БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Қаржы бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Іле ауданының 2012 жылдың 1 шілдесіне бюджеттің шығыстары бойынша орындалуы туралы есебі  

 

          Іле  ауданТның бюджетінің кірістер  бөлігі 2012 жылы  түзетілген бюджет жоспары бойынша қаралғаны 37 609 349,0 мың теңге есепті кезеңге 16194800,0 мың теңге  орнына 18022176,9  мың теңге болып орындалып аудан бюджетіне жоспардан тыс 18022176,9 мың теңге қаражат артығымен түсті немесе 111,3 пайызға орындалды. Оның ішінде: облыстық бюджеттен түскен ағымдағы және даму  трансферттер сомасы 4 304 543,2 мың теңгені немесе аудан бюджеті кірістерінің 31,7  пайызын құрады.

        Шығындар бойынша 38 420 331 мың теңге, есепті кезеңге жинақталған қаржыландыру жоспарының  мәліметіндегі төлемдер бойынша 16 365 122,0 мың теңгеге яғни 99,6 пайызға орындалды немесе орындалмаған сомасы      59 997,9  мың теңгені төмендегі  шығындар бойынша  құрады . Оның ішінде:

21 137,0 мың теңге Чапай ауылындағы 20 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыс көлемінің болмауына байланысты орындалмады.

15 000 мың теңге Өтеген батыр кентіндегі 50 пәтерлі кредиттік тұрғын үй құрылысыны жұмыс көлемі жоқ болғандықтан орындаусыз қалды.

6 000 мың теңге  Чапай ауылындағы 20 пәтерлі тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық жүйелерінің құрылысына тендер өтпеген.

9 400 мың теңге Өтеген батыр кентіндегі 50 пәтерлі кредиттік тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық жүйесінің құрылысына тендер жарияланбаған.

2 000 мың теңге   Қосөзен ауылының электр жүйелерінің құрылысынан тендерлік үнем.

114,7 мың теңге білім беру мекемелері бойынша мектеп  мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерінің біліктілік санаттарын  көтеруге республикалық бюджеттің трансферттері есебінен  қарастырылған қосымша қаражат категориясы жоқ мұғалімдерге төленбегендіктен   қалған үнем ;

3 254,3 мың теңге   білім беру нысандары бойынша №21 және №24 орта мектептердің материалды техникалық  базасын нығайтудан игерілмей қалған қаражат.

227,7 мың теңге  жас мамандарды қолдау бойынша кредиттік үй сатып алуға тапсырыстың болмауына байланысты;

2864,2 мың теңге  ауданның бюджеттік бағдрлама әкімшілері бойынша еңбекқы аударымдарымен коммуналдық шығындарын қосқанда веб портал бойынша қалыптасқан үнем.

        2012 жылдың 1 шілдесіне  Іле аудандық мәслихаттың 17.02.2012ж № 3-14; 16.042012ж №5-21; 08.06.2012ж №7-34 шешімдерімен аудан бюджетінің көлемі 3 рет нақтыланды.

       Немесе бекітілген аудан бюджетінің көлемі 2 661 970,0 мың теңгеге ұлғайтылған, оның ішінде: салық түсімдері 548 700,0 мың теңгеге көбейген, салықтық емес түсімдер-1300 мың теңге, негізгі капиталдан түсетін түсімдер-50000,0 мың теңгеге ұлғайтылған, ресми трансферттер- 2061970,0 мың теңгеге ұлғайтылған .

        2012 жылдың 1 қаңтарына қалған  бюджет қаражатының бос қалдықтары -865352,4 мың теңгені құраса 186329мың теңге бюджет қаражатының бос қалдықтары жылдың басынан бері  төмендегідей  мақсаттарға  жұмсалынды:

Жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу-38823 мың теңге, 2011 жылы пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтаруға-21512 мың теңге, Первомай кентінднгі №24 орта мектептің күрделі жөндеуіне- 45000 мың теңге, Междуреченск ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуге -20000 мың теңге, Жаңа Арна ауылындағы 180 орынды мектеп құрылысына -3550 мың теңге, Білім беру мекемелері бойынша -57442 мың теңге, борышқа қызмет көрсетуге -2 мың теңге  шығындалды.

