БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Қаржы бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
«Іле аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
 

ЖОБА

Іле ауданы Әкімдігінің
«___»___________2014ж
№_______қаулысына қосымша

«Іле аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1.«Іле аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-бөлім), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, Іле ауданы аумағында біріңғай қаржылық саласында басшылықты жүзеге асыратын және аудандық коммуналдық меншікті басқарудың өкілетті органы болып табылады.
2.Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3.Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4.Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады. Бөлімнің құрылтайшысы аудан әкімдігі болып табылады. Осы Ереже Қазақстан Республикасының: «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124 бабына сәйкес әзірленген.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6.Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7.Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8.Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, З.Батталханов көшесі, 8 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы –мемлекеттік тілде: «Іле аудандық қаржы бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: Государственное учреждения «Илийский районный финансовый отдел».
11.Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12.Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Бөлімнің миссиясы: бюджет қаражатын және аудандық коммуналдық меншікті басқару.
14. Бөлімнің негізгі міндеттері:
1) Бюджеттің атқарылуын мониторингілеу, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджетті атқару тиімділігін бағалау, аудандық бюджеттің қолда бар ақшалай қаржысына басшылық жасау және аудандық коммуналдық меншікті тиімді басқару;
2)Аудандық бюджеттің орындалуын ұйымдастыру және жетілдіру, мақсатты және үнемді жұмсалуына бақылауды қамтамасыз ету;
3)Іле ауданының аумағындағы коммуналдық меншікті және оның мүлікті құқығын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік мүддесін қорғау;
4) Қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес орындалатын өзге де міндеттер.
15. Бөлімнің функциялары:
1)Аудан бюджетін басқаруды жүзеге асырады;
2)Бюджетке түсетін түсімдердің көлемін болжап, талдайды және қолда бар ақшалай қаржыны басқару жөнінде шешімдер қабылдайды;
3)Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын, мемлекеттік мекемелердің ақылы қызмет көрсетілуінің түрлері бойынша шығыстарын қаржыландыру және кірістердің жиынтық жоспарын қарайды, сондай-ақ келіседі;
4)Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын және түсімдердің жиынтық жоспарын қалыптастырып, бекітеді;
5) Бағдарлама әкімшілерінің жылдық сомаларын әр айға бөлуіне және қаржыландыру жоспарына енгізілетін өзгерістердің негізділігіне талдау жүргізеді және оларға баға береді;
6)Мемлекеттік мекемелерге бюджеттік қаражатты жұмсау үшін міндеттемелерді қабылдауға рұқсат береді;
7)Бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныстар дайындайды және міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын қалыптастырып, өзгерістер енгізеді;
8)Шараларды ауданның әкімдігіне басымдылық және аймақтық бағдарламаларды қаржылай қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге, ұсынуға қатысу;
9) Жергілікті атқарушы органның резервтегі қаржысының жұмсалуын есепке алуды және талдауды жүргізеді;
10)Жүйені және толық жинауды ретке келтіруді қамтамасыз ету және бюджет операцияларындағы қаржының үзіліссіз есебі туралы хабарламаларды қортындылау;
11)Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөнінде бюджетті орындау және бюджеттік қаражатты игеру мониторингін жүзеге асырады;
12) Тауарлар жұмыс және қызмет көрсетуге мемлекеттік сатып алу процессін сондай-ақ ауданның жергілікті атқарушы органдары өткізген сатып алу қортындысын талдайды;
13) Облыстық қаржы басқармасына және атқарушы органға белгіленген тәртіппен және белгіленген мерзімде тапсыру үшін бюджеттің орындалуы бойынша есеп беру нысандарын барлық түрлерін қалыптастырады ;
14)Жарғылық капиталдардағы мемлекеттік қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің және заңды тұлғалардың деректер базасы тізілімін құрастырады;
15)Аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерікке беру және мүліктік жалға (жалдауға) беру келісім шарттарға қол қояды.
16)Кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға береді, ол келісім шарттарының талаптарының толық орындалуын қадағалайды;
17)Аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру обьектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру обьектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасауды және сатып алу-сату шарттары талаптарыныңы сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
18) Аудандық мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығаруға келісім береді;
19) Аудан ішіндегі мемлекеттік мекемелер арасындағы ауыс – күйісті есепке алу, қадағалау;
20)Аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының таза табысының белгіленген бөлігінің бюджетке аударылуын қадағалау;
21)Аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді және мемлекеттік мүліктің құнын бағалауды ұйымдастырады;
16. Құқықтары мен міндеттері:
1)Заңдылықтарда белгіленген мерзімде және нысандар бойынша бюджетке түсетін салықтардың сомалары және басқа да міндетті төлемдер туралы ақпаратты, мемлекеттік тапсырыстарға қатысты мәселелер бойынша бюджеттің орындалуын ұйымдастыруға қажет статистикалық және өзге де материалдарды салық, атқарушы органдар, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан, басқа да аймақтық органдардан алу және сұратып алу, сондай-ақ басқа да өзіне жүктелген қызметтерді орындау;
2) Өзінің құзыры шегіндегі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыратын және субсидиялауда болатын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тексеру және талдау жүргізу;
3) Өзінің құзыры шегінде заңды тұлғалардың қаржылық тәртіпті бұзбауына бақылау жүргізу;
4) Мақсатты түрде жұмсалмаған жағдайда бюджеттік қаржыны жұмсауға берілген рұқсатнаманы қайтарып алу және беруді тоқтата тұру;
5) Сенімгерлік басқаруға беру, жалға беру, сатып алу және сату келісім-шарттардың орындалуына тексеру жүргізу;
6)Заңдылықтардың талаптарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. Бөлімнің басшылығы бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуын және оның функцияларын жүзеге асырады.
18.Бөлімнің бірінші басшысын аудан әкімінің ұсынысымен және Алматы облыстық қаржы басқармасының бастығының келісімі арқылы қабылданады, (міндетті арнай тексерістен өткені туралы қорытынды алған күнге дейін) міндеттерді уақытша атқаруға қабылданады және кейбір заңнамалараға сәйкес болған жағдайдан басқа Іле ауданы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Бөлім қызметкерлердің арасында функционалдық міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
2) Бөлім қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
3)Белгіленген заңнамалық тәртіппен бөлім қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
4) Белгіленген заңнамалық тәртіппен бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;
5)Өз құзырының шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің атынан өкілдік етеді;
7) Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалуы барысын бақылайды;
8) Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;
9)Бөлімнің Стратегиялық жоспарының іске асырылу барысын үйлестіреді;
10)Жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады;
12) Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
13) Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
14) Бөлімнің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкi
20. Бөлімде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін. Бөлімнің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Бөлімге бекiтiлген мүлiк аудандық-коммуналдық меншiкке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Жұмыс режимі
23. Бөлімнің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің ережесімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларының нормаларына қарама-қайшы болмауы тиіс.
6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Бөлімнің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.




Бөлім басшысы Қ.Бөпетаева