«Қазақстан – 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты және Президенттің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында көзделген бағыттарды орындау және округта әлеуметтік- экономикасының дамыуна көптеген іс-шаралар жүргізілуде.
Негізгі мәселелер: инфраструктураны дамыту, аз қамтылған отбасылардың материалдық жағдайларын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу.
Ауылшаруашылық
Қараой ауылдық округінде барлық жер көлемі 70198,0 кв.м. құрайды. Ауылшаруашылық жер көлемі – 110094га, оның ішінде егістік- 25000 га, сұғармалы жер– 1500га, сеппелі алқаптар көлемі – 20982га,оның ішінде: дақылдар- 5225га. сафлор- 3570 га, күнбағыс-73га, көкөніс-460га, картоп-243га, люцерна- 1205га, көп жылдық шөп- 1200га, жүгері- 1505га, соя- 486га, күздік бидай- 436га, күздік қара бидай – 325 га, күздік арпа – 935 га, жаздық арпа – 1650га, бақша- 62га.
Ауылдық округінде барлығы- 8084 бас ІҚМ, оның ішңнде сиыр- 2050 бас, қой- 25700 бас, оның ішінде - 13400 саулық, жылқы – 935 бас, оның ішінде – 318 бас бие, шошқа- 13746 бас , оның ішінде аналық шошқа – 832 бас, құс- 10200 бас, оның ішінде мекен тауық - 8090 бас.
Ауылдық округінде барлығы - 7110 бас ІҚМ, оның ішінде сиыр- 2900 бас, қой- 21590 бас, оның ішінде - 13733 саулық, жылқы – 606 бас, оның ішінде – 213 бас бие, шошқа- 11386 бас , оның ішінде аналық шошқа – 883 бас, құс- 10200 бас, оның ішінде мекен тауық - 8090 бас.
Кестеге сәйкес қаңғыбас иттерді ұстау жұмыстары жүргізіледі, жыл басынан округ бойынша 20 ит ұсталды.
Ауылдық округінде кіші және орта бизнесін қолдау жұмыстары жүргізілуде. Осы
салада 135 адам жұмыс істейді. 48 дүкен, 4 кафе, 2 асхана, 2 ателье, 2 ЖТО, 2 АЖС, 6 дәріхана, 3 шаштараз, 2 нобайхана, 1 сүт цехі, 1 сұйық май цехі, соя зауыты жұмыс істейді.
Салық
Округ бойынша жарты жыл аралығында 100% мүлік салығы жиналды (300,0), жоспар бойынша 300,0мың теңге, 106% жер салығы жиналды (265,0) жоспар бойынша – 250,0 мың теңге, саяжайлардан жиналған жер салығы жоспарланғаны 40,0 мың теңге, нақты жиналғаны – 40,0 теңгені құрады, орындалуы - 38 %.
Салық қарыздарын жинау жұмыстары үнемі жүргізілуде.
Әлеуметтік қорғау
Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 12 адам жіберілді, 5 тұрақты және 22 уақытылы жұмыс орындары ашылды.
2014 жылы 19 отбасының 18 жасқа толмаған балаларына, барлығы 55 балаға 466016 теңге мемлекеттік жәрдемақы төленді.
34 отбасына 1078429 теңге көлемінде тұрғын үй көмегі тағайындалды.
9 мүгедек баланы үйде оқыту үшін төленетін әлеуметтік көмек 243729 теңге көлемінде төленді.
Әлеуметтік салада жұмыс істейтін 212 адамға 1715,080 мың теңге көлемінде өтемақы тағайындалды.
ҰО соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне (2 адам) 36323 теңге коммуналдық көмек көрсетілді. Соғыс ардагерлері мен мүгедектері (1 адам) 50000 теңге біржолғы төлем тағайындалды.
Жыл бойы аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, жалғыз басты тұрғындарға, зейнеткерлерге, барлығы 2225 адамға 1045000 теңге көлемінде қайырылымдық көмек көрсетілді.
Инфраструктура
Ауылдық округінде орналасқан елді мекендер ауыз су, электрқұаты, байланыс, қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілген.
Үнемі санитаралық тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қараой және Н.Тілендиев ауылдарында тұрғындарды ауыз сумен «Қараой су» тұтынушылар кәсіпорын қамтамасыз етеді. Қосөзен ауылында «Іле су» тұтынушылар кәсіпорын қызмет көрсетеді. Қоқыс шығару қызметін Қараой, Н.Тілендиев ауылдарында «Виктория» ЖШС –гі көрсетеді.
Ауылдық округінің әлеуметтік-экономикасының дамуының дәлелі – округте жем (шрот) зауытының құрылысы жүргізілуде, жаңа құрылыстарда жолға асфальт төселінді, жаңа құрылыста және ауыл ішінде аяқ жол салынып жатыр, ауыз су құбыры тартылып жатыр.
Білім саласы
Экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, халықтың білімін сапалы көтеру қажет. Ауылдық округте үш мектеп, екі шағын бала бақша, бір меншік бала бақша жұмыс істейді.
Барлық мектептерде саяжайларда және мектептен тыс жерде тұратын балаларды тасмалдау ұйымдастырылған. Мектептердің барлығы интернетке қосылған.
Қосөзен ауылында 140 орынды бала бақша құрылысы жүргізілуде, ағымды жылы қолдануға беріледі.
