Междуреченск ауылдық округі бойынша
этно-мәдени бірлестіктер жұмысы туралы
2016 жылы І тоқсанында атқарылған жұмыстар жайлы
ақпарат
Округте түрік мәдени бірлестігі жұмыс атқарады, жетекшісі Екпінді ауыл тұрғыны – Свайлов Алипаша Маликшаұлы. Белсенді мүшесі №2 орта мектептің мұғалімі Мадетова Хелия Сарварқызы.
Түрік ҰМБ мерекелерде және тағы басқа қоғамдық шараларда келісімді жоспар бойынша ұлттық қолөнер көрмелерін ұйымдастырады. Тұрақты түрде мерекелік шараларда концерттік бағдарламаларға қатысып, спорттық шараларды белсенді түрде өткізеді. Округте ұлтаралық қатынастар саласын жетілдіру мақсатында үш жұмыс тобы құрылып, іс-шаралар жоспарлары бекітілген. Топтың құрамында түрік ҰМБ мүшелері, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, учаскелік полиция инспекторлары және әкім аппаратының мамандарынан құрылған. Жоспарға сәйкес жұмыс тобының тоқсандық отырыстары өткізілді.
Междуреченск ауылдық округі бойынша
үкіметтік емес ұйымдармен жүргізілген жұмысы туралы
2016 жылы І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы
ақпарат
Междуреченск ауылдық округінде «Арман» жасөспірімдер клубы жұмыс істеп келеді. Клубтың «Шебер қолдар» үйірмесінде 18 бала, «ұлттық қолөнер» 15 бала қатысады. «Ою өрнек үйірмесі» 18 бала қатысады. Олардың ішінде 5 бала жетім, 8 бала жағдайы төмен отбасынан шыққан. Сондай-ақ осы клубта «Қол өнерін үйрен», «Домбыра» үйірмелері жұмыс істейді. Үйірме мүшелерінің жасаған еңбектерін Іле ауданындағы өткен саяси, мәдени іс-шараларда көрмеге қойылады. Үйірме мүшелері яғни, округіміздің жастары өз жұмыстарының ел алдына шыққанына өз ризашылықтарын білдіреді. Бұндай шараларға қатысып жүргкен жастардың болашағынан зор үміт күтуге болады. Ата-аналарыда бос уақыттарын пайдалы өткізгендеріне осы үйірме жетекшілеріне ризашылығын бідіруде. Жыл басынан белгіленген жоспар бойынша көптеген қоғамдық шаралар ұйымдастырып, округтің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысып келеді.
Междуреченск ауылдық округі бойынша
әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі
комиссияның жұмысы туралы
2016 жылдың 1 тоқсанына
ақпарат
Междуреченск ауылдық округінде 2016 жылға әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнінде комиссия құрылған.бұл комиссия бйылғы жылдан бастап аналар кеңесі болып өзгертілді. Осы жылға міндеттері мен жоспары құрылған. Округ көлемінде бірнеше кәсіпкер әйелдер тіркелген. Олар қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене қатысады. Барлық мәдени іс-шараларда, қайырымдылық акцияларында көмектерін аямайды.
Округте 182 жұмыссыз әйелдер тіркелген. Бұл әйелдерді жұмыспен қамтыу мен әлеуметтік көмек тағайындалған. Сондай-ақ 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы 86 отбасы алады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектен 2 отбасы алады.
Междуреченск ауылдық округі бойынша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің жай-күйі туралы
2016 жылы І тоқсанында
ақпарат
Междуреченск ауылдық округінде мемлекеттік мекемелерден округ әкімшілік ғимараты, округтік мәдениет үйі, 3 орта мектептер, аудандық орман шаруашылығының ғимараты және 2 дәрігерлік амбулатория тіркелген. Барлық мемлекеттік мекемелерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері стандартқа сәйкес орнатылған. Рәміздері стандартқа сай, әрі «Алматықалабезендіру» мекемесінен алынған. Елтаңбаға арнайы жарық түсірілген. Ту үш айда, тозуына байланысты жойылып, жаңа ту орнына орнатылуда. Барлық қажетті құжаттары мекемедегі жауапты қызметкерде тіркелген. Әр мекемеде Қазақстан Республикасының Рәміздері туралы стендттер жаңартылған.
