БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Қаржы бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
«Іле аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
 
 

 1. Жалпы ережелер

       1. Іле аудандық қаржы бөлімі ( бұдан әрі –бөлім) Іле ауданы аумағында біріңғай қаржылық саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

       2. Бөлім Іле ауданы әкімдігі атқарушы органдарының біріңғай жүйесіне     қосылып, қызметті өзіне жүктелген функциялары мен өкілдігі шегінде   ұйымдастырады.

        3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына  және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, аудандық Мәслихаттың шешімдеріне, Іле ауданы әкімдігінің қаулылары мен Әкімнің шешімдеріне, басқа да нормативтік –құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес іске асырылады.

       4. Бөлім заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз аталуы бедерленген мөрі мен штампы, белгіленген үлгідегі бланкілер, сондай-ақ заңдылықтарға сәйкес есеп шоты бар.

       5. Бөлім осы жылға сәйкес бөлінген бюджеттік қаржы шегінде азаматтық- құқықтық қатынастарға өзінің атынан әрекет етеді.

       6. Бөлімнің заңды  мекен – жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Титова көшесі 33-а., индекс 040700, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №991240002644 12 ақпан 2009 жыл, салық төлеушінің тіркеу нөмірі 090400011271.

 

      7. Бөлімнің мемлекеттік тілдегі аталуы «Іле аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тіліндегі толық аталуы государственное учреждение «Илийский районный финансовый отдел».

       8. Аудан Әкімі аппараты Бөлімнің  құрылтайшысы болып табылады. Осы Ереже Бөлімнің құрылтайшылық құжаты болып табылады. Мүліктің жекеменшік иесі  аудан Әкімі аппараты болып табылады.

  9. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.

 

2. Бөлімнің негізгі міндеттері

 

  10. Бөлімнің негізгі міндеттері:

 

1) аудандық Мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджеті туралы шешімдерінің жобасын және оны жүзеге асыру  жөніндегі аудан әкімдігінің қаулыларын әзірлеуге қатысу;

2) аудандық бюджеттің орындалуын ұйымдастыру және жетілдіру;

3) бюджеттің орындалуын талдау, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау және аудандық бюджеттің қолда бар ақшалай қаржысына басшылық жасасу;

4) Іле ауданының аумағындағы коммуналдық меншікті және оның мүлікті құқығын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік мүддесін қорғау;

5) бюджетті орындау, мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару және салық төлеуші –жеке тұлғалар төлейтін жергілікті салық жинау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

6) жергілікті бюджет пен коммуналдық меншік қаржысының мақсатты және үнемді жұмсалуына бақылауды қамтамасыз ету;

7) қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес орындалатын өзге де міндеттер.

 

3. Бөлімнің функциялары.

 

      11. Бөлім заңдарда белгіленген тәртіппен төмендегі функцияларды орындайды:

1) аудан қаржысын басқару аясында мемлекеттік мүддесін қорғауды ұйымдастыру;

2)  ауданды мемлекеттік қаржылық мүддесін қорғауды ұйымдастыру;

3) бюджетке түсетін түсімдердің көлемін болжап, талдайды және қолда бар ақшалай қаржыны басқару жөнінде шешімдер қабылдайды;

4) жергілікті бюджеттік әкімгерлерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын, мемлекеттік мекемелердің ақылы қызмет көрсетілуінің түрлері бойынша шығыстарын қаржыландыру және кірістердің жиынтық жоспарын қарайды, сондай-ақ келіседі;

5) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын және түсімдердің жиынтық жоспарын қалыптастырып, бекітеді;

6) бағдарлама әкімгерлерінің жылдық сомаларын әр айға бөлуіне және қаржыландыру жоспарына енгізілетін өзгерістердің негізділігіне талдау жүргізеді және оларға баға береді;

7) мемлекеттік мекемелерге бюджеттік қаражатты жұмсау үшін міндеттемелерді қабылдауға рұқсат береді;

8) бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныстар дайындайды және міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын қалыптастырып, өзгерістер енгізеді;

9) шараларды ауданның әкімдігіне басымдылық және аймақтық бағдарламаларды қаржылай қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге, ұсынуға қатысу;

10) жергілікті атқарушы органның резервтегі қаржысының жұмсалуын есепке алуды және талдауды жүргізеді;

11) жүйені және толық жинауды ретке келтіруді қамтамасыз ету және бюджет операцияларындағы қаржының үзіліссіз есебі туралы хабарламаларды қортындылау;

12) мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөнінде бюджетті орындау және бюджеттік қаражатты игеру мониторингін жүзеге асырады;

