БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Энергетик (Өтеген батыр) > ҚҰЖАТ

Энергетик ауылдық округі әкімінің халық алдындағы есебі  
 
                                                                                   Қарасу ауыл тұрғындарының алдындағы есебі

Өнеркәсіп бойынша
Энергетик кенттік округі аумағында
Ірі өнеркәсіпте - темекі өнімдерін шығаратын «Филип Моррис Казахстан» акционерлік қоғам, темекі өнімдерінің сыртқы қорабын шығаратын «Эмкор Табако Пакеджинг Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, металлопластик шығаратын өнеркәсіп «Алматинская пластмассовая компания ТУНХЭ» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, пластикалық қақпақ шығаратын «Берикап Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, жылыту материал шығаратын «Полпан КЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызмет етеді.
Орта өнеркәсіпте - сүт тағамдарын шығаратын «Райымбек Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, асфальт-бетон қоспасын жасайтын «Рассвет» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, сплитерлік блок жасайтын «АСМ АКСУ» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, полиэтилендік труба жасайтын «СКА 63» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, арнайы аяқкиім тігетін «Дархан МНМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызмет етеді.
Энергетический ауылдық округінде келесідей қайта өңдеу шағын бизнесі дамып келеді:
1. 1 жеке кәсіпкер «Гусейнов» наубайхана жұмыс істейді.
2. 1 жеке кәсіпкер «Исмаилова»кондитерлік цех.
3. «Іле ет өндіру комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
4. «Раймбек Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестік - сүт өнімдерін шығаратын завод;
5. «Филипп Моррис Казахстан» ЖШС – темекі өнімдерін шығаратын.
Сонымен қатар, Қарасу ауылында 2013 жылы 5 мың шаршы метр жер телімін алатын жылыжай ашылды. Қазіргі танда, жылыжайда 2 мың шаршы метрге гүл өсімдіктері мен сәндік ағаштар және сәндік шөптер отырғызылды.
Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнесті дамыту
2013 жылы кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша орта шағын бизнесте саны 15-ке көбейді, бұл 128 қосымша жаңа жұмыс орындарын ашылуына себеп болды.
Жеке кәсіпкерлер саны – 390, оның ішінде өндірістік бағытта – 15, жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер саны – 490 адам.
Сауда орындар саны – 105
Тұрмыстық қызмет көрсету орындары – 33
Қоғамдық тамақтандыру объектілері – 23
Ауыл шаруашылығы
Округте 3 шаруа қожалық орналасқан. Олар 27 жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Шаруа қожалықтардың негізгі қызметі мал шаруашылығы мен ара шаруашылығы.
Ветеринарлық қызмет үнемі бекітілген іс-шараға байланысты тоқсан сайын емдеу-профилактикалық жұмыстарын жүргізеді.
Өтеген батыр кентінде «Биля» базарында орналасқан мал дәрігерлік дәріхана жұмыс істейді.
Энергетик кенттік округінде жылжымалы қолдан ұрықтандыру пункті бар. Техник-ұрықтандырушы болып Касымбеков Байзрахман жұмыс істейді.
Әлеуметтік қорғау
Энергетический ауылдық округінде 29475 адам бар, экономикалық белсенді азаматтар саны 13514 адам, жұмыссыз азаматтар саны 675, өздігімен жұмыспен қамтылған азаматтар саны 3759 адам, жыл басынан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыз 164 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелсе, оның ішінде 93-і қоғамдық жұмысқа жіберілді. 185 адам әртүрлі мекемелерге тұрақты жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған 9 адам, кәсіби оқуға жолданғандар 41 адам, жастар тәжербиесіне жолданған 21 адам. Округ бойынша былтырғы жылы жұмыссыздар көрсеткіші 0,5 пайыз болса, 2013 жылғы көрсеткіші 0,3 пайыз болып кемігені анықталды.
