Құрметті Боралдай кентінің тұрғындары!
Қазақстан Республикасының президенті, ұлтымыздың көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайын халыққа ұсынған жолдаулары қол жеткен жетістіктерге талдау жасау мен алға қойған мақсаттарға жетуге негізделді. Ең бастысы-қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, мемлекетіміздің дамуы үшін ортақ тұрақты мақсаттар мен жетістіктерге жету жолдарын бірлесіп таңдауды білдіреді.
2012 жылғы жолдау – қалыптасқан мемлекеттің саяси курсы. "Қазақстан - 2050" стратегиясы - "Қазақстан - 2030 стратегиясының жаңа кезеңдегі жарасымды дамуы. Бұл біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылы қайда болуды қалаймыз деген сұраққа жауап. Егеменді Қазақстан даму жылдарында көп жетістіктерге жетті. Ел басымыз айтқандай, біз тек алға жүрдік және бізде әрдайым нақты жоспар бар.
Қазақстан республикасы президентінің жолдауы "Қазақстан-2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсы бағытын қазақстандықтар толық қолдайды, себебі бұл бағыттың мағынасы терең, мемлекетіміз жаңа даму кезеңіне қадам жасайды.
Нұрсұлтан Назарбаев 2050 жылға дейін проекцияда Қазақстанды қалай елестетеді.
- Әлеуметтік негізін орта класс құрайтын, күшті, тұрақты және нық мемлекет.
- Ең жаңа технологияларға ие болатын ел.
- Бұл тиімді саяси жүйе мен бұқарашыл ұстанымдар адал бәсекелестікке негізделген ел.
Нұрсұлтан Назарбаев "XXI ғасыр Қазақстан үшін алтын ғасыр болады" - дегендей мұның бәрі мақсатқа жету табысын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 жарлығына сәйкес мен бүгін Сіздердің алдарыңызда Боралдай кенті әкімінің 2013 жылғы атқарған жұмысының қорытындысы туралы баяндаймын.
Жалпы Боралдай кенті Батыс жағы - Алматы қаласы, Оңтүстік батыс жағы Қарасай ауданын шекаралысқан аймақта орналасқан, кент аумағы 24000 шаршы метрді құрайды, халқының саны 31460 адам, оның ішінде: қазақ ұлты - 15810, орыстар - 13275, түрік - 99, неміс - 215, ұйғыр - 455 және түрлі этнос бар. Тұрғындарымыздың 3142 зейнеткер, оның ішінде ҰСА - гі 10, ауған ардагерлері - 19, мүгедектер - 483, жағдайы нашар отбасы - 190, көпбалалы жанұф - 153, алтын алқа иелері -
Қазақстан Республикасының Президентінің 2013 жылғы 26 ақпандағы жардығына сәйкес, яғни жергілікті өзін - өзі басқарудың ролін күшейту нығайту мақсатында, 2013 жылғы 8 тамызда Жергілікті ауыл, село, кент әкімдерінің сайлауы өткізілді және сол мақсатта әрбір ауылдық әкімдіктерге мемлекеттік мекеме мәртебесі берілді, бұл қабылданған шешім халықтың өзін-өзі басқарудағы демократиялық қоғам қалыптастыруға негізделген оңтайлы қадам ретінде қабылданды.
БІЛІМ БЕРУ Сіздерге белгілі кент аумағында 4 жалпыға бірдей беру мекемесі бар, жалпы оқушылар саны - 5498, 391 мұғалім білім береді. Оның ішінде – 68 жоғарғы санаттағы ұстаздар, бірінші санатағы ұстаздар – 138 болса, екінші санаттағы ұстаздар – 106. Қалған 79 ұстаз санат алмаған жас мамандар. Биылғы 2013 жылғы мектеп қабырғасын бітірген 206 түлектеріміз бар. Олардың ішінен 155 түлегіміз жоғарғы оқу орнына түссе, 43 түлегіміз арнаулы орта білім мекемелеріне оқуға қабылданды. Қалған 8 түлектеріміз оқу орнына қабылданбады.
Кентте екі бюджеттік бала-бақша – «Әдемі»-350 орындық және «Балдаурен»-220 орындық және бес жекеменшік бала-бақшалар «Балауса»-120 орынға, «Родничок»-320 орынға, «Гүлдер» - 150 орынға, «Юнона» - 92орынға, «Еркеназ» - 200 орынға, барлығы - 1452 бала бақшамен қамтылған. Кезекте тұрған бала саны - 930.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ Кентте екі емхана қызмет көрсетеді. 50 орындық Мемлекеттік қазыналық комуналдық мекеме - «Боралдай кенттік №2 аудандық ауруханасы» және «Дәулет центр» жеке меншік мекемесі қызмет көрсетеді. Ауруханалардың материалдық және техникалық жағдайы қанағаттанарлық.
