29 қазан 2014 жылы Өтеген батыр кентінде «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының Энергетический ауылдық округі, «Энергетик» БПҰ партиялық жиналысы № 13 орта мектебінің мәжіліс залында өтті. Есептік сайлау партиялық жиналысы әдеттегідей мемлекеттік әнұранмен басталды. Партиялық жиналысты «Энергетик» бастауыш партия ұйымының штаттан тыс кеңесшісі Сарсенбаева Қаламқас Қойшыбайқызы ашты. Партиялық жиналысқа «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Аманова Ғалия Матанқызы, ауданымыздың депутаты Нәдірбекова Ғалия Нәдірбекқызы, БПҰ бюро мүшелері, төрағалары, хатшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, Жас Отан Жастар қанатының өкілдері, округ тұрғындары қатысты. Жиналыста «Энергетик» БПҰ төрағасы Көкім Нұрдәулет Бақытұлы 2013-2014 жылдары атқарған жұмысы туралы есептік баяндама оқыды. Бастауыш партия топ мүшелері баяндама оқып, «Энергетик» бастауыш партия ұйымы жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берілді. Аманова Ғалия Матанқызы сөз сөйлеп, «Энергетик» БПҰ-ның төрағасы Көкім Нұрдәлет Бақытұлын және «Энергетик» БПҰ жанындағы бюро мүшелерін сайлау туралы ұсынысын дауысқа салды, бір дауыспен қайта сайлады. Жиналыс барысында партия мүшелеріне жаңа үлгідегі партия билеттері табыс етілді.
|