Халықтың кедейшілік деңгейін төмендету мақсатында, жыл басынан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 126 отбасының 372 баласына 6 млн 111 мың 453 теңге көлемінде тағайындаса, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 7 отбасының 34 адамына 808 мың 962 теңге көлемінде тағайындалып, төленді. Тұрғын үй көмегі жәрдемақысы 201 адамына 4 млн 766 мың 274 теңге көлемінде есептеліп, жеке есеп шоттарына аударылды. 17 Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне 849 мың 777 теңге және біржолғы материалдық көмек 800 мың теңге төленді. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқыту үшін төленетін әлеуметтік көмек 24 адамға 761 мың 082 теңге төленді. Ауған соғысының қатысушылар мен мүгедектеріне және соғыста қайтыс болғандардың отбасына бір жолғы әлеуметтік көмек 42 адам 970 мың теңге, облыс әкімінің ГРАНТы бойынша оқитын студенттерге көмек 1 адам 150 мың теңге қаражат бөлінді.
Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасының орындалу туралы
Жұмыспен қамту Бағдарламасының бірінші бағыты ауылдық елді-мекендерді дамыту бойынша төмендегі жұмыстар жүргізілді:
- Покровка кентінде 40 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 150 орындық дәрігерлік амбулатория құрылысына 183 млн. теңге бөлінді.
- Өтеген батыр кентінің су құбырына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 37 млн. 600 тенге бөлінді
Жұмыспен қамту Бағдарламасының екінші бағыты ауылда кәсіпкерлікті дамыту бойынша округ аумағында 6 азаматтарға 3 миллион теңгеден мал шаруашылығын дамытуға қаражат бөлінді.
Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасына байланысты округ әкім аппаратының ғимаратында көрнекілік орнатылған. Сонымен қатар, округтегі кәсіпкерлер мен тұрғындармен Жұмыспен қамту – 2020 Бағадарламасына түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, жиындар жүргізіліп тұрады.
Жұмыспен қамту Бағадарламасының үшінші бағыты өздігімен жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздар мен аз қамтылған тұрғындарды оқыту және жұмысқа орналасуға ықпал ету болып табылады. Осы бағытта төмендегідей жұмыстар жүргізілді.
- Әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз ету бойынша ауданнын 16 кәсіпорынмен шартқа отырып, округ бойынша 7 адам жіберілді.
- 2013 жыл басына округ бойынша 19 адам оқуға жолданды, оның ішінде кәсіби оқуға 7 адам, қайта даярлық-8 адам, квалификациясын көтеруге – 4 адам.
- Жастар тәжербиесі бойынша 40 адам жіберілді. Оның ішінде, Өтеген батыр кентінен 34 адам және Покровка кентінен - 6 адам
Тұрғын үй туралы
«Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша Энергетический ауылдық округіде 30 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй және 50 пәтерлі 5 қабатты үй азаматтарға тапсырылды. 2013– 2016 жыл «Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында Өтеген батыр кентінде 64 пәтерлі жалға беру тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, екі елу пәтерлі тұрғын үй, екі қырық пәтерлі тұрғын үй, бір 50 пәтерлі және бір қырық пәтерлі тұрғын үй жалға беру баспана құрылысы жүргізілмек. Сонымен қатар жаңа салынатын көпқабатты тұрғын үйлерлер арасынан 0,60 гектар жер телімінде 140 орындық бала– бақша құрылысы жоспарланған.
Сумен қамтамасыз ету туралы
Округті таза сумен қамтамасыз етіп отырған мемлекеттік коммуналдық «Су құбырлары және канализация»мекемесі қамтамасыз етеді.
Қарасу елді мекенінің жаңа құрылысын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 2013 жылы су құбырларын жүргізуге сметалық документерді жасауға тапсырыс берілді. 2014 жылы қаражат бөлінуіне қарай ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілмек.