              

                                                    

Шығындар

      Бюджеттің шығындар бөлігі төмендегідей  көрсеткіштермен сипатталады

Түрлері

2011 жылға нақтыланған бюджет

2012 жылдың 1 шілдесіне  қаржыландырудың жинақталған жоспары

кассалық орындау

орындау %

Меншіктік шығындарға шаққандағы үлесі

Орындалмаған сомасы

I .Кірістер

37609349

16194800

18022176,9

111,3

 

+1827376,9

1.Салық түсімдер

26295938

11822456

13542902,6

114,6

 

+1720446,6

2. Салықтан тыс түсімдер

38950

18300

27006,7

147,6

 

+8706,7

3. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

194500

49500

147724,4

298,4

 

+98224,4

4. Трансферттердің түсімдері

11079961

4304544

4304543,2

100

 

 -0,8

II. Шығындар

38420331

16365122

16305124,1

99,9

 

-59997,9

1.Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

295208

142943

142922,6

100

 

-20,4

2.Қорғаныс

24581

2303

2302,7

100

 

-0,3

3.Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік

8000

860

860

100

 

0

4.Білім беру

5967152

2914285

2909911,9

99,8

 

-4373,1

6.Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

343038

149658

149579,6

99,9

 

-78,4

7.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

8896795,0

3036165

2982088,4

98,2

 

-54076,6

8.Мәдениет ,спорт,туризм және ақпараттық кеңістік

397631

227283

226912,5

99,8

 

-370,5

10.Ауыл,су,орман,балық шаруашылығы,қоршаған ортаны қорғау

128407

57868

57592,4

99,5

 

-275,6

11.Сәулет,қала құрылысы және құрылыс қызметі

59329

17420

17261,6

99,1

 

-158,4

12.Көлік және коммуникация

396650

262628

262627,8

100

 

-0,2

13.Басқалар

157845

27437

26793,9

97,7

 

-643,1

14.Борышқа қызмт көрсету

 2

 2

 2

100

 

0

15.Арнайы трансферттер

21745693

9526270

9526268,7

100

 

-1,3

Қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо

 

 

 

 

 

0

Бюджеттің тапшылығы

-899825

-183198

1703344,7

 

 

0

Бюджет тапшылығын  қаржыландыру

899825

 183198

 -1703344,7

 

 

0

Қарыздардың түсімі

152744

75080

75080

 

 

0

Қарыздарды өтеу

118271

78211

78211

100

 

0

бюджет қаражатының бос  қалдығының анықтамалылығы

865352

186329

-1700213,7

100

 

0

Есепті жылдың басына  бюджет қаражатының бос  қалдығы

 

 

 865352,4

 

 

 

Есепті  кезең соңындағы бюджет қаражатының бос  қалдығы

 

 

2565566,1

 

 

 

 

        Ауданның 2012 жылдың 1 шілдесіне шығыстары төмендегідей ерекшеліктер бойынша жүзеге асырылды:

111 ерекшелігі - еңбекақы аударымдерымен бірге 1727682 мың теңге 100 пайызға немесе 1727245,6 мың теңгеге орындалды.

112 ерекшелігі – қосымша ақшалай төлемдер бойынша 20640 мың теңге 100 пайызға немесе 20635,5 мың теңгеге орындалған.

113 ерекшелігі-өтемақы төлемдері бойынша 155005 мың теңге 99,9 пайызға игерілді немесе  64,6 мың теңге орындаусыз қалды.

121 ерекшелігі - әлеуметтік салық  бойынша 97502 мың теңге 99,9 пайызға игерілген.

122 ерекшелігі - Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар бойынша 77073 мың теңге қаражат 99,7 пайызға немесе 222,5 мың теңге орындаусыз қазынашылық басқармасынан қайтып келген.

125 ерекшелігі- Міндетті  сақтандыруға арналған жарналар  бойынша  автокөлік сақтандыруға 55 мың теңге 100 пайызға орындалған.

132 ерекшелігі - Дәрi-дәрмектер және медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алу бойынша 2301 мың теңге 99,8  пайызға игерілген немесе 4,3 мың теңгеге орындалмаған.