Междуреченск ауылдық округі бойынша
саяси партиялармен атқарылған жұмыстары туралы
2016 жылы І тоқсанында
ақпарат
Междуреченск ауылдық округі бойынша «Нұр Отан» БПҰ Іле аудандық «Междуреченск» партиялық филиалы жұмыс істейді. Олар №16 орта мектептің ұжымы, №2 орта мектептің ұжымы, №27 орта мектептің ұжымы, Алматы облыстық орман шаруашылығы мекемесі, Междуреченск ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, Екпінді ауылдық дәрігерлік амбулаториясы және Междуреченск ауылдық әкімшілік қызметкерлері. Партия мүшелігіне округ бойынша 395 адам қабылданған. Округтегі мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері 100 пайыз «Нұр Отан» мүшелері. Биылғы жылы округіміздегі жекеменшік «Фуд Мастер» кәсіпорындардан өздерінің өтініштерімен, жаңа партия мүшелерімен жаңа топтар құрылды. Бұл топтан 40 жұмысшы тіркелді. Мамыр айынан бастап жарналарын уақытында төлеуде.
Междуреченск ауылдық округі бойынша
кәсіподақ ұйымдарымен
2016 жылы І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы
ақпарат
Междуреченск ауылдық округі бойынша №16, №2, №27 орта мектептері, «Қаскелең» акционерлік қоғамы, әкім аппаратында, дәрігерлік амбулаторияда кәсіподақ ұйымдары құрылған. Барлық кәсіподақ отырыстарында дәстүрлі елбасымыздың халыққа жолдауы талқыланып отырады.
№ 2 орта мектептің кәсіподақ ұйымында – 89 адам, төрағасы Байкубеков Т., № 27 орта мектептің кәсіподақ ұйымында – 50 адам, төрағасы – Смагулов Е., № 16 орта мектепте – 120 адамнан құралған төрайымы Есжанова К., Междуреченск ауылдық дәрігерлік амбулаторияда – 36 адам, төрайымы – Левченко С., Екпінді ауылдық дәрігерлік амбулаториясында – 15 адам, төрағасы Жұмабаев М., әкім аппаратында – 12 адам, төрайымы Бисенова Л., «Қаскелең» АҚ – 37 адам, төрағасы Рустемов А.
Ұйым мүшелері ұжым арасындағы келіспеушілікті тудырмау және ұйымшылдықты жақсарту мақсатында мерекелік даталарға байланысты салтанатты жиындар, құрметтеу грамоталарына, алғыс хаттарға ұсыныс жасау, әр түрлі жағдайларда кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсету шараларын өткізеді.
Барлық ұйымдарда есептік-сайлау жиналыстары жүргізіледі. Жыл бойынан бері өз ұжымдарында мерекелік шаралар ұйымдастырылып, ұжымдағы қызметкерлердің мерейтойлары мен туған күн мерекелерінде құттықтау ұйымдастырылады. Ұжымдардың кәсіби деңгейін жоғарлату мақсатында қызметтеріне қатысты заңнамаларды, нормативтік актілерді және т.б. нормативтік-құқықтық құжаттарды талқылау, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. ҚР Президентінің дәстүрлі халыққа Жолдауын таныстыру және түсіндіру шаралары ұжымдар арасында жүргізілді.
Междуреченск ауылдық округі бойынша
діни бірлестіктермен
2016 жылы І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы
ақпараты
Междуреченск ауылдық округі бойынша округте құжаттары тіркелген екі мешіт, бір проваславтық шіркеу бар. Осы мешіт пен шіреуде аптасына бір рет уағыздар оқылады. Уағыздардың негізгі тақырыптары: «Ата-ананы құрметтеу перзенттің борышы», «Қабыр азабы және қабырды зират ету», «Мұсылман қорғаны - дұғасы», «Қияметтің үлкен белгісі», «Иман және амал», «Тәкаппарлық екі дүниенің кесірі», «Зинақорлықтың зардабы»,«Муминнің (мұсылманның) сипаты», «Қадыр түнінің қасиеті», «Нәфсіні тәрбиелеу», «Қайырымдылық қадірлі іс», «Масих дәжжалдың фитнасы». Мешіттерге аптасына 170 жамағат келеді. Округтегі теріс ағымда жүрген адамдар тіркелмеген. Дегенмен «Салафит», «Хиз бут Тахир» және т.б. теріс ағымдары туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мешіттерде - 7 «Неке қиу» рәсімі, жаңа туған 5 нәрестеге «Азан шақырып» ат қойды.
Междуреченск ауылдық округі бойынша
ардагерлермен атқарылған жұмыстары туралы
2016 жылы І тоқсанында
Ақпараты
Междуреченск ауылдық округіне қарасты 3 елді мекен бар.