Электр жүйесі туралы
Округтегі қуат көзі Іле ауданы балансында тұрған РЭС желісімен ВЛ-10/6/0,4кВ. және КЛ-10/6/0,4кВ қамтамасыз етіледі. 2013 жылы трансформаторлардың қуаты жеткіліксіз деп танылған аумақтарға және қайта жөндеуді қажет деп танылған аумақтар іс-шара жоспарына қосылып, төмендегі елді-мекендерге жоба-сметалық құжаттары жасалды:
- «Арман» ықшам ауданы - 1 бірлік трансформатор
- «Куат» ықшам ауданы – 2 бірлік трансформатор
- Карасу ауылы – 1 бірлік трансформатор
- Гүлдер ықшам ауданы – 1 бірлік трансформатор
- Өтеген батыр кенті – 1 бірлік трансформатор
Қазіргі таңда, жоба сметалық құжаттар тексеру экспертизасында, қаражат көзінің бөлінуіне қарай, Қарасу ауылында жаңа трансформатор құрылысы жүргізіледі.
Абаттандыру және жол
Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында «Әрбір қазақстандық өзінен бастау керек; өзінің үйінен, қаласынан, ауылынан, өзінің денсаулығы мен өмір сүру салты туралы ойлануы керек екенін баса айтқан. Мұнсыз ешқандай жаңа өмір сапасы орнамайды. Әрбір ауыл мен қала тазалық пен көркейіп үлгіге айналуы керек» деуі тегін емес. Елбасының бұл сөзінде қалың ой мен үлкен жауапкершілік жатыр. Біз осы сөздердің маңыздылығын ескеріп, өз округімізде абаттандыру мақсатында төменде атап өтетін біршама жұмыстар жүргіздік:
- Қарасу ауылына баратын Қызылту трассасы бойында орналасқан 5 стихиялы қоқыс алаңы тазартылды.
- Ұзындығы 4000 метр жаңа салынған массивтердің 4 көшесіне тас пен құм аралас қоспа төселіп тегістелді;
- Ұзындығы 500 метр жаяу жүретін жүргіншілерге арналған тротуар құрылысы жалғасын тауып аяқталды;
- Мұстафин, Мүсрепов және Рысқұлов көшелері асфальттанды; 2014 жылға осы көшелердің қалаған бөліктері асфальттау және ауылдың жаңа құрылыс көшелерінде де жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасын табады.
Жарықтандыру
2013 жылы Өтеген батыр кенті Гагарин және Қапал батыр көшесі, Покровка кентінде Комсомольская көшесіне жарық шамдары орнатылды. 2014 жылы орнатылған жарықшамдары қаңтар айының соңына дейін іске қосу жоспарланған.
Транспорт бойынша
Округте 1998 жылдан бастап жолаушыларды тасымалдау қызметін Іле ауданы бойынша «Саяхат» ЖШС жұмыс істейді. Аудан бойынша ЖШС «Саяхат» паркі тасмалдау қызметімен 9 маршрут 96 автобус жұмыс істейді, соның ішінде Өтеген батыр кенті және Покровка кентінің тұрғындары мен қонақтарын /№ 300/ маршрут автобусы тасмалдайды. Сонымен қатар, округ тұрғындарының өтініштері бойынша Арман ықшам ауданы мен ауыл тұрғындары мен мектеп жасындағы балаларды Өтеген кентіне дейін тасымалдау ұйымдастырылған. 2014 жылы Қарасу ауылынан және Арман ықшам ауданынан оқушыларды мектепке тасымалдау үшін ауданның бюджетінен 1 млн. 830 мың теңге бөлінді.
Денсаулық сақтау
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар жүргізілуде. 2011 жылдан бастап Өтеген батыр кентінде 200 орындық Алматы облыстық аймақтық балалар ауруханасы қызмет етеді. Сонымен қатар, Өтеген батыр кентінде орталық аудандық ауруханада дәрігерлерінің саны – 133. Өтеген батыр кентінде стационардағы төсек жүйесі 165 орынға арналған, күндізгі стационар төсегі 40, оның ішінде 20– сы емханада және 20– сы стационарда орналасқан.
2013 жылы ана өлімі тіркелмеген, балалар өлімі 7,9 пайыз құрап отыр, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2,1 пайызға кемігенін көрсетіп тұр.