139 ерекшелігі- Өзге де тауарлар сатып алу бойынша 106051 мың теңге төлемдер жоспары 102603,3 мың теңгеге орындалды.3447,7 мың теңге үнемделген қаражат.

141 ерекшелігі - Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша 99697 мың теңге 99,9 пайызға орындалған.

142 ерекшелігі -Байланыс қызметтеріне ақы төлеу  бойынша 15516 мың теңге қаражат 99,2 пайызға орындалды  немесе 118,2 мың теңге үнемделді.

143 ерекшелігі -Көліктік қызмет көрсетулерге ақы төлеу,  балаларды тегін апарып әкеліп тастау бойынша 11516 мың теңге 100 пайызға игерілген.

147 ерекшелігі - Үй-жайды жалға алу төлемдері   бойынша 850 мың теңге орыныны 840мың теңге игерілді.

149 ерекшелігі- Өзге де қызметтер мен жұмыстар бойынша 944971 мың теңге жоспарымен 943860,9 мың теңге игерілген. 1110,1 үнемделген қаражат.

151 ерекшелігі -Ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар 1206 мың теңге орнына 1180,5 мың теңге игерілген немесе 97,9 пайзға игерілген.

153 ерекшелігі- Жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындары бойынша білім беру орталықтарының шығыны 24822 мың теңге орнына 24574,9 мың теңге орындалған.

155 ерекшелігі - Орындау құжаттарының , соттар актілерінің атқарылуы бойынша 125 мың теңге толығымен игерілген.

159 ерекшелігі -  Өзге де ағымдағы шығындар бойынша  6645 мың теңге орнына 6638,9 мың теңге қаражат орындалған немесе 99,9 пайызға игерілген.

212 ерекшелігі- Жоғары тұрған  бюджеттен жергiлiктi атқарушы органдар алған қарыздар бойынша сыйақы  төлемдерi (мүдделер) бойынша 2 мың теңге толығымен игерілген.

332 ерекшелігі - Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер 82389 мың теңге орнына 82172,5 мң теңге игерілген.

342 ерекшелігі - Бюджеттік алып қоюлар бойынга   9504758 мың теңге көлеміндегі қаражат 100 пайызға орындалған.

349 ерекшелігі - Мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін өзге де ағымдағы трансферттер бойынша 20864 мың теңге орнына 20863,3 мың теңге игерілген.

411 ерекшелігі- Негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып алу бойынша 19269 мың теңге орнына 18903,3 мың теңге орындалды.

421 ерекшелігі - Үй-жайлар, ғимараттар мен құралыстарды сатып алу   бойынша 2198288 мың теңге 97,6 пайызға орындалды немесе 53620,0 мың теңге орындаусыз қалған.

431 ерекшелігі - Үй-жайларды, ғимараттарды,  құрылыстарды күрделi жөндеу бойынша 198224 мың теңге 100 пайызға орындалды.

433 ерекшелігі -Мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын күрделі жөндеу бойынша есепті кезеңге жоспарланған сома 100666 мың теңге толығымен 100 пайызға игерілген.

451 ерекшелігі - Жер сатып алу  бойынша    948357 мың теңге қаражат толығымен игерілген.

464 ерекшелігі - Мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне күрделі трансферттер бойынша  648 мың теңге орнына 647,4 мың теңге игеріліп, 99,9 пайызға орындалды.

519 ерекшелігі - Өзге де ішкі бюджеттік кредиттер   бойынша жоспарланған сома 14562 мың теңге 99,8 пайызға орындалып, 21,9 мың теңгеге бюджеттік кредитке тапсырыстың болмауына байлансыты орындалмады.

711 ерекшелігі- Жоғары тұрған бюджеттің алдында негізгі борышты өтеу  бойынша 78211  мың теңге толығымен 100 пайызға игерілген.

                                                                                                                                                                                                                       

      Ағымдағы жылы Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер 11232705 мың теңге 2011 жылмен салыстырғанда 4937778 мың теңгеге ұлғайтылған немесе 78 пайызға көбейтілген. Республикалық бюджеттен бөлінген  ағымдағы трансфертер 3143264 мың теңге, оның ішінде:

-         Мектепке дейінгі білім беру орталықтарын ұстауға 178212 мың теңге бөлініп есепті кезеңге 85595 мың теңге төлемдер жоспары 100 пайызға игерілген.