Қазіргі күнде ресми Междуреченск ауылдық округінде 41 тыл ардагері, 2 соғыс ардагері тіркелген. Жыл басынан бері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында, округіміздегі ақсақалдарға мекеме басшыларының және жеке кәсіпкерлердің көмегімен ҰОС ардагерлеріне атаулы мерекелерді арнайы сыйлықтар берілді. Оларды Ұлы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтай отырып, ардагерлерге құрметтейміз бен ілтипатымызды тағзым етудеміз. Әлі күнге қоғамдық жұмыстан қол үзбей, жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген ардагер аталарымыз бен апаларымыздың өнегелі өмір жолдары қазіргі жастарға үлгі болары сөзсіз.
Округімдің ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Жармағанбетов және округтегі аналар кеңесінің төрайымы Б.Байбосынова барлық саяси және мемлекеттік мерекелік іс-шаралардың өтуінде толығымен атсалысады. Атап айтсақ, Ауған жерінен Совет әскерлерінің шығарылуы күнін, 1 наурыз «Алғыс күнін», 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күнін», 22 наурыз «Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз» меркелерінде барынша атсалысты. Округімізіңд ақсақалдар кеңесі мен қоғамдық кеңестері ҚР Тұңғыш Президенті ұсынып отырған саясатты толығымен құптап, өз ой пікірлерін жиналсытсарда айтып отырады. Округіміздегі жастардың жүріс тұрысы мен келеңсіз оқиғаларға тап болуы кезінде де, осы ақсақалдар кеңсінің көмегіне жүгінеміз. Қариясы бар елдің болашағы жарқын болмақ.
Междуреченск ауылдық округі бойынша
2016 жылы І тоқсанында
АНТ-ң атқарылған жұмыстары туралы
ақпараты
Округте ақпараттық насихат тобының мүшелері-ұлттық мәдени орталығының төрағасы, мекеме қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер дін төрағаларынан құрылған.
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауын көпшілік арасында кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ел басының «100 қадам», «Нұрлы жол» атты жолдауын насихаттау, түсіндіру мақсатында АНТ мүшелерімен және тұрғындармен кездесу өткізілді. Келешек кемел болу үшін қазіргі қолда бар құндылықтарды жоғалтпай мықты ұстау керек екенін баяндады. Округіміздегі түрік ұлттық этно-мәдени бірлестігінің мүшесі Х.Мадедова бірлестік мүшелерінің атынан саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шараларға белсене қатысып, еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етуге атсалысып жүрген жастарға жасалған барлық қамқорлыққа ризашылығын білдірді.
Междуреченск ауылдық округі бойынша
өткізілген қоғамдық саяси-шаралар туралы
2016 жылы І тоқсанында
мәлімет
Междуреченск ауылдық округі бойынша 13-21 қаңтар аралығында қоғамдық-саяси ұйымдардың базасы жаңартылды. Халықтың әлеуметтік ахуалының деңгейін анықтап шамамен 90 отбасыға арнайы әлеуметік көмекке мұқтаж адамдардың құжаттары жиналып, жәрдемақы тағайындауға тапсырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын № 16 орта мектепте талқылады. Кезектен тыс жүргізілгелі отырған депутаттар сайлауына орай, округіміздегі база жаңартылып, керекті үгіт-насихат құралдары қойылатын жерлер анықталды. Өзін-өзі басқару жүйесін жүзеге асыруға байланысты, округіміздегі қоғамдық кеңестермен 19 қаңтар күні жиналыс өткізілді. Бұл жиналыста округіміздің белсенді азаматтары қатысып, жылдық жоспарға өзгертулер мен ұсыныстар енгізді. Екпінді ауылында 4.02.2016 жылы №2 орта мектепте «Жол картасы 2020» бағдарламасын жастар арасында насихаттау мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 5.02.2016 жылы Междуреченск ауылдық округіндегі № ргізді.мдық кеңес төрағалары мен әкім аппаратындағы әлеуметтік сұрақтар бо16 орта мектептің мәжіліс залында дағдарысқа қарсы туру тақырыбында дөңгелек үстел жүргізілді. 06.02.2016 жылы Междуреченск мәдениет үйінде округіміздің барлық ән сүйер қауымына «Жырлайды жүрек» тақырыбында концерт қойылды. 7.02.2016 жылы Междуреченск ауылында әйелдер арасында валейболдан жарыс ұйымдастырылды. 8 ақпан күні Тәуелсіздіктің 25 жылдыққа орай, кітапханада дөңгелек үстел өтті. 9.02.2016ж. М. Мақатаевтің 85 жылдық мерей тойына орай Междуреченск ауылдық кітапханасында «Мұқағали әлеміне саяхат» кездесу өткізілді. 11.02.2016 жылы №16 орта мектепте «Мемлекеттік рәміздер-Тәуелсіздіктің жеңісі» жастар арасында насихаттау мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 12.02.2016 жылы Междуреченск ауылдық округіндегі кітапханада Ж.Жабаевтың 170 жылдығына орай ақындармен кездесу өтті. 14.02.2016 жылы Екпінді ауылындағы № ргізді.