Өтеген батыр кентінде 2013 жылдың 12 айына 5 жасқа дейінгі балалар иммунизациясы:
1. Полимитке қарсы –552 бала қабылданды /79,9%/
2. Көкжөтел, дифтерия, сіреспе, хиб инфекцияға қарсы 330 бала қабылданды /47,8%/
3. «В» вирусті гепатитке қарсы 424 бала қабылданды /61,4%/
4. «А» вирусті гепатитке қарсы 569 бала қабылданды /82,6%/
5. Қызылша, қызамық эпидемиялық паротит 761 бала қабылданды /96,6%/
Сонымен қатар бекітілген кешенді жоспарға сәйкес 0 ден 18 жас аралығындағы балалар профилактикалык тексеруден өткізілді. Сондай ақ 5783 бала тексерілуден өту керек, оның ішінде 5362 /92,7%/ бала тексеріліп, 825 аурған балаларды жолдама бойынша профилактикалық ем қабылдауға жіберілді.
Энергетический ауылдық округінде ақылы медициналық көмек көрсететін «АРУ» және медициналық центр «Аймед» бар. Олар: лабораториялық диагностика, УЗИ, ЭКГ, ФГДС құралдарымен жабдықталған. Сонымен қатар окргте 5 тіс емдеу орталығы және 2 жеке УЗИ кабинеттер жұмыс істейді.
Білім беру
Энергетический ауылдық округінде 2 орта мектеп – оқушылар саны 3534 бала, 1 мектеп гимназия – оқушылар саны 1606 бала, және 1 жеке лингвистикалық мектеп «Айнур» - оқушылар саны 167 бала, 2 балабақша, 2 орта кәсәптәк білім беретін колледж орналасқан.
Барлық үш мектеп стандартты, мектептерде жылу жүйесі - орталықтандырылған.
Энергетический ауылдық округі бойынша мектеп жасындағы бала жалпы білім берумен толығымен қамтылған.
Округте тұрғындар саны ұлғаюына байланысты «Қуат» ықшам ауданында 1200 орындық жаңа қазақ мектебінің құрылысын жүргізу үшін 3,700 гектар жер телімі бөлініп, жоба сметалық құжаттары дайындалды. Мектеп құрылысын жүргізу 2014 жылға жоспарланған.
Сондай ақ округімізде 2 балабақша бар. Олар:
«Куат» балабақшасы – 6 топ, бала саны 184
«Солнышко» балабақшасы – 7 топ, бала саны 155
Мектеп жасына дейінгі балаларға Өтеген батыр кентінде жеке шағын орталықтар орналасқан – олар «Комек», «Радость», «Кубик клаб».
2014 жылы «Қуат» ықшам ауданында 1,35 гектар жер телімінде 320 орындық балабақша құрылысын жүргізу жоспарланған.
Энергетический ауылдық округінде 2 орта кәсіптік білім беру мекемелері бар:
«Прогресс» политехникалық колледжі төмендегі мамандықта білім береді:
- «Бухгалтер – ревизор»
- «Техник – программист»
- «Техник - механик»
Жалпы студенттер саны – 356 бала
«Экономика және құқық колледжі төмендегі мамандықта білім береді:
- «Құқық қорғау қызметі»
- «Есеп және аудит »
- «Қаржы» (салалар бойынша)
- «Ақпаратттық жүйе» (қолдану облыстары бойынша).
Жалпы студенттер саны – 166 бала
Энергетический ауылдық округінде «Бастау» жауапкершілігі шектеулі серіктестік және «Тәртіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатты тұрмыстық қалдықтар жеке шартқа отыру арқылы контейнерлі алаңдардан және тарасыз амалмен демалыссыз бекітілген график бойынша жинайды.
Мәдениет
Округ аумағында 2 мәдени мекеме орналасқан, о. і:
- аудандық кітапхана
- балалар музыкалық мектебі
Мәдени-көпшілік іс шаралары көрме, әдеби кештер, интеллектуальдық ойындар аудандық кітапхана ғимаратында өткізіледі.
Балалар музыкалық мектебі – «Қуат» балабақшасы ғиамартында орналасқан. Жалпы алаңы 119,1 шаршы метр 5 бөлмені қамтиды.
Округ аумағында 4 ескерткіш бар. Олар – «Үш ұрпақ», «Ауған соғыс ардагерлеріне», № 7 ОМ аумағында «И помнит мир спасенный…» және ТЭЦ-3 Акционерлік қоғам аумағында В.И. Ленинге.