Тегін медициналық қызмет көрсету үшін 172 мед. қызметкерлер қызмет көрсетеді. Оның ішінде 41 дәрігер, 61 орта мед. қызметкерлер және 37 кіші мед. қызметкерлер. 2011 жылдан бастап күрделі жөндеуден өткен «Дәулет центр» орталығы халыққа өз қызметін жүргізуде. Бұл орталық барлық мед қызметі көрсетеді. Орталықта күндізгі емдеу бөлімдері қызмет көрсетуде.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ Кентте 39 гимназияда 400 орынды мәдениет үйі орналасқан. Сондай ақ 2 этномәдени бірлестік жұмыс атқарады: славян, кәріс мәдени орталықтар. Сонымен қатар 6 шағын спорт алаңдары 1 үлкен футбол алаңы бар. Жалпы салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағдай жасалған, т.б. баскетбол, күрес, жеңіл отлетика үйірмелері жұмыс жасайды. 2013 жылғы басты табыс ретінде айтсақ футбол командамыз аудандық, облыстық лигаға шықты. Баскетболшыларымыз жылдың аяғында аудандық жарыстан жүлделі орын алды. Шахмат турнирінен аудан көлемінде біздің команда 1 орынға ие болды.
«Асем-ай» жасөспірімдер клубы жұмысын жүргізеді. Кенттегі балаларға тігін және тоқыма, фортепиано, домбыра, гитара, баянүйрететінүйірмелер жұмыс жасайды. Боралдай кентіндегі барлық мерекелік шараларға клуб жеткіншектері өз үлестерін қосуда.
Мәдениет үйіне қатысатын балалар аудандық, облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Биылғы 2013 жылда «Күн шуақ» республикалық байқаудан 3-2 орындарға ие болса халықаралық «Күн шуақ» байқауына қатысқанда 2 жүлдеге ие болды. «Зодияк» бишілер тобы телевидениялық байқауда 1 орынға ие болды. «Мәз мейрам» бағдарламасында СТВ каналында өз өнерлерін көрсетті. «Іле ауданы күндері» мерекесінде біздің клуб мүшелері 2 сағаттық концерттік бағдарлама жасады.
Кентімізде 6 футбол командасы 1 баскетбол командасы бар. Бұл командалар демеушілердің арқасында спорттық киімдермен қамтамасыз етілген. Біздің командалар барлық жарыстада жүлделі бірінші орынға ие болуда. Жыл аяғында өткізідген баскетбол ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған кубокты біздің команда алып келді. 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күні, 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекелеріне ұйымдастырылған шахмат турнирінде де Боралдай командасы жүлделі 1 орынға ие болды. Жалпы спортпен шұғылданатын жастар саны күн сайын өсуде. Футбол мен баскетбол ойыншылары шамамен 650 адамды құрайды. Келешекте баскетбол, волейбол, бокс, тайский бокс, таэквон-до, дзю-до, жеңіл атлетиканы дамыту үстінде Боралдай кентінің дене шынықтыру мұғалімдері атсалысуда.
Кентте әр азаматқа рухани сенім - нанымдарға шектеу қойылмаған, оған дәлел ретінде кентте 7 діни бірлестік жұмыс жасайды. 2- ислам діни тобы, 2 - протестант, 3 православиялық топтар бар.
САЛЫҚ. 2013 жылға жер, мүлік салығын жинау жұмысы бойынша сомма көрсеткіштері төмендегідей.
1.Мүлік салығының көрсеткіші- 4111,0 теңгені қамтыйды.
Орындалғаны 4134,0 теңге.
101 %
2.Жер салығы бойынша көрсеткіш соммасы 1662,0 теңгені қамтыйды.
Орындалғаны 1078 теңге.
65 %.
3.Мезгілінде төленбеген мүлік салығы- 925,0 теңге.
4. Мезгілінде төленбеген жер салығы 453,0 теңге.
Барлығы орындалмаған салық соммасының көлемі 1378,0т.
Қазіргі таңда Боралдай кентінің әкімшілігі мемлекет қазынасына салық мерзімінде төлнеуі үшін барлық шараларды қолдануда.
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ. Кент бойынша мемлекеттік аграрлық азық-түліктік бағдарламасын іске асыру жоспары жасалған.
