БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Энергетик (Өтеген батыр) > ХАТТАМА №1
![]() |
![]() |
Алматы облысы Іле ауданы Энергетический ауылдық округі «Арман» ықшамауданындағы көше тұрғындарымен өткізген жергілікті қоғамдастық мүшелері жиынының №2 хаттамасы |
26.08.2016 | ![]() |
Өтеген батыр ауылы 22 тамыз 2016 жыл
Төрағалық етуші Н.Көкім
Хатшы А.Абирова
Қатысқандар: Жергілікті қоғамдасық кеңес мүшелері 5 адам, көше тұрғындары, 28 адам .Барлығы 33 адам (тізім бойынша)
Күн тәртібі:
Энергетический ауылдық округіне қарасты «Арман» ықшамауданындағы атауы жоқ 1 ( бір) көшеге жер су атауларын беру туралы ұсынысты қарау.
Энергетический ауылдық округі әкімі Н.Көкім сөз сөйлеп, жиналған көше тұрғындарына «Арман» ықшамауданындағы атау жоқ 1 (бір) көшеге атау беру туралы ұсыныс түскенін хабардар етті. «Арман» ықшамауданындағы жеке меншік үй құрылысы орналасқан көше тұрғындарының мекен-жайларын анықтау, «Арман» ықшамауданындағы мекен-жайларын реттеу, тұрғын үйлерді іске қосу және коммуникациялармен қамтамасыз ету мақсатында көше атауларын беру қажеттілігін айтып өтті. Атауы жоқ көшеге берілетін «Бейбітшілік» атауы туралы этимологиялық түсініктеме берілді. Ардагерлер кеңесінің төрайымы Қ. Отарбаева: Қымбатты жерлестер! Ардагерлер кеңес төрағасы К.Отарбаева өз сөзінде – Бейбітшілік адамдар арасындағы бірліктің, ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі. Ол белгілі бір топтың, ұжымның, халықтың, жалпы адам баласының мақсат, мұрат, мүдделері тоғысынан туындайды. Сіздерді осы атауларды қолдауға шақырамын. Жергілікті қоғамдастық кеңес мүшесі С.Сатқынбаев: - Ата-бабаларымыздың құтты мекені, төбесі көк тіреген заңғар таулары, айнадай жарқыраған керім көлдері, өрнектелген өзендері, дархан даласы мен орман тоғайы- қасиетті Отан деген сөзге сыйып тұр. Сол үшін де Бейбітшілік атауын беру туралы ұсынысты қолдаймын. Әйелдер кеңесінің төрайымы С.Шахыбаева: – «...Қазақта «Жеріңнің аты – еліңнің хаты» деген сөз бар. Халық жерге ат қою арқылы елінің тарихын да жазып отырған. Тәуелсіз мемлекеттің бір белгісі оның ұлттық нышандары десек, сол ұлттық нышандар елді мекендердің, көшелердің, алаңдардың аттарынан да көрініп тұруға тиіс...» деп Елбасы айтқандай ұсынылып отырған Бейбітшілік атауын беруді қолдаймын және сіздер де қолдайды деп ойлаймын. Ұсынысты қолдап дауыс бергендер саны 33 адам, қарсы дауыс бергендер жоқ.
ШЕШІМ ҚАБАЛДАДЫ:
1. Энергетический ауылдық округінің «Арман» ықшам аудындағы атауы жоқ көшеге Бейбітшілік атауын беру ұсынысы бір ауыздан мақұлдансын.
2. Көшеге жаңа атау беру мақсатында ауылдық округ әкмінің шешімін шығару үшін қажетті құжаттар (түсіндірме жазбаша хат, экономикалық есеп-қисап т.б.) дайындалып аудандық өкілді және атқарушы органдарға жіберілсін.
3. Аталған мәселе бойынша құжаттар облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылсын.
Жиын төрағасы Н.Көкім
Хатшы А.Абирова |
||||
![]() |