Спорт
Округ аумағына төмендегі спорттық құрылғылар бар:
-футболдық алаң 1
-стадиондар 3
-спортзалдар 5
2001 жылы құрылған Өтеген батыр кентінде БЖСМ /балалар-жасөспірімдерге арналған спорт мектебі/ орналасқан.
Оқу-дайындық жаттығулары төмендегі базаларда жүргізіледі.
қазақша-күрес, самбо, дзюдо
гандбол
футбол
Өтеген батыр кентінде стандартқа сай орталық стадион орналасқан. Сонымен қатар, Өтеген батыр кентінің көпқабатты үй аулаларында 18 спорттық алаңдар салынып, пәтер иелері кооперативтерінің күтіп ұстауына берілген.

                                                                   Покровка кентінің тұрғындарының алдындағы есебі

Өнеркәсіп бойынша
Энергетик кенттік округі аумағында
Ірі өнеркәсіпте - темекі өнімдерін шығаратын «Филип Моррис Казахстан» акционерлік қоғам, темекі өнімдерінің сыртқы қорабын шығаратын «Эмкор Табако Пакеджинг Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, металлопластик шығаратын өнеркәсіп «Алматинская пластмассовая компания ТУНХЭ» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, пластикалық қақпақ шығаратын «Берикап Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, жылыту материал шығаратын «Полпан КЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызмет етеді.
Орта өнеркәсіпте - сүт тағамдарын шығаратын «Райымбек Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, асфальт-бетон қоспасын жасайтын «Рассвет» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, сплитерлік блок жасайтын «АСМ АКСУ» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, полиэтилендік труба жасайтын «СКА 63» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, арнайы аяқкиім тігетін «Дархан МНМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызмет етеді.

Энергетический ауылдық округінде келесідей қайта өңдеу шағын бизнесі дамып келеді:
6. 1 жеке кәсіпкер «Гусейнов» наубайхана жұмыс істейді.
7. 1 жеке кәсіпкер «Исмаилова»кондитерлік цех.
8. «Іле ет өндіру комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
9. «Раймбек Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестік - сүт өнімдерін шығаратын завод;
10. «Филипп Моррис Казахстан» ЖШС – темекі өнімдерін шығаратын.
Сонымен қатар, Қарасу ауылында 2013 жылы 5 мың шаршы метр жер телімін алатын жылыжай ашылды. Қазіргі танда, жылыжайда 2 мың шаршы метрге гүл өсімдіктері мен сәндік ағаштар және сәндік шөптер отырғызылды.
Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнесті дамыту
2013 жылы кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша орта шағын бизнесте саны 15-ке көбейді, бұл 128 қосымша жаңа жұмыс орындарын ашылуына себеп болды.
Жеке кәсіпкерлер саны – 390, оның ішінде өндірістік бағытта – 15, жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер саны – 490 адам.
Сауда орындар саны – 105
Тұрмыстық қызмет көрсету орындары – 33
Қоғамдық тамақтандыру объектілері – 23
Ауыл шаруашылығы
Округте 3 шаруа қожалық орналасқан. Олар 27 жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Шаруа қожалықтардың негізгі қызметі мал шаруашылығы мен ара шаруашылығы.
Ветеринарлық қызмет үнемі бекітілген іс-шараға байланысты тоқсан сайын емдеу-профилактикалық жұмыстарын жүргізеді.
Өтеген батыр кентінде «Биля» базарында орналасқан мал дәрігерлік дәріхана жұмыс істейді.
Энергетик кенттік округінде жылжымалы қолдан ұрықтандыру пункті бар. Техник-ұрықтандырушы болып Касымбеков Байзрахман жұмыс істейді.
