ” бойынша 110124,6 мың теңге орындалды немесе 98,7 пайызға орындалды.
Ауылдық елді мекендер саласының мамандарын қолдау шараларын іске асыру үшін 47 жас маман жағдайын көтеруге 5080 мың.тенге жұмсалды, яғни әр жас маманға жағдайын көтеруге-105,8 мың теңге қаражат бөлінді. Осы бағдарлама шеңберінде ауылға баратын жастарға кредиттен үй сатып алуға қарастырылған 27049 мың теңге қаражат 25670,3 мың теңгеге орындалып 12 жас маманға бюджеттік кредит берілді (2139,2 мың теңге әр жас маманға).
Жер қатынастар бөлімі бойынша 3000 мың теңгеге қызметтік автокөлік сатып алынды.
467 010 000 - «Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту » бойынша 8 000 мың теңге Междуреченск, Байсерке, Ащыбұлақ ауылдарында мал қорымының құрылысына ЖСҚ даярлауға жұмсалынды
11 функционалдық топ «Өнеркәсіп, сәулет,қала құрылысы және құрылыс қызметі» бойынша 85142,6 мың теңге қаражат құрылыс бөлімі мен қала құрылысы бөлімдерін ұстауға жұмсалынды.Оның ішінде 2 бөлімде қарастырылған 6 штаттық бірліктің еңбекақысы аударымдарымен бірге-6176,1 мың теңгені құрады.Қала құрылысы бөліміне 2539 мың теңгеге КИА маркалы қызметтік автокөлік сатып алынды. Елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеуге 71600 мың теңге қаражат жұмсалынды.
12 функционалдық топ “Көлік және коммуникация” бойынша 652495 мың тенге жұмсалынып шығындар 100 пайызға орындалды . Оның ішінде 11 елді мекендерде 640736 мың теңгеге 117004 шаршы метр жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалынды, 1 шаршы метрге кететін шығын 5476 теңгені құрады.
Жолдардың жаздық күтіміне Отеген батыр,Боролдай және Покровка ауылдарында 5269 мың тенге шығындалып, 1 шаршы метрге 836 теңге жұмсалынды.
Жолдардың қыстық күтіміне Отеген батыр, Междуреченский , Жетіген,Первомай ауылдарында 6490 мың тенге қаражат игерілді .
13 функционалдық топ “Басқалар бойынша шығындар-52657,9 мың теңге игерілді.Оның ішінде «Білім бөлімі» аппараты және «ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімі» бойынша 15 штаттық бірліктің еңбекақысы аударымдарымен бірге-18493,3 мың теңгені құрады. Осы бөлімдерге 3 компьютер -571 мың теңгеге сатып алынды.
Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша-21060 мың теңге республикалық бюджеттің трансферттері есебінен жұмсалынды. 63 мекемеге 173 адам жұмысқа алынды .1 жұмысшыға кеткен еңбекақы аударымдарымен бірге 26000 теңгені құрайды.
15 функционалдық топ “Трансферттер бойынша шығындар-16898706,8 мың теңге игерілді.Оның ішінде бюджеттік алулар-16887589 мың теңге,нысаналы пайдаланылмаған трансферттер жоғары тұрған бюджетке -11117,8 мың теңгеге қайтарылды.Сонымен қатар төлем мерзімі тақаған кредиттерді жоғары бюджетке қайтаруға 99505 мың теңге жұмсалынды.
2011 жылғы Іле ауданы бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы түзетілген бюджет жоспарында қаралған 5754262 мың теңге , нақты орындалғаны 5752847 мың теңгені құрап, 100 пайызға игерілген, оның ішінде:
- инвестициялық жобалар-жергілікті және республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен мемлекеттік коммуналдық тұрғын-үй қорының тұрғын үй құрылысы және білім беру объектілерін салу және реконструкциялау , республикалық және жергілікті бюджеттен берілетін трансферттер есебінен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту ,сумен жабдықтау жүйесін дамыту, жергілікті бюджеттен ауыл шаруашылық объектілерін дамыту, республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен тұрғын-үй салуға жұмсалынды.
2011 жылы аудан бойынша ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау бойынша бекітілген бюджет бойынша қарастырылған 81897 мың теңгеден 54848 мың теңге азайтылып нақтыланғаны 27049 мың теңге болып орындалғаны 25670,3 мың теңгені құрады.
Мемлекеттік мекемелердің еңбекақысы 2004 жылы 17 қаңтардағы №1284 Елбасы жарлығы «ҚР Ұлттық банк сметасы және мемлекеттік бюджет есебіндегі ҚР орган қызметкерлері еңбекақысының бірыңғай жүйесі туралы» және №1400 «Азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесі туралы» қаулысына сәйкес қызметкерлерді сыйақымен қамтамасыз ету қаржыландыру жоспарындағы үнемдеу арқылы түскен қаражат көлемінде мекемелер бастығының бұйрығы негізінде іске асырылған.
Мемлекеттік мекемелерде жанар-жағар май материалдары спидометрдің көрсеткіштері бойынша автокөліктің шынайы жүрісін есепке алмағанда,100 км жүрген көліктер маркасы бойынша бензин шығынының бекітілген нормаларына сәйкес жүргізілді.
2011 жылы ауданның мемлекеттік мекемелері бойынша дебиторлық қарыз 6145,5 мың теңгені білім беру бөлімі бойынша құрады , кредиторлық берешек қозғалысында заңсыз шығынға жазылған немесе талаптың көнелігінен мерзімін өткізіп алған берешегі болған жоқ.
|