БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Чапай > ҚҰЖАТ

 
 
 
Чапаев ауылдық округінде 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар туралы АҚПАРАТ 02.05.2017
 

Чапаев ауылдық округі әкімінің аппаратында, Бірлік күніне орай мерекені өткізу жөніндегі ұйымдастыру тобы құрылып, іс-шараның жоспары бекітілді. Округтегі мекеме басшылары, ұйымдар, ауыл белсенділері, қоғамдық, ардагерлер, әйелдер кеңесінің мүшелерімен округ басшысы Б.Жұмабаев кеңес өткізіді.

 Сондай-ақ мереке қарсаңында округте санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

28 сәуір күні бекітілген жоспарға сәйкес округ кітапханасының оқу залында кітапхана меңгерушісі О.Мамбетова өзге ұлт оқушыларымен «Отанымыз ортақ үйіміз» атты танымдық сағат өткізсе, кітапханашы М.Есбаева келушілерге, «Қазақстан-бірлік пен татулықтың мекені» атты кітап көрмесін қойып, келушілерге таныстырды.

      

    

 

1 мамыр күні сағат 10:00-де, №10 орта мектептің алаңында мереке салтанатты түрде ашылып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалғаннан кейін, алғашқы құттықтау сөз сөйлеген округ әкім Б.Жұмабаев:

-Құрметті Чапаев ауылының тұрғындары, және қонақтар!

Сіздерді - Қазақстан халықының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елімізде бұл күннің мәні мен мағынасы ерекше. Бүгінде бұл мереке қазақстандықтар үшін «Бейбітшілік, Бірлік, Достық, Туысқандық» деген аса ардақты ұғымдарды бойына біріктіріп отыр. Бұл күн ортақ үйіміз - Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен халықтар арасындағы шынайы достықтың мерекесі болып табылады. Өйткені, жүзден аса ұлт өкілдерінің ортақ Отаны болып отырған Қазақстанның басты құндылықтарының бірі - ұлтаралық үйлесім мен азаматтық келісімді, әлеуметтік тұрақтылық пен мәдени өсіп - өркендеуді көздейді.

         Сол себепті де, ел Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында «Жаңғырудың негізі –Тұрақтылық, Бірлік, келісім» -деп, атап көрсетті. Бұл орайда біз де өз тарапымыздан қолда бар мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдаланып келеміз.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді 1 мамыр мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңыздың отбастарыңызға бақыт, игілік, толайым табыстар тілеймін. Халықтар арасындағы достастық нығая түсіп, бізді  Қазақстанның дамуына жетелей берсін. Біздің болашағымыз бірлік пен ынтымақта, рухани туыстық пен бауырластықта. Болашағымыз баянды болсын, деді округ басшысы өз сөзінде.

 

    

 

Сондай-ақ, №10 орта мектептің директоры Ә.Байдәулетов округ тұрғындарын мерекелерімен құттықтады.

Салтанатты жиын бөлімі  мерекелік концерт пен жалғасып, әр ұлт өкілдері ән айтып би билеп, «Бірлік болсын елімде» флешмобымен аяқталды.