Боралдай кентінде ауылшаруашылық малдарын және үй құстарын өсірумен жеке азаматтар және кент көлемінде орналасқан 1 шаруа қожалығы айналысады.Кентте мал мен құс өнімдерін өндіретін ірі шаруашылықтар жоқ.
2014 жылдың 1 қаңтарына кенттегі ауылшаруашылық малдары мен үй құстарының саны:
Ірі қара мал – 420 бас,оның ішінде 295 - басы сиырлар
Ұсақ мүйізді мал – 650 бас, оның ішінде 256 – басы аналық
Жылқы – 16 бас, оның ішінде, 7-бас бие
Шошқалар – 870 бас, оның ішінде 48 басы аналық шошқалар
Үй құстары – 12100 бас, оның ішінде 9800-басы мекиендер
Кентте ветеринарлық пункт жұмыс істейді. Барлық малдарды жұқпалы ауруларға қарсы егу, емдеу және диагностикалық шараларын ветеринарлық пункттің ветеринария мамандары жүргізеді. Кент бойынша барлық мал бастарына алдын ала жасалған жоспар бойынша жұқпалы ауруларға қарсы егу жұмыстары жүргізілген. Атап айтқанда, ірі қара малдар – сібір жарасы ауруына, аусыл ауруына,қарасан ауруына қарсы егілген.Ұсақ мүйізді малдар – аусыл ауруына, оспа ауруына, сібір жарасы ауруына қарсы егілген.Шошқа малы – сібір жарасы, аусыл ауруына қарсы егілген. Жылқы малы – сібір жарасы ауруына, иттер құтырық ауруына қарсы егілген.
Барлық мал бастары жоспар бойынша бруцеллез ауруына серологиялық, туберкулез ауруына аллергиялық тексеруден өткізілді.
Тексеру нәтижесінде тексерілген малдар бруцеллез, туберкулез ауруларынан таза екені анықталды.
Кенттегі барлық мал бастарын бірдейлендіру жүргізіліп, ветеринарлық паспорттар берілген. Бірдейлендірілген малдардың деректері компьютерлік қорға енгізілген. 2013 жылы 187-бас ірі қара малының төлдері, 609-бас ұсақ мүйізді малы, 870-бас шошқа,16-бас жылқы бірдейлендірілді.
Кентте қаңғыбас иесіз иттерді аулау жұмыстары жүргізіліп тұрады. Жыл басынан 304 бас иесіз иттер ауланды. Кентте тұрақты бағамен жем сататын 3-орын бар. Басқа аудандардан шөп әкеліп сататындарға арнайы орын бөлінген.
ӨНЕРКӘСІП. Аудандық статистика бөлімінен алынған мәлімет бойынша Боралдай кентінде 393 кіші және орта кәсіпорын тіркелген. Оның 230-ы жұмыс істеп тұр, оның ішінде 163-і кіші кәсіпорын және 163 жұмыс істемейтін кәсіпорын бар(жалпы тізімге тіркелген), олардың ішінде 23 кәсіпорын Қазақстан Республикасы Заңының 2 бабының негізінде Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық эконмикалық сотының деректері бойынша мәжбүрлі түрде жабылуы тиіс. Боралдай кенті бойынша 821 жеке кәсіпкер тіркелген және кентте 142 қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді, 55 сауда орындары бар, олардың 3-і жұмыс істемейді.
2-базар; 63-техникалық және сервистік қызмет көрсету нысандары бар, олардың 2-і уақытша жұмыс істемейді.
22-тамақтану орталықтары бар, мұнда 189 адам қызмет етеді.
Боралдай кентінде жалпы 31460 адам тіркелген, оның ішінде 12800 экономикалык тұрғыдан белсенді адамдар, 3879-өзін өзі жұмыспен қамтамасыз еткен адамдар.
Кент бойынша жұмыссыздар 1,7% ды құрайды. Шағын және орта кәсіпорындардың ашылуының арқасында Боралдай кентінен 242 адам жұмыспен қамтылды. 2013 жылдан бастап ақы төленетін қоғамдық жұмысқа 37 адам жұмылдырылды.. 7 адам жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша - 166 600 тенге төленіп өтті.
«Техснабэлектрикс» ЖШС Боралдай кентіндегі ҰОС ардагерлеріне ай сайын азық-түлік себетін тарқатады. Сондай-ақ, жағдайы нашар отбасыларға, тыл ардагерлеріне, 1,2,3 топтағы мүгедектерге және туеркулез ауруымен ауыратын науқастарға барлығы 84 адамға «Әлеуметтік көмек бұрышы» бағдарламасына сәйкес «Ассорти», «Арзан», «Таң-шолпан», «Шынар» және «Халал» дүкендері ай сайын өз көмектерін көрсетуде.