-         Жетім баланы және ата-анасының қамқорынсыз қалған баланы күтіп ұстауға асыраушыларына ай-сайынғы ақшалай қаражат 44483 мың теңге қарстырылған, есепті кезеңге  төлемдері 21753 мың теңге толығымен орындалды.

-         Мектеп мұғалімдеріне, мектепке дйінгі ұйым тәрбиешілеріне  біліктілік санаты үшін қосымша ақының мөлшерін ұлғайтуға 97797 мың теңге ағымдағы жылғы нақтыланған есепті айға 48570 мың теңге қаржат 99,4 пайызға игерілген.

-          Үйде оқытылатын мүгедек балаларды жабдықпен бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз етуге 2563 мың теңге қарастырылған

-         Білім беру мекемелерін химия кабинеттерімен қамтамасыз етуге 8194 мың теңге қаражат бөлінген.

-         «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны арттыруға 3312 мың теңге қарастырылған.

-         Кешкі мектептерді ұстауға 2680 мың теңге бөлініп төлемдер бойынша 1836 мың теңге жоспары 100 пайызға игерілген.

-         Эпизотикаға қарсы іс шараларды жүргізуге ағымдағы жылы 45823 мың теңге бөлініп есепті кезеңге жоспардағы 23193 мың теңге толығымен игерілген.

-         Мамандардың әлеуметтік көмек көрсетуі жөніндегі шараларды іске асыруға есепті жылы 12495 мың теңге бөлініп ағымдағы кезеңге 5126 мың теңге  жоспары 4920,3 мың теңгеге  немесе 96 пайзға орындарған.

-         Әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжирибесі  бағдарламасын кеңейтуге 25274 мың теңге қарастырылған, есепті кезеңге жоспарланған сома 4026 мың теңге толығымен игерілген.

-         Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге 21716 мың теңге қаражат қарастылылып, есепті кезеңге төлемдері 10267 мың теңге 99,3 пайызға немесе 71,0 мың теңге үнемделген.

-         Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушыларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге ағымдағы жылы 11559 мың теңге бөлініп, төлемдері 6767 мың теңге толығымен игерілген.сонымен қатар жеке тұлғаларға берілетін тарнсферттер есебінен 1014 мың теңге қаражат қарастырылған.

-         Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуге 3098 мың теңге қаражат қарастырылған, есепті  кезеңге төлемдер жоспары 1549 мың теңге толығымен игерілді.

-         «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыруда ауылдық (селолық) округтарды жайластыру мәселелерін шешу үшін іс-шаралады іске асыруға Жетыген, Жаңа-арна, Қараой,Жапек Батыр, Түймебай, жана Дәуір, Тлендиев, Байсерке,Өтеген батыр кентіне  24700 мың теңге бөлініп, төлемдер жоспары 7410 мың теңге есепті кезең соңына толығымен игерілген.

-         Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы  бойынша ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыруға 111153 мың теңге қаражат  Еңбек, Жетыген, Қосөзен, Ақши ауылдарына иесіз қалғн бос объектілерді жоюға  қарастырылып, есепті кезеңге төлемдер жоспары 37890 толығымен игерілген.

-         Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы  бойынша ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді салу және реконструкциялауға , Өтеген батыр кентінің кәріз жүйелерін күрделі жөндеуден өткізудің 4 кезеңіне  93897 мың теңге бөлініп, есепті кезеңге төлемдері 30969 мың теңге толығымен игерілген.

-         Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскілерін алуға,толығырақ Батыс Еуропа Батыс Қытай жолдарының құрылысына жер учаскілерін алуға ағымдағы жылы 2 455294 мың теңге бөлінген.

                    Ағымдағы есепті жылы Республикалық бюджетен 5521466 мың теңге қаражат көлемінде даму трансферттері бөлінген. Оның ішінде:

-         Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және сатып алу бойынша Чапай ауылындағы 20 пәтерлі арендалық тұрғын үй құрылысына 107210 мың теңге бөлініп, есепті кезеңге толемі 100 пайызға немесе 48244 мың теңге игерілді.