мдық кеңес төрағалары мен әкім аппаратындағы әлеуметтік сұрақтар бо2 орта мектептің спорт залында 16 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар арасында волейболдан жарыс өтті. 15.02.2016 жылы округіміздің Ауған соғыс ардагерлерін аудандық іс-шараға қатысуын ұйымдастырылды. 16.02.2016 жылы Междуреченск мәдениет үйінде округіміздің барлық ән сүйер жастары арасында «Жетісу жұлдыздары» байқауына кастинг өтті. Бұл шараға округімізің барлық елді мекеннен конкурсанттар қатысты. 5 жеңімпаз аудандық кастингке қатысуға жолдама алды. Осы күні округіміздің Ауған соғысы ардагерлеріне арналған мерекелік шара өтті. 17.02.2016 жылы сайлау алды жоспарына сәйкес округміздің депутаттарының сенімді өкілдерімен кездесу өткізілді. ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған әлеуметтік сала аясында кездесу жиын өтті. 24.02.2016 жылы Междуреченск ауылдық округіндегі № 16 орта мектепте, жас мамандар арасында «Ата – Заң елдіктің жарқын кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 25.02.2016 жылы «Каскелең» АҚ еңбек ұжымымен округіміздің аудандық депутатқа үміткерімен кездесу өтті.7 ақпан күні «Проводы зимы - Масленица» мәдениет үйінде ұйымдастырылды. 28.02.2016 жылы «Веселые старты» №16 орта мектеп спорт залында оқушылар арасында жарыс өтті. 29 ақпан күні, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 16 қаңтар 2016 жылы №173 қаулысына сәйкес 1 наурыз «Алғыс айту» күні мерекесін округіміздің тұрғындары арасында ұйымдастырылды. 1 наурыз күні, кітапханада округімізде тұратын әр ұлт өкілдерімен кездесу өтті. Бұл кездесуде тарихи мәліметтер айтылды. 2 наурыз күні «От улыбки встанет всем светлей» тақырыбында фешмоб ұйымдастырылды. 03.03.2016 жылы Междуреченск ауылдық округінде көктем шығуына байланысты, «Көктем келді!» санитарлық тазалау байқауы жүргізілді. 05.03.2016 жылы округіміздегі Мәдениет үйінде «Арулар асыл жандар» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Осы салтанатты жиында округіміздің көп балалы ана, Сарбасова Бибигүлгеалтын алқа құрметпен тағылды. 06.03.2016 жылы « 8 наурыз мерекесіне орай, әйелдер арасында стол тенисінен» жарыс ұйымдастырылды. 07.03.2016 жылы округіміздің тұрғындары арасына «Как организовать свое дело?» тақырыбында семинар кеңес жүргізілді. 09.03.2016 жылы округімде тіркелген кондидаттармен кездесу жұмыстары ұйымдастырылды. 10.03.2016 жылы округімдің облыстық, аудандық маслихат депутаттарына үміткерлермен кездесу жүргізілді. 10.03.2016 жылы Междуреченск ауылдық округінде №16 орта мектепте «Діннің қоғамға әсері»,мәдениет үйінде «Жастар Отанға» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Округіміздің имамдары дөңгелек үстелге қатысқан жастарға тартымды әңгімелер айтты. Округіміздің жастары арасында 13.03.2016ж «Тоғызқұмалақ» ойыны ұйымдастырылды. Осы күні «Анаға сый» тақырыбында Междуреченск ауылының жастары ұйымдастырған концерт ұйымдастырылды. 10.03.2016 жылы округімде тіркелген кондидаттармен кездесу жұмыстары ұйымдастырылды.14-15.03.2016 жылы «Занятность на селе» тақырыбында округіміздегі шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер арасында түсіндіру және жүзеге асыру жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Осы жылы «Сыбаға» бағдарламасымен бірнеше кәсіпкер көмек алуы мүмкін. «Әз - Наурыз» мейрамы өз деңгейінде өтті. Бұл шара 22 наурыз күні сағат 10.00 басталып, кешкі сағат 18.00 дейін жалғасын тапты. Концерттік бағдарлама, ұлттық дастархандар, ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды. Бұл шараларды ұйымдастыруға округіміздің жеке кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарының қаржылай көмегінің арқасында өтті. Сондай-ақ округімздегі мемлекеттік мекемелердің арқасында бірнеше қазақ үйлер тігіліп ауыл тұрғындарына тамаша көңіл күй сыйлады. 24.03.2016 жылы Междуреченск ауылдық округінде «Роль третьего сектора в развитии общества» тақырыбында мәдениет үйінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 26.03.2016 жылы мәдениет үйінде «Ата мұра» «Шебердің қолы ортақ» ұлттық көрме ұйымдастырылды. 27.03.2016 жылы Екпінді ауылындағы №2 орта мектепте футбол ойыны, ардагерлер арасында ұйымдастырылды. Ойын тартымды өтті. «Менің Туым, Елтаңбам, Әнұраным» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. «Мемлекеттік тіл – дамудың негізі» тақырыбында семинар кеңес ұймдастырылды. Округіміздегі мешітте 30 наурыз күні аудан көлеміндегі имамдар жиналып жиын өткізді.
