БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Қаржы бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Іле ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу
және пайдалану Қағидаларын бекіту туралы қаулының жобасы
13.10.2017

ЖОБА

 

 

 

 Іле ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен,

қараусыз қалған жануарларды келіп түсу

және пайдалану Қағидаларын бекіту туралы

  

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Іле ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Құматаевқа жүктелсін.

3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     

 

  

Аудан әкімі                                                              Қ.Медеуов