Әлеуметтік қорғау
Энергетический ауылдық округінде 29475 адам бар, экономикалық белсенді азаматтар саны 13514 адам, жұмыссыз азаматтар саны 675, өздігімен жұмыспен қамтылған азаматтар саны 3759 адам, жыл басынан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыз 164 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелсе, оның ішінде 93-і қоғамдық жұмысқа жіберілді. 185 адам әртүрлі мекемелерге тұрақты жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған 9 адам, кәсіби оқуға жолданғандар 41 адам, жастар тәжербиесіне жолданған 21 адам. Округ бойынша былтырғы жылы жұмыссыздар көрсеткіші 0,5 пайыз болса, 2013 жылғы көрсеткіші 0,3 пайыз болып кемігені анықталды.
Халықтың кедейшілік деңгейін төмендету мақсатында, жыл басынан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 126 отбасының 372 баласына 6 млн 111 мың 453 теңге көлемінде тағайындаса, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 7 отбасының 34 адамына 808 мың 962 теңге көлемінде тағайындалып, төленді. Тұрғын үй көмегі жәрдемақысы 201 адамына 4 млн 766 мың 274 теңге көлемінде есептеліп, жеке есеп шоттарына аударылды. 17 Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне 849 мың 777 теңге және біржолғы материалдық көмек 800 мың теңге төленді. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқыту үшін төленетін әлеуметтік көмек 24 адамға 761 мың 082 теңге төленді. Ауған соғысының қатысушылар мен мүгедектеріне және соғыста қайтыс болғандардың отбасына бір жолғы әлеуметтік көмек 42 адам 970 мың теңге, облыс әкімінің ГРАНТы бойынша оқитын студенттерге көмек 1 адам 150 мың теңге қаражат бөлінді.
Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасының орындалу туралы
Жұмыспен қамту Бағдарламасының бірінші бағыты ауылдық елді-мекендерді дамыту бойынша төмендегі жұмыстар жүргізілді:
- Покровка кентінде 40 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 150 орындық дәрігерлік амбулатория құрылысына 183 млн. теңге бөлінді.
- Өтеген батыр кентінің су құбырына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 37 млн. 600 тенге бөлінді
Жұмыспен қамту Бағдарламасының екінші бағыты ауылда кәсіпкерлікті дамыту бойынша округ аумағында 6 азаматтарға 3 миллион теңгеден мал шаруашылығын дамытуға қаражат бөлінді.
Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасына байланысты округ әкім аппаратының ғимаратында көрнекілік орнатылған. Сонымен қатар, округтегі кәсіпкерлер мен тұрғындармен Жұмыспен қамту – 2020 Бағадарламасына түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, жиындар жүргізіліп тұрады.
Жұмыспен қамту Бағадарламасының үшінші бағыты өздігімен жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздар мен аз қамтылған тұрғындарды оқыту және жұмысқа орналасуға ықпал ету болып табылады. Осы бағытта төмендегідей жұмыстар жүргізілді.
- Әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз ету бойынша ауданнын 16 кәсіпорынмен шартқа отырып, округ бойынша 7 адам жіберілді.
- 2013 жыл басына округ бойынша 19 адам оқуға жолданды, оның ішінде кәсіби оқуға 7 адам, қайта даярлық-8 адам, квалификациясын көтеруге – 4 адам.
- Жастар тәжербиесі бойынша 40 адам жіберілді. Оның ішінде, Өтеген батыр кентінен 34 адам және Покровка кентінен - 6 адам
Тұрғын үй туралы
«Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша Энергетический ауылдық округіде 30 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй және 50 пәтерлі 5 қабатты үй азаматтарға тапсырылды. 2013– 2016 жыл «Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында Өтеген батыр кентінде 64 пәтерлі жалға беру тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, екі елу пәтерлі тұрғын үй, екі қырық пәтерлі тұрғын үй, бір 50 пәтерлі және бір қырық пәтерлі тұрғын үй жалға беру баспана құрылысы жүргізілмек. Сонымен қатар жаңа салынатын көпқабатты тұрғын үйлерлер арасынан 0,60 гектар жер телімінде 140 орындық бала– бақша құрылысы жоспарланған.
Сумен қамтамасыз ету туралы
Округті таза сумен қамтамасыз етіп отырған мемлекеттік коммуналдық «Су құбырлары және канализация»мекемесі қамтамасыз етеді.
