БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Энергетик (Өтеген батыр) > ХАТТАМА №1

 
 
 
Алматы облысы Іле ауданы Энергетический ауылдық округі
Қарасу ауылындағы көше тұрғындарымен өткізілген жергілікті
қоғамдастық мүшелері жиынының №1 хаттамасы
26.08.2016

Өтеген батыр ауылы                                                                    22 тамыз 2016 жыл

 

Төрағалық етуші                                                                            Н.Көкім 

 

Хатшы                                                                                              А.Абирова

 

 

     Қатысқандар: Жергілікті  қоғамдасық кеңес мүшелері 10 адам, көше тұрғындары, 30 адам .Барлығы 40 адам (тізім бойынша)

 

Күн тәртібі:

 

Энергетический ауылдық округіне қарасты Қарасу ауылындағы атауы жоқ  11 (он бір) көшеге жер су атауларын беру туралы ұсынысты қарау.

 

         Энергетический ауылдық округі әкімі Н.Көкім сөз сөйлеп, жиналған көше тұрғындарына 11 (он бір ) көшеге атау беру туралы ұсыныс түскенін хабардар етті. Қарасу ауылында яғни, жеке меншік үй құрылысы орналасқан көше тұрғындарының мекен-жайларын анықтау, Қарасу ауылының мекен-жайларын реттеу, тұрғын үйлерді іске қосу және коммуникациялармен қамтамасыз ету мақсатында көше атауларын беру қажеттілігін айтып өтті. Атауы жоқ көшелерге берілетін  жер су атаулары  туралы этимологиялық түсініктеме  берілді.

         Ардагерлер кеңесінің  төрайымы К.Отарбаева:

Қымбатты жерлестер! Біздің Қарасу ауылында өздеріңізге белгілі 11 көшенің атауы жоқ.  Осы атауы жоқ көшелерге тарихымызды жаңғырту, кең байтақ еліміздің елдгін білдіретін  жер су атауларын беру туралы бастама көтеріп отырсыздар. Адамдар арасындағы  бірліктің, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісін насихаттайтын атаулар берген  жөн деп санаймын. Бейбітшілік адамдар арасындағы  бірліктің, ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі. Ол белгілі бір топтың, ұжымның, халықтың, жалпы адам баласының мақсат, мұрат, мүдделері тоғысынан туындайды.

Қазақ халқы ұрпағының санасына ең алдымен бейбітшілікті, ынтымақты, татулықты, туыстықты, бірлікті қалыптастырған, қарқынды дамыған ел болғандықтан ауылымызда әрқашан бейбітшілік бірлік  болсын деген мақсатта тәуелсіздігіміздің тарихын танытар   Астана, Ынтымақ, Достық, Бірлік, Болашақ, Жетісу, Шұғыла, Тәуелсіздік, Жібек жолы, Желтоқсан, Көкқайнар атауларын  ұсынамын және Сіздерді осы атауларды қолдауға шақырамын.

Жергілікті қоғамдастық  кеңес мүшесі С.Сатқынбаев:

- Ата-бабаларымыздың құтты мекені, төбесі көк тіреген заңғар таулары, айнадай жарқыраған керім көлдері, өрнектелген өзендері, дархан даласы мен орман тоғайы қасиетті Отан деген сөзге сыйып тұр. Сол үшін де жоғарыдағы атауларды беру туралы ұсынысты қолдаймын.  

Әйелдер кеңесінің төрайымы С.Шахыбаева:

 – «...Қазақта «Жеріңнің аты – еліңнің хаты» деген сөз бар. Халық жерге ат қою арқылы елінің тарихын да жазып отырған. Тәуелсіз мемлекеттің бір белгісі оның ұлттық нышандары десек, сол ұлттық нышандар елді мекендердің, көшелердің, алаңдардың аттарынан да көрініп тұруға тиіс...» деп Елбасы айтқандай ұсынылып отырған жер су атауларын беруді қолдаймын және сіздер де қолдайды деп ойлаймын.

         Ұсынысты қолдап дауыс бергендер саны 40 адам, қарсы дауыс бергендер жоқ.     

 

 

ШЕШІМ ҚАБАЛДАДЫ:

 

1.     Энергетический ауылдық округінің Қарасу ауылына  көше  атауларын беру ұсынысы бір ауыздан мақұлдансын.

 

2.     Атауы жоқ  көшелерге жаңа атау беру мақсатында ауылдық округ әкмінің шешімін шығару үшін қажетті құжаттар (түсіндірме жазбаша хат, экономикалық есеп-қисап т.б.) дайындалып аудандық өкілді және атқарушы органдарға жіберілсін.

 

3.     Аталған  мәселе бойынша құжаттар облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылсын.

 

 

 

            Жиын төрағасы                                                 Н.Көкім

 

          

            Хатшы                                                                А.Абирова