БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Чапай > ҚҰЖАТ

 
 
 
Чапаев ауылдық округінде ҚР Мемлекеттік Рәміздеріне 25 жыл толуына орай өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат 05.06.2017
 

 

Рәміз - халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгі болып саналады. Кез-келген мемлекеттің көркейіп, гүлденуі сол  мемлекеттің төл рәміздеріне деген құрмет сезімінен өрбиді. Біздің елімізде бұл мереке 1992 жылы 4-маусым күні, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы Заң қабылдағалы бері аталып келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Мемлекеттік рәміздер-бұл біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді» деген болатын.
        Биыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына да 25 жыл. Еліміздің тәуелсіздігін айқындайтын мемлекеттік нышандарды әр азамат біліп, оларды құрметтеуі тиіс. Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран-егемендігіміздің белгісі. Сондықтан оларды құрметтеу-Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Ұрпағына "Туың жығылмасын" деп бата берген қазақ үшін көтерілген байрақ ерлік пен елдіктің, бірліктің белгісі.

Осы орайда Чапаев ауылдық округінде рәміздер күніне байланысты, ауылдық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде, инсталляция көрме, «Елдің елдігін танытатын нышан» кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Рәміздер ұлт мақтанышы» атты викториналық сайыс өтті.

Мақсаты: жастар мен жас өрендер арасында ұлттық нақыштарымыз – рәміздерді насихаттау.

 

            

 

2017 жылғы 4 маусымда №10 орта мектептің алаңына, округтағы барлық мекеме қызметкерлері, жүздеген ауыл тұрғындары тыс қалмай жиналған, мемлекеттік рәміздерге деген құрметтерін білдірдіретін іс-шара өтті.

 

      

 

Алдымен сахнаға Қазақстанның мемлекеттік Туы кіргізіліп, Гимн орындалды.

 

        

 

   Округ әкімі Б.Жұмабаев тұрғындарды ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтап: «Бәріңізді Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығымен құттықтаймын.

Мемлекеттiк Ту, Елтаңба мен Әнұран-бiздiң ұлттық құндылығымыз, мемлекет тарихына, тiлiне, мәдениетi мен салт-дәстүрiне деген шынайы құрметiмiз. 

Бiздiң санамызда «бiр тудың астына бiрiгу» ұғымы текке қалыптасқан жоқ. Мемлекеттiк мерекелер мен спорттық жеңiстер секiлдi Отанымыз үшiн маңызды сәттерде рәмiздер еш ұмыт қалған емес. Ресми халықаралық шараларда Әнұран шырқалып, көк Ту көкке көтерiлгенде әр қазақстандықтың жүрегiн ерекше мақтаныш сезiмi кернейдi. Оларды өскелең ұрпаққа насихаттай отырып, ашықтық, бейбiтсүйгiштiк, еркiндiк пен келiсiм негiзiнде құрылған Ұлт көшбасшысының саясатын жүзеге асырамыз»- деді округ басшысы.

   Сондай-ақ №10 орта мектептің директоры Ә.Байдәулетов ауыл тұрғындарын рәміздер күнімен құттықтады.

 

  

 

Мерекелік шараның соңы округ көркемөнерпаздарының концертімен ұласты.

 

        

         

             

        Сонымен қатар мектеп жанынан ашылған «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде сынып сағаттары, «Гнездышко», «Нұр-Арай», «Балауса» балабақшалырында ертеңгіліктер өткізілсе, №10 орта мектептің кіші стадионында ауыл тұрғындары арасында шағын футболдан жарыс өтті.

 

Қашанда Елбасымыз аман болып, Әнұранымыз жеңісті де, жемісті күндерде шырқалып, көк Туымыз әлемдік жетістіктерде желбірей берсін.