-         Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау және дамыту, жайластыру немесе сатып алу  бойынша С-4 қанаттас, серіктес қалаларының  Кокпа-1 құрылысына және ПС220/110/10кВ жаңарту жұмысына, Газдандырудың 1 кезеңінің құрылысына, 110кВ 2 кабель жүйелрерінің ПС 220/110/10кВ Қоянқұстан Кокпа -1 дейінгі құрылысына  және 7 құрылыс нысандарының  ЖСҚ-на Магистарлды газ құбыры «Алматы-Байсерке –Талғар» құрылысына  ағымдағы жылы 3116402 мың теңге бөлініп , есепті кезеңге 1035354,7 мың теңгеге немесе 100 пайызға орындалды және Гейт Сити қанаттас қаласының құрылыс жолында қалатын жерлерді мемлекеттік қажеттілік үшін сатып алуға ағымдағы жылы 948357 мың теңге бөлініп есепті кезеңге аталған сома толығымен игерілген.Сонымен қатар Қосозен ауылының инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға 340948 мың теңге бөлініп, есепті кезеңге  161618,7 мың теңге толығымен игерілген. 

-         «Жұмыспен қамту  2020 бағдарламасы» шеңберінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдардың дамуы бойынша Жетыген ауылындағы 25 арендалық тұрғын үйдің құрылысына 120564 мың теңге бөлініп, есепті кезеңге төлемдер жоспары 100 пайызға және 25 арендалық тұрғын үйдің ИКЖ мен абаттандыруына 28910 мың теңге бөлініп, есепті кезеңде толығымен 100 пайызға игерілген.

-         Білім беру нысандары бойынша 749927 мың теңге Түймебай ауылындағы 900 орындақ мектеп құрылысына қарастырылып, есепті кезеңге 274973 мың теңге төлемдер жоспары толығымен 100 пайызға игерілген.

-         Сумен жабдықдау жүйесін дамыту бойынша Боролдай ауылының су жүйесін жөндеу мен құрылысына ағымдағы жылы 109148 мың теңге қарастырылған.

 

                Республикалық бюджет есебінен 152744 мың теңге көлемінде кредит төмендегідей бағыттарға жоспарланған:

-         Өтеген батыр кентіндегі 50 пәтерлі кредиттік тұрғын үй құрылысына 60518 мың теңге ағымдағы жылы қарастырылып, есепті кезеңге жоспары 45518 мың теңгеге немесе 75,2 пайызға жұмыс көлемінің жоқ болуына байланысты 15000 мың теңгеге орындаусыз қалды.

-         Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер бойынша ағымдағы  қаржы жылында 92226 мың теңге қарастырылған, есепті кезеңге жоспарланған сома 14562 мың теңге 99,8 пайызға немесе 219 мың теңгеге жас мамандардан кредитке тапсырыстың түспеуіне байланысты орындалмады.

              Облыстық бюджет  бөлінген ағымдағы трансферттер есебінен 2012 жылы 1448070 мың теңге қаражат төмендегі нысандарға қарастырылған:

 

-         Білім беру мекемелері бойынша шығындарын орнына келтіруге 1159461 мың теңге қарастырылып, есепті кезеңге 979697 мың теңге игерілген.

-         Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке ағымдағы жылы 28937 мың теңге бөлініп , есепті кезеңдегі жоспары 11630 мың теңге толығымен  немесе 100 пайызғы игерілген.

-         Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек ,облыс әкімінің бөлген гранты бойынша қарастырылған қаражат 15413 мың теңге , есепті кезеңге 8580 мың теңге толығымен игерілген.

-         Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алып қою, соның ішінде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлікті есептен айыру бағдарламасы бойынша Алматы-Байсерке -Талғар магистралды газ құбырын жүргізудің 2 кезеңі  үшін,  Коянқұс, Ынтымақ, Жана-Дәуір, Кокқайнар ауылдарына газ өткізу үшін  ауыларалық газ құбырын өткізуге , «Батыс Еуропа Батыс Қытай», «Алматы-Қапшағай», БАКАД  автомобиль жолдарын жүргізу үшін, яғни мемлкеттік қажеттілік үшін алынатын құрылыс жолында тұрған нысандардың бағалау жұмыстарына ағымдағы жылы 30515 мың теңге бөлініп, есепті кезеңге төлемдер жоспары 12792 мың теңге 100 пайызға игерілген.

