«Нұр Отан» партиясының Іле аудандық партия филиалының желілік кестесіне сәйкес «Қараой» БПҰ ұйымдастырумен «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел- өркендеуші ел» партиялық жобасы аясында 22 шілде күні сағ. 10:00 де Қараой ауылдық окургінің мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлықтын аладын алу» тақырыбында бюджеттік және мемлекеттік қызметкерлерімен кездесу өтті. Аталмыш шараға округ әкімінің орынбасары Г.К. Каткеева, қоғамдық кеңесінің төрағасы Қ. Алимбаев, «Қараой» БПҰ топтарының төрағалары, мұғалімдер, дәрігерлік амбулаториясының және «Балапан» бала бақшасының қызметкерлері қатысты. Барлығы- 30 адам. Аталмыш шараны округ әкімінің орынбасары Г.К. Каткеева ашып өз дайындаған баяндамасын оқыды. Келесі сөз кезегін Қоғамдық кеңесінің төрағасы Қ. Алимбаев алып өз сөзінде осындай басты мәселелерді шешу, жемқорлықты болдырмау, оған қарсы күресу туралы өз сөзін сөйледі. Кездесудің мақсаты: халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру, сыбайлас жемқорлықты жою, оны болдырмау жолдарын жүзеге асыру болып табылады. Кездесу өз деңгейінде өтті.




|