Междуреченск ауылдық округі бойынша
үгіт - насихат құралдары туралы
2016 жылы І тоқсанында
ақпараты
Междуреченск ауылдық округі бойынша үгіт насихат құралдары тұратын төрт орын бар. Олардың Междуреченск ауылдық округінің орталық көшесі 30 лет Победыдың бойында және Екпінді ауылындағы №2 орта мектептің қасында. Бұл билборд тақтайшалары жылына бірнеше рет ауыстырылып тұрады. Осы бірінші тоқсанда 30 лет Победы көшесіндегі тақтайшаларда «5 реформа 100 қадам Кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау – баршамызға ортақ парыз» стратегиялық бағытта ілінген. Бұл тақтайшалар барлық мейрамдарда өзгертіліп отырады. Қаңтар айында «Ұлт татулығын байланысты», ақпан айында «Нұрлы жол», наурыз айында « Наурыз мейрамы» тақырыптарында орнатылды. Үгіт-насихат құралдары уақытында ауыстырылатын болғандықтан эстетикалық жағдайы жақсы болып тұрады.
Междуреченск ауылдық округі бойынша
жыл сайынғы ҚР Президентінің халыққа жолдауының
насихатталуы барысы туралы
2016 жылы І тоқсанында
Ақпараты
Округте ақпараттық насихат тобының мүшелері-ұлттық мәдени орталығының төрағасы, мекеме қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер дін төрағаларынан құрылған.
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауын көпшілік арасында кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ел басының «100 қадам», «Нұрлы жол»атты жолдауын насихаттау, түсіндіру мақсатында АНТ мүшелерімен және тұрғындармен кездесу өткізілді. Сөз кезегінде округ әкімі С.Абдибеков бағдарламаның тарихи маңызын халыққа толығымен жеткізе отырып қазіргі таңда бағдарламаны іске асыруға бағытталған шараларға кеңінен тоқталып жан-жақты түсіндірді. Пікір алмасу барысында Жауғашты ауылының тұрғыны Б.Абдығаниев Үкімет тарапынан жасалып жатқан қолдауды ауыл тұрғындары шынайы сезінуде. Округтің тұрғындары болашаққа нық сенімді екенін жеткізді. Междуреченск ауылы жастар кеңесінің мүшесі Д.Сарсембин ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақыттарын тиімді өткізуге жасалған жағдайға алғыс білдірді. Округтегі барлық мәдени іс шараларға қатысып отыратын АНТ мүшелер - барлық шара ел тыныштығы мен татулығын нығайтуға арналғанын, әрі оны жүзеге асырушы мемлекетті мекемелердегі ұжымдар мен кәсіпкерлер екенін баса айтты. Келешек кемел болу үшін қазіргі қолда бар құндылықтарды жоғалтпай мықты ұстау керек екенін баяндады. Округіміздегі түрік ұлттық этно-мәдени бірлестігінің мүшесі Х.Мадедова бірлестік мүшелерінің атынан саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шараларға белсене қатысып, еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етуге атсалысып жүрген жастарға жасалған барлық қамқорлыққа ризашылығын білдірді.
Междуреченск ауылдық округінің әкімі С. Абдибеков.
|