-         2013 жылға «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша Іле ауданының ауылдарын абаттандыруға және көгалдандыруға жобалау сметалық қөұжаттама әзірлеуге  ағымдағы жылы 4382 мың теңге бөлінді.

-         Жануарлардың энзоотикалық аурулары бойынша ветеринариялық іс шаралардыжүргізу үшін 2012 жылға 1712 мың теңге бөлініп, еспті кезеңге 752 мың теңге төлемдер жоспары толығымен 100 пайызға  игерілген.

-          Мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша , мал қорымдарының құрылысына ЖСҚ әзірлеуге  ағымдағы жылы 240 мың теңге қарастырылған.

-         Жерді аймақтарға бөлу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға есепті жылы 26810 мың теңге қарастырылған, ағымдағы есепті айға төлемдер жоспары 10724 мың теңге 100 пайызға орындалды.

-         Ауданның қала-құрылысы даму аумағын және елді –мекендердің бас жоспарлы схемаларын әзрлеуге 42600 мың теңге бөлінген, есепті кезеңге 11975 мың теңге жоспарланған сомасы 99 пайызға немесе 11854,8 мың теңгеге игерілген.

-         Селолық әкімшлік аппаратының материалды техникалық базасын нығайтуға, 1600 мың теңгеден «НИВА» автокөлігін сатып алуға 17600 мың теңге қаражат қарастырған.

-         Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету сараптамысн жүргізу , консультациялық сүйемелдеу жүргізуге ағымдағы жылы  84400 мың теңге нақтыланып, есепті кезеңге төлемдер жоспары 720 мың теңге 100 пайызға орындалды.

 

              Облыстық бюджет  бөлінген даму  трансферттері есебінен 2012 жылы 967161 мың теңге қаражат төмендегі нысандарға қарастырылған:

     - Білім беру нысандарыны бойынша 220 орындық Жетыген ауылындағы мектепқұрылысына, 900 орындық Түймебай ауылындағы мектеп құрылысына, 300 орындық Али ауылындағы мектеп құрылысына Қосөзен ауылындағы бала бақша құрылысын жаңартуға және аяқтауға 328857 мың теңге бөлініп есепті айжың жоспары 62000 мың теңге толығымен орындалды.Сонымен қатар Өтеген батыр кентіндегі 320 орындық , 1200 орындық мектептер  құрылысына, Комсомол ауылындағы 450 орындық мектеп құрылысына , Тлендиев, Байсерке ауылындағы 600 орындық мектептер құрылысына, али ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысына және Жауғашты ауылындағы №27 және Қуған ауылындағы №32 орта мектептердің асхана, спорт   және акт  залдарының құрылысына жобалау сметалық құжаттама әзірлеуге 148967 мың теңге қарастырылған, есепті кезеңге төлемдер жоспары 93900 мың теңге 100 пайызға игерілді.

    -   Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және сатып алу бойынша Чапай ауылындағы 20 пәтерлі арендалық тұрғын үй құрылысына және осы ауылдағы 20 пәтерлі крммуналдық тұрғын үй құрылысына 98281 мың теңге нақтыланған , есепті айдағы жоспары 45857 мың теңге 24720 мың теңгеге орындалып, коммуналдық тұрғын үй құрылысына жұмыс көлемінің болмауына байланысты 21137 мың теңге игерілмей қалды.Сонымен қатар осы бағдарлама нысанында Өтеген батыр кентіндегі 64 пәтерлі арендалық тұрғын үй құрылысына  және Боролдай кентіндегі 30 пәтерлі коммуналдық   тұрғын үй құрылысына жобалау сметалық құжаттама әзірлеуге 12000 мың теңге қарастырылған, есептң кезеңге аталған нысандар бойынша төлемдер жоспары 7092 мың теңге толығымен орындалды.

     -  Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау және дамыту, жайластыру немесе сатып алу  бойынша Чапай ауылындағы 20 пәтерлі коммуналдық, 20 пәтерлі арендалық, Өтеген батыр кентіндегі 50 пәтерлі кредиттік тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық  жүйесін жайластыруға 70000 мың теңге қарастырылған , есепті айға төлемі 24481 мың теңге қаражат 37,2 пайызға немесе 15367 мың теңге көлемінде конкурстық құжаттамасының болмауына байланысты орындаусыз қалды және Қуйған ауылының, Боролдай ауылындағы 30 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің және  Өтеген батыр кентіндегі арендалық тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыруға 10636 мың теңге бөлініп, есепті айға қарастырылған 8182 мың теңге 100 пайызға игерілді.

