7 наурыз күні КазЦИК ауылдық округінің «Аққу» мейрамханасында округ көркемөнерпаздарынан құралған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен жалғасты. Мерекелік жиынды округ әкімінің орынбасары А.Жасымбеков ашып аналарға өз игі тілектерін айтты, сондай-ақ тілектермен Қоғамдық кеңес төрағасы Б.Ашымбаев, М.Ахмедов, Әйелдер мен отбасы жөніндегі комиссия төрайымы А.Нұрова, Р.Тұрғанбаева, Б.Топарова тілек білдірді. Мереке соңынан округ әкімінің орынбасары А.Жасымбеков пен Ақсақалдар ұйымының төрағасы М.Джамилов округтегі төсек тартып жатқандарға үйіне барып, мерекелік сыйлықтарын табыстады. Сондай-ақ азық-түлік пакеттерін 4 жалғыз басты, жағдайлары күрт төмен аналарға таратты. Барлығы жұмсалған қаржы соммасы 350 000 теңгені құрады. Мерекелік іс-шараға 150 ана қатысты.

|