13) тауарлар жұмыс және қызмет көрсетуге мемлекеттік сатып алу процессін сондай-ақ ауданның жергілікті атқарушы органдары өткізген сатып алу қортындысын талдайды;

14) тауарлар жұмыс және қызмет көрсетуге мемлекеттік сатып алуға тиісті индикативті және басқа да жоспарларды әзірлеуге қатысады;

15) облыстық қаржы басқармасына және атқарушы органға белгіленген тәртіппен және белгіленген мерзімде тапсыру үшін бюджеттің орындалуы бойынша есеп беру нысандарын барлық түрлерін қалыптастырады ;

16) жарғылық капиталдардағы мемлекеттік қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің және заңды тұлғалардың деректер базасы тізілімін құрастырады;

17) аудандық коммуналдық меншік нысандарын жалға беру, жалдау келісім шарттардың тиісті түрде орындалуын қадағалау;

18) кейіннен сатып алу құқығымен және құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру, ол келісім шарттарының талаптарының толық орындалуын қадағалау;

19) коммуналдық меншікті сату (жекешелендіру) ;

20) негізгі құралдарды есептен шығару;

21) аудан ішіндегі мемлекеттік мекемелер арасындағы ауыс – күйісті есепке алу, қадағалау;

22) аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының таза табысының белгіленген бөлігінің бюджетке аударылуын қадағалау;

 

4. Бөлімінің құқықтары

 

          12. Бөлім өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіпте төмендегі құқықтарға ие.

1) заңдылықтарда белгіленген мерзімде және нысандар бойынша бюджетке түсетін салықтардың сомалары және басқа да міндетті төлемдер туралы ақпаратты, мемлекеттік тапсырыстарға қатысты мәселелер бойынша бюджеттің орындалуын ұйымдастыруға қажет статистикалық және өзге де материалдарды салық, атқарушы органдар, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан, басқа да аймақтық органдардан алу және сұратып алу, сондай-ақ басқа да өзіне жүктелген қызметтерді орындау;

2) өзінің құзыры шегіндегі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыратын және субсидиялауда болатын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тексеру және талдау жүргізу;

3) өзінің құзыры шегінде заңды тұлғалардың қаржылық тәртіпті бұзбауына бақылау жүргізу;

4) мақсатты түрде жұмсалмаған жағдайда бюджеттік қаржыны жұмсауға берілген рұқсатнаманы қайтарып алу және беруді тоқтата тұру;

5) заңдылықтардың талаптарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

 

5. Бөлімінің мүлкі

 

       13. Бөлім өзіне мемлекеттік тапсырыс берген мүлік есебінен қалыптасатын, жедел басқару құқығымен жекеленген мүлікті иеленеді сондай-ақ негізгі және айналымдағы қаржыдан, сонымен қатар бөлімінің балансында көрсетілген басқа да мүліктен құралады.

         Бөлім жойылған немесе қайта құрылған жағдайда оның мүлкі меншік иесіне өтіп кетеді.

 

6. Бөлімінің қызметін ұйымдастыру

 

        14. Бөлімінің құрылымына бөлім бастығы, сектор меңгерушісі, бас және жетекші мамандар кіреді.

        Бөлім бастығын лауазымға облыстық қаржы басқармасымен келісе отырып аудан Әкімі тағайындайды және босатады.

        Бөлім қызметкерлерінің қызметке тағайындау және шығару құқығы облыстық қаржы басқармасымен келісіп отырып бөлім бастығының құзырына беріледі.

        Бөлім бастығы:

1) бөлім қызметін ұйымдастырып, басқарады және өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілікте болады;

2) бөлім жұмысшылардың арасында функционалдық міндеттері мен өкілдігін бөлуді жүзеге асырады;

3) бөлім жұмысшыларына, заңда белгіленген тәртіппен  көтермелеу және тәртіптік көтермелеу және тәртіптік жаза шараларын қолданады.

4) бөлімінің жұмысшылары міндетті түрде орындайтын бұйрықтарды шығарады, қызметтік құжатнамаға қол қояды;

5) заңдылықтарға сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда бөлінің мүддесін қорғайды;

6) заңдылықтарға сәйкес өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады;

7) жемқорлыққа қарсы керекті шараларды Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қолдану.

 

7. Бөлім турлы Ережеге өзгерістер мен толықтыраулар

енгізу тәртібі

 

         15. Бөлім туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар құрылтайшының шешімімен енгізіледі.

 

8. Бөлімді қайта құру және тарату

 

          16. Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес жүргізіледі.