БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Кәсіпкерлік бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмысты қамтамасыз ету бойынша террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларымен қызметкерлеріне Әдістемелік ұсыныстар 15.02.2017

 

          

Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы

1-бап

Террористік тұрғыдан осал объектілер – аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер және стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері, қауіпті өндірістік объектілер, адамдар көп жиналатын объектілер, олардың тізбесін және оларға қойылатын тиісті талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

10-3-бап. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал
объектілер меншік иелерінің, иеленушілерінің, басшыларының
немесе өзге де лауазымды адамдарының, террористік тұрғыдан осал
объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт
жасасқан күзет қызметі субъектілерінің міндеттері

      1. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары террористік әрекеттің алдын алу, сондай-ақ объектілерді терроризмге қарсы қорғау және олардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтау мақсатында:

      1) тиісті өткізу режимін, объектілерге қойылатын қойылатын талаптарға сәйкес оларды қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтауды қамтамасыз ету;

     2) үлгілік паспорттың негізінде – өздеріне сеніп тапсырылған объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын әзірлеу;
      3) персоналды үй-жайларды қарап тексеру техникасына үйрету, жарғыш құрылғылардың орнатылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу;

      4) жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау мен пысықтау;
      5) объектінің ақпараттық желілерін қорғауды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға міндетті.
      Терроризм актісі жасалған жағдайда меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал 
объектілердің басшылары және (немесе) қызметкерлері жасалған терроризм актісі туралы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына немесе ішкі істер органдарына дереу хабарлауға және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз етуге міндетті.

      1-1. Тиісті өткізу режимін қамтамасыз ету, өз персоналын үй-жайларды қарап тексеру техникасына оқытып-үйрету, жарылғыш құрылғылардың орнатылуы ықтимал орындарды анықтау бойынша профилактикалық және оқыту іс-шараларын өткізу, терроризмге қарсы қорғаудың техникалық құралдарын тиісінше пайдалану жөніндегі міндеттерді террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелерімен, иеленушілерімен немесе басшыларымен күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметінің субъектілері де орындайды.

     2. Тиісті іс-шараларды іске асыру мақсатында меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары қажетті қаржыландыруды көздеуге міндетті.

      3. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілер меншік иелерінің, иеленушілерінің, басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің көрсетілген міндеттерді орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі

149-бап. Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегiмiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау

      1. Террористiк тұрғыдан осал объектінің меншік иесінің, иеленушісінің не басшысының не террористiк тұрғыдан осал объект бойынша күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы – жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) – үш айға дейінгі мерзімге қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға – екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесі

      

Р/с №

Объектілердің атауы

1

2

1. Аса маңызды мемлекеттік объектілер

1

Орталық атқарушы мемлекеттік органдардың, арнаулы, құқық қорғау органдарының, олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың әкімшілік ғимараттары мен объектілері

2

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің объектілері, оның филиалдары мен қоймалары

2. Стратегиялық объектілер

3

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiмен бiрлесiп күзететiн, Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген Қазақстан Республикасының объектiлерi, сондай-ақ мемлекеттiк маңызы бар объектiлер

4

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлiмдерi

5

Мемлекеттiк материалдық резервтерi бар объектiлер (медициналық препараттарды, жанар-жағармай материалдарын сақтау қоймалары, азық-түлiк және киiм-кешек қоймалары)

6

Ауыр қылмыс жасауға күдікті адамдарды стационарлық сот-психиатриялық сараптамадан өткізу және зерттеу жөніндегі мемлекеттік ұйым

7

Ғарыш инфрақұрылымының объектілері

8

Тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi, оның iшiнде мынадай салада: жылумен жабдықтау – жылу электр орталықтары (50 Гкал жоғары); ауыз сумен жабдықтау – су жинақтау құрылыстары

9

Отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды өндiрумен және өңдеумен байланысты объектiлер, химия өнеркәсiбiнiң объектiлерi

10

Су шаруашылығы объектiлерi (гидротехникалық құрылыстар: гидротораптар, шлюздер, бөгеттер; су ресурстарын басқару үшiн пайдаланылатын су қоймалары)

11

Республикалық маңызы бар байланыс, теле- және радиохабарларын тарату объектiлерi

3. Қауіпті өндірістік объектілер

12

Аса қауiптi, бактериологиялық, биологиялық, химиялық, есiрткi құралдарын және прекурсорларды әзiрлеу, өндiру, сынақтан өткiзу, зерттеу және сақтау жөнiндегi мемлекеттiк ұйымдардың және мекемелердiң объектiлерi

13

Заңды тұлғалардың жарылғыш және улы заттарды сақтау жөнiндегi объектiлерi

14

Атом энергиясын пайдалану объектілері

4. Адамдар көп жиналатын объектілер

15

500 және одан да көп шаршы метр сауда алаңы бар сауда объектілері

16

100 және одан да көп отырғызу орындары бар қоғамдық тамақтану объектілері

17

Бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар іргелес ашық аумағын қоса есептегенде, көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған концерт залдары

18

Бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар іргелес ашық аумағын қоса есептегенде, көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған спорт құрылыстары

19

Бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар іргелес ашық аумағын қоса есептегенде, көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған ойын-сауық құрылыстары

20

Бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар іргелес ашық аумағын қоса есептегенде, көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған көлік құрылыстары (вокзалдар, бекеттер, порттар, аэродромдар, әуежайлар)

21

Өзге де бұқаралық ғимараттар – ғибадат үйлері (құрылыстары), мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, мемлекеттік қызмет көрсететін өзге де жеке және заңды тұлғалардың объектілері, пошта желісі мен бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар байланыс қызметтерін пайдаланушыларға қызмет көрсету объектілері

22

Бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар іргелес ашық аумағын қоса есептегенде, көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған білім беру ұйымдары

23

Бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар іргелес ашық аумағын қоса есептегенде көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған денсаулық сақтау ұйымдары

24

Бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар іргелес ашық аумағын қоса есептегенде, көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған туристердi орналастыру орындары (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристiк базалар, қонақжайлар, демалыс үйлерi, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшiн пайдаланылатын басқа да ғимараттар мен құрылыстар