Н.Тілендиев ауылында 600 орынды мектептің құрылысына 400млн.теңге бөлінген, ағымды жылы құрылыс жұмысы басталды.
Қараой ауылында «Журавлик» бала бақшасы ғимаратының күрделі жөнделуіне 1млрд.260млн.теңге бөлінді, құрылыс жұмыстары басталды. Қараой ауылындағы № 18 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 150млн.теңге бөлінді, жұмыс басталды.
Денсаулық сақтау саласы
Қараой ауылдық округінде үш дәрігерлік орындар халыққа қызмет көрсетеді: Қараой ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, Қосөзен ауылының фельдшерлік пункті, Н.Тілендиев ауылының фельдшерлік пункті. Онда 5 дәрігер, 13 орта медициналық қызметкерлер, 6-фельдшер, 2- акушер және 1 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді.
Округ бойынша туберкелез ауруына шалдыққан 25 адам, бруцелезге шалдыққан 8 адам тіркеуде тұр. Олардың барлығы жеке кәсіпкерлерге бекітілген.
Ауруға шалдыққандар қажетті тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп, балалар Шымбұлақтағы шипажайға емделуге жіберіледі.
Қосөзен ауылында ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараты салынды, казіргі уақытта абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, тамыз айында іске қосылады.
Мәдениет салысы
Ауылдық округінде барлық мереке күндері дәстурлі түрде аталып өтеді. «Рождество», «Масленица», «Жауынгерлердің Ауғанстаннан шығарылған күні», «Наурыз», « 1 мамыр» «Жеңіс күні», «Балаларды қорғау күні», «Астана күні», «Конституция күні», «Мүғалім күні», «Мүгедектер күні», «Қарттар күні», «Тұнғыш Президент күні», «Тәуелсіздік күні», «Құрбан айт», және Жаңа жыл шыршасы. Мерекелік салтанатқа ауылдық округінде тұратын барлық ұлт өкілдері қатысып, өз үлестерін қосуда.
Ауылдық мәдениет үйінде қазақ, ағылшын тілдер ұйірмелері, би үйірмелері, бокс, таэквондо үйірмелері жұмыс істейді. «Овация» би тобы әр түрлі конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр.
Балалардың жазғы демалыстарында мәдениет үйіндегі кітапхана өз қызметін ұсынуға дайын. Дөнгелек үстел, кездесулер, ертегілерден қойылымдар ұйымдастырылады.
Спорт саласы
Спортты дамыту негізінде барлық мектептер спорттық жабдықтармен қамтамасыз етілген, жаздық спорттық алаң салынды.
Волейбол командасы Қазақстан чемпионы атағына ие болып, ойыншылар республикалық құрамына кірді. Боксердар мен таэквондошылар аудандық және республикалық сайыстарда жақсы ойын көрсетуде.
Округте ұйымдастырылатын мерекелік шаралардың барлығы спорттық сайыстармен аяқталады. Жүлделі орындар сыйлықтармен марапатталады.
Құқықтық тәртіп
Округ бойынша 2014 жылы 72 қылмыстық іс тіркелген, оның 42 ашылмаған ,
( ашылуы 38,8 % құрады), 2013 жылымен салыстырсақ, 59 қылмыстық іс тіркелсе, оның 25 ашылмады ( ашылуы 57,6 % құрады). Профилактикалық тіркеуде барлығы 166 адам тұр.
Жыл бойы көптеген жұмыстар атқарылды, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы және Президенттің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында көзделген бағыттарды орындау негізінде істелетін жұмыстар әлі –де көп.
Бірінші. Ауылшаруашылықтың дамуына жағдай жасау:
- сұғармалы жер алаңдарын дұрыс пайдалану;
- экологиялық таза өнімдерді көбейту: сиыр, қой, шошқа еті және көкөністер;
- шаруа қожалықтарында жем-шөппен қамтамасыздануына ықпал ету;
- ауылшаруашылық өндірушілердің мүддесін қорғау негізінде мемлекеттік колдау механизмін толық қолдану.
Екінші.Салық және бюджеттік саясат
- салықтарды және салық қарыздарын жинауды бақылауға алу;
- аса маңызды азық-түлік товарлардың және қызмет көрсетілу бағаларының көтерілмеуін қадағалау;
- бюджетті толтыру негізінде санитарлық тазалық нормаларын, сыртқы жарнамалардың заңға сәйкес орналасуын, ит пен мысықтарды ұстау ережесін бұзғандармен шараларды ұйымдастыру.
Үшінші.Әлеуметтік сала
- «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасын орындау;
- қол жетерлік және сапалы дәрігерлік қызметті қамтамасыз ету.
Төртінші. Инфраструктура
- ауылдық округіндегі елді мекендерде және барлық жаңақұрылыстарда қажетті инфраструктура құруға ықпал ету;
- сумен қамтамасыз ету объектілерін, жолдарды салу жұмыстарын бақылауға алу;
- Қараой ауылындағы бала бақшаның құрылысын жүргізу;
- Н.Тілендиева ауылында мектеп салу;
- Н.Тілендиев және Қосөзен ауылдарда газ құбырын салу.
Бесінші.Құқықтық тәртіп
- ауылдық округінде криминогендік жағдайды қатан бақылауға алу;
- қоғамдық кеңестердің жұмысын нығайту.
|