БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Кәсіпкерлік бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 

Өнеркәсіп
 
 


2013 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 178,6 млрд. тенгені құрады, ал физикалық индексі көлемі - 114,1%.
Өндіріс саясатын және индустриялды базаны ауданнның 20 ірі және 109 орта кәсіпорындары қарқындатып тұр. Сонымен қатар ауданда 39 –дан астам өңдеу өндірістері жұмыс істейді, олар 2012 жылы 109,0 млрд.теңгенің өнімін өндірген, 2011 жылға қарағанда өсім қарқыны 3,8 млрд.теңге немесе 3,5%.
Аудан өнеркәсібінің үлестік салмағы тауар өндіріс көлемінің 35,8 %. құрайды. Жалпы облыстық тауар өндірісінде аудан жүзім шарабы мен темекі өнімдері бойынша алдынғы орында.
Индустрияландыру картасы «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы аясында 1,2 млрд. теңгеге 3 обьекті іске қосылды, олар: автомобиль фильтрі «Каз-Фильтр» ЖШС, Боролдай ауылында дәрі дәрмек препараттарын шығаратын зауыт «ПФК Элеас» ЖШС және Қоян Қус ауылында өртке қарсы құралдар мен желдеткіш шығаратын зауыты іске қосылды.
Картадан тыс жаңа 8 өнеркәсіп объектілері іске қосылып, 450 жұмыс орны ашылды. 9 кәсіпорындарының өндіріс көлемі ұлғайып, 315 қосымша жұмыс орындары ашылды.
Ауданның 29 кәсіпорындары мен ұйымдары ИСО 9000, 14000, OHSAS, халықаралық сапа жүйесіне сәйкестік сертификаттарын алды.