     -  «Жұмыспен қамту  2020 бағдарламасы» шеңберінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдардың дамуы бойынша Жетыген ауылындағы 25  арендалық тұрғын үй құрылысына 2825 мың теңге бөлініп есепті кезеңге 114,7 мың теңге тендерлік үнем қалды. Сондай-ақ 25 арендалық тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық  инфрақұрылымының құрылысына  ағымдағы жылда 31533 мың теңге қаражат қарастырылып еспті кезеңге толығымен игерілді.

     -  Сумен жабдықтау жүйесін дамыту бойынша Іле ауданының Еңбек , Ынтымақ, ауылдарында сү жүйелерін дамыту және құрылысына 73737 мың теңге қаражат қарастырылып, есепті кезеңге 57575 мың теңге төлемдер жоспары толығымен игерілді.Сонымен қатар Түймебай, Тлендиев,Покровка  ауылдарының су жүйелерін дамыту мен құрылысына жобалау сметалық құжаттама әзірлеуге 25325 мың теңге бөлінген, есепті кезеңге 10225 мың теңге төлемдер жоспары 100 пайызға орындалды.

   - Коммуналдық шаруашылғын дамыту бағдарламасы бойынша ауданның жаңа құрылыстарының электр жүйелерін жүргізуге 70000 мың теңге бөлініп, есепті кезеңде 9600 мың теңге толығымен игерілді. Көктерек ауылының және Өтеген батыр кентіндегі кәріз жүйелерін жаңғырту мен құрылысына  ағымдағы жылы 93000 мың теңге қарастырылған.  Қосөзен ауылының электр жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеуден тендерлік үнем 2000 мың теңге орындаусыз қалды.

 

 

               2012 жылғы Іле ауданы бойынша бюджеттік даму бағдарламалары 6675278 мың теңге, ағымдағы жылдың есепті кезеңіне  нақтыланған  бюджет жоспарында қаралған 3126520 мың теңге, нақты орындалғаны 3072899,1 мың теңгені құрап, 98,3 пайызға игерілген, оның ішінде:

         - инвестициялық жобалар-жергілікті және республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен мемлекеттік коммуналдық тұрғын-үй қорының тұрғын үй құрылысы және білім беру объектілерін салу және реконструкциялау  , республикалық және жергілікті бюджеттен берілетін трансферттер есебінен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту ,сумен жабдықтау жүйесін дамыту, жергілікті бюджеттен ауыл шаруашылық объектілерін дамыту, республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен тұрғын-үй салуға жұмсалынды.

                    Мемлекеттік мекемелердің еңбекақысы 2004 жылы 17 қаңтардағы №1284  Елбасы жарлығы «ҚР Ұлттық банк сметасы және мемлекеттік бюджет есебіндегі ҚР орган қызметкерлері еңбекақысының бірыңғай жүйесі туралы» және №1400 «Азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесі туралы» қаулысына сәйкес қызметкерлерді сыйақымен қамтамасыз ету қаржыландыру жоспарындағы үнемдеу арқылы түскен қаражат көлемінде мекемелер бастығының бұйрығы негізінде іске асырылған.

         Мемлекеттік мекемелерде жанар-жағар май материалдары спидометрдің көрсеткіштері бойынша автокөліктің шынайы жүрісін есепке алмағанда,100 км жүрген көліктер маркасы бойынша бензин шығынының бекітілген нормаларына сәйкес жүргізілді.

