БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Караой > ҚҰЖАТ

 
 
 

Қараой ауылдық округінде
22 наурыз мерекесінің өткізілуі туралы мәлімет

 
 
                                                        
 

   Ұлыстың ұлы күні «Әз Наурыз» мерекесі Қараой ауылдық округінде жоспарға сай өтті.
22 наурыз күні Мәдениет үйі алдында №18 орта мектебі, «Балапан» балабақшасы, кәсіпкерлер, күрт ұлттарының киіз үйлері орнатылды, сағат 10.00 де салтанатты мерекелік митингі өтті.
Мерекеге жиналған тұрғындарды Қараой ауылдық округінің әкімі В.Н.Поротиков, Қараой ауылының имамы Сулеймен ақсақал,Іле ауданының білім бөлімінің басшысы Л. Каткеева, Қараой ауылының № 18 ОМ директоры А. Уалибаева, «Балапан» балабақшасының Наурыз мерекесімен құттықтады. Мейрам округтердегі барлық шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлердің демеушілік көмегімен әкімшіліктің ұйымдастырылуымен өткізілді .
Әкімшілік тарапынан екі қазан күріш басылып, мекеме басшылары қайырымдылық дастархан жайып Наурыз көже тегін таратылды . Мерекеге әр ұлт өкілдері қатысып, қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап үстел жайып жиналған қауымға дәм татқызды.
Орталық сахнада МҮ ұжымы мен оқушылар, мұғалімдер мерекеге арналған концерттік бағдарламасымен жалғастырды. Осы мерекеде күрес, арқан тарту ұйымдастырылып спорттық ойынға қатысқандарға бағалы сыйлықтар мен мараппаттау қағазы берілді.