Покровка кентін сумен екі скважина қамтамасыз етеді. Су құбырының ұзындығы 12 километр. Кенттің су құбырлары ескіріп, тозығы жеткен, бүгінгі күні су құбыры және кәріз мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 10 км 200 метр қашықтықта жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобасын дайындады.
Электр жүйесі туралы
Округтегі қуат көзі Іле ауданы балансында тұрған РЭС желісімен қамтамасыз етіледі. 2013 жылы Алматы жарық компаниясы акционерлік қоғамының қаражатымен Покровка кентіндегі Молодежная, Комсомольская, Космическая, Қатаев және Яблочная көшесінің электр линиялары жөнделді. 2014 жылы Садовая көшесінің бір бөлшегіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Абаттандыру және жол
Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында «Әрбір қазақстандық өзінен бастау керек; өзінің үйінен, қаласынан, ауылынан, өзінің денсаулығы мен өмір сүру салты туралы ойлануы керек екенін баса айтқан. Мұнсыз ешқандай жаңа өмір сапасы орнамайды. Әрбір ауыл мен қала тазалық пен көркейіп үлгіге айналуы керек» деуі тегін емес. Елбасының бұл сөзінде қалың ой мен үлкен жауапкершілік жатыр. Біз осы сөздердің маңыздылығын ескеріп, өз округімізде абаттандыру мақсатында төменде атап өтетін біршама жұмыстар жүргіздік:
- Кіші Алматы өзені бойында орналасқан «Әлмерек» мешіті маңайында 12 стихиялы қоқыс алаңы тазартылды, өзен жағалауына 200 ағаш көшеттері отырғызылды.
- 12 768 390 тенге қаражат бөлініп ұзындығы 700 метр Комсомольская көшесі асфальттанды -
- 795 000 тенге қаражат бөлініп Камо көшесі асфальттанды
Жарықтандыру
2013 жылы Өтеген батыр кенті Гагарин және Қапал батыр көшесі, Покровка кентінде Комсомольская көшесіне жарық шамдары орнатылды. 2014 жылы орнатылған жарықшамдары қаңтар айының соңына дейін іске қосу жоспарланған. 2011 жылы құрылысы жүргізілген Мичурин көшесіндегі жарықшамдары биылғы жылдың бірінші тоқсанында шамдарды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп, іске қосу жоспарланды.
Транспорт бойынша
Округте 1998 жылдан бастап жолаушыларды тасымалдау қызметін Іле ауданы бойынша «Саяхат» ЖШС жұмыс істейді. Аудан бойынша ЖШС «Саяхат» паркі тасмалдау қызметімен 9 маршрут 96 автобус жұмыс істейді, соның ішінде Өтеген батыр кенті және Покровка кентінің тұрғындары мен қонақтарын /№ 300/ маршрут автобусы тасмалдайды.
Денсаулық сақтау
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар жүргізілуде. 2011 жылдан бастап Өтеген батыр кентінде 200 орындық Алматы облыстық аймақтық балалар ауруханасы қызмет етеді. Сонымен қатар, Өтеген батыр кентінде орталық аудандық ауруханада дәрігерлерінің саны – 133. Өтеген батыр кентінде стационардағы төсек жүйесі 165 орынға арналған, күндізгі стационар төсегі 40, оның ішінде 20– сы емханада және 20– сы стационарда орналасқан.
2013 жылдан Покровка кентінде 150 орындық дәрігерлік амублатория құрылысы жүргізілуде. Аяқталуы 2014 жылдың соңына жоспарланған.
Энергетический ауылдық округінде ақылы медициналық көмек көрсететін «АРУ» және медициналық центр «Аймед» бар. Олар: лабораториялық диагностика, УЗИ, ЭКГ, ФГДС құралдарымен жабдықталған. Сонымен қатар окргте 5 тіс емдеу орталығы және 2 жеке УЗИ кабинеттер жұмыс істейді.
Білім беру
Энергетический ауылдық округінде 2 орта мектеп – оқушылар саны 3534 бала, 1 мектеп гимназия – оқушылар саны 1606 бала, және 1 жеке лингвистикалық мектеп «Айнур» - 167 бала саны бар мекемелер орналасқан.