       2012 жылдың  1 шілдесіне    дебиторлық  берешек  486022,0   мың теңгені құрайды.                              Оның ішінде: Іле  ауданының құрылыс  бөлімі ММ бойынша    2012  жылдың   1    шілдесіне дебиторлық  берешек 451270,3 мың теңгені құрады. Бюджеттік бағдарлама 467 037015 «Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» 421 ерекшелігі бойынша 68079,0 мың теңге, оның ішінде 8477,1 мың теңге Жана-Арна  ауылындағы 180 орындыққа арналған орта мектептің құрылыс жұмыстарына  алдын-ала төлеуге  байланысты, 379,8 мың теңге Первомай ауылының №24 орта мектебінде жылу қазандығын салу және газбен қамтамасыз етуіне ЖСҚ даярлауына алдын-ала  төлеуге байланысты, 53222,1 мың теңге Жетіген  ауылындағы 220 орындыққа арналған орта мектептің құрылыс жұмыстарына  алдын-ала  төлеуге  байланысты, 3000,0 мың теңге Өтеген батыр   кентіндегі 320 орындыққа арналған бала-бақшаның құрылысына ЖСҚ даярлау жұмыстарына  алдын-ала төлеуге  байланысты және 3000,0 мың теңге Комсомол  ауылындағы 450 орындыққа арналған орта мектептің құрылысына ЖСҚ даярлау жұмыстарына  алдын-ала төлеуге  байланысты қалыптасты. Бюджеттік бағдарлама 004011 «Республикалық трансферттердің есебінен икж жобалау, дамыту және жайластыру» 421 ерекшелігі бойынша 352069,0 мың теңге, оның ішінде 75904,4 мың теңге Іле ауданының Қосозен ауылындағы ИКЖ құрылыс жұмыстарына алдын-ала төлеуге байланысты қалыптасты және 276164,6 мың теңге Гейт Сити алғашқы қанаттас қаласын энергиямен жабдықтау.КЛ110кВ-ң Қоянқұс ҚС-ң 220/110/10кВ АБҚ-н РС Кокпа-1-на дейін құрылыс нысаны бойынша 30% төлеуге байланысты қалыптасты. 015 «Жергілікті бюджет есебінен» 421 ерекшелігі бойынша 2286,8 мың теңге қалыптасты, оның ішінде 1050,0 мың теңге Іле ауданының Боралдай ауылындағы коммуналдық үйдің ИКЖ құрылысына ЖСҚ даярлау жұмыстарына алдын-ала төлеуге байланысты және 1236,8 мың теңге  Іле ауданының Чапаев ауылындағы коммуналдық үйдің ИКЖ құрылыс  жұмыстарына алдын-ала 30 пайыз төлеуге байланысты қалыптасты. Бюджеттік бағдарлама 003011 «Республикалық трансферттердің есебінен мемлекеттік коммуналдық тұрған үй қорының құрылысы» 421 ерекшелігі бойынша 24887,5 мың теңге Іле ауданының Чапаев ауылында 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына алдын-ала төлеуге байланысты қалыптасты. Бюджеттік бағдарлама 003015 «Жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік коммуналдық тұрған үй қорының құрылысы» 421 ерекшелігі бойынша 3948,0 мың теңге, оның ішінде 1848,0 мың.теңге Іле ауданының Чапаев ауылында 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына алдын-ала төлеуге байланысты және 2100,0 мың.теңге Іле ауданының Боралдай ауылында 30 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің құрылысына ЖСҚ даярлау жұмыстарына алдын-ала төлеуге байланысты қалыптасты.

            Іле  ауданының ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімі ММ бойынша    34751,7 мың теңге. Бюджеттік бағдарлама 458026000 «Ауданның коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін қолдануды ұйымдастыру» бойынша 28031,7 мың теңге Боролдай кентіндегі жылу жүйелерінің құрылысының 2 кезеңіне алдын ала төлеуге байланысты қалыптасты. 720, 0 мың теңге 458108000 бағдарламасы бойынша инвестициялық жобалардың ТЭО негіздемесін әзірлеу бойынша Өтеген батыр кентіндегі қатты тұрмыстық полигон құрылысына алдын ала  30 пайыздық төлемге байланысты және 6000,0 мың теңге 458028015 бағдарламасы «Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бойынша ауданның жаңа құрылыстарына электр жүйелерін өткізуге алдын ала 30 пайыз төлеуге байланысты қалыптасты.

      Есепті жылдың 1 шілдесіне кредиторлық берешек қозғалысында заңсыз шығынға жазылған немесе талаптың көнелігінен мерзімін өткізіп алған   берешегі болған  жоқ.