Медиация туралы 2011жылдын 5 тамызынан бастап «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, заңды күшіне енді, берілген заң Қазақстан Республикасындағы медиацияны ұйымдастыру шеңберіндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Медиация дегеніміз Халқымыздың татулығы, бірлігі мемлекетіміздің қоғамымыздың тыныштығының бірден бір ұйлестіру факторы. Әлімсақтан қазақ даласының салт-сана дәстүрінде, мәдениетінде тасқа ойып басқандай орны бар татулық пен бірліктің озық тәжірибесін халқымыздың татулығы үшін насихаттап, иландырып, көздерін жеткізіп, дауласушы, жанжалдасушы тараптардың арасындағы мәселелердің ушықпаына есепсіз еңбек жасаған дұрыс.Ұл болмасаң, күл бол, менің үйім шеткі жағында деп жеке бас тірлігін ғана ойлап дауласқан, жанжалдасқан адамдардың бітімге келуіне дәнекер болу, сонау заманан бері қазақ даласының кемеңгер ақсақалдары мен көзі ашық ағаларымыздың ақыл ой парасатымен атқарған еңбектері.Және мемлекетіміздің ынтымағына, қоғамымыздың тыныштығына бірден бір қосқан үлесі болып есептелгені баршамызға мәлім қағида.Медиация – бұл тараптардың еркін келісімі бойынша жүргізілетін, өзара тиімді шешім шығару мақсатында медиатор немесе медиаторлардың әрекеті арқылы тараптар арасындағы дауларды (конфликтілерді) реттеу процедурасы болып табылады.Ел басының Жарлығымен қабылданған Халқымыздың игілігі үшін әлімсақтан салт-сана дәстүріміз бен мәдениетімізде орны бар тәжірибені ҚР Президентінің Медиация Заңымен реттеп берілуіне байланысты, халқының берекелі тіршілігі мен татулығы мен бірлігі үшін Заңның орындау, халқым деп жүрегі соққан әрбір мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдар үшін жүктелген міндет.
Боралдай кентінде 2013 жылы қылмыстың алдын алу мақсатында атқарылған іс-шараларға мәлімет.Боралдай кенті әкімі бекіткен, 2013 жылға арналған іс шаралар жоспарына сәйкес төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
Боралдай кенті бойыша №10 учаскелік полиция пункті қызмет атқарады, 5 учаскелік полиция инспекторлары қызмет атқарады.
2013 жылы 444 қылмыс тіркелген, ашылмағаны 259.
Жасы кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Боралдай кенті әкімі аппараты мынадай жұмыстар жүргізді. Боралдай кентінде 2 кәмелет жасқа толмағандардың ісі жөнінде полиция инспекторы жұмыс атқарады. Жасы кәмелетке толмағандар арасында қылмысқа қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жоспары бекітілген.
Кәмелет жасқа толмағандардың ісін жүргізу бөлімінде жасы кәмелетке келмеген 8 адам тіркеуде тұр, оның ішінде 5 ұрлық жасағаны үшін, 2 қаңғыбастық, 1 бұзақылық әрекет үшін тіркелген. Жасөспірімдер арасында қылмыстың өсу себебі жағдайы төмен отбасыларға байланысты болып отыр.
Кент бойынша 7 - діни бірлестіктер тіркелген. Олар «Арын Қажы» мешіті, «Боралдай Мәсіхшілік Әдіскерлік шіркеу», «Ехоба куәгерлерінің мәсіхшілік қауымы», «Дом жизни» христиандық Пресвитериандық шіркеуі, «Өмір бұлағы» Христиандық-Інжілдік Елуліктердің Шіркеуі, «Епархиясы Әулие Ивер қауымы», «Фазыл Ғазы» қайырымдылық мекемесі өз жұмыстарын жалғастыруда. 2013 жылға экстремизм мен тероризм пиғылдары, этникалық, әлеуметтік және діни көзқарастары негізінде болатын қарама-қайшылықтар болған жоқ. Кент бойынша әскерге шақыруға жататын әскери міндетті 1986-1997 жылғы бозбалалар тізімі бойынша - 1464 бала.
Әлеуметтік қорғаныс. Жағдайы төмен, көп балалы отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетуге Боралдай кентінің кәсіпкерлері өз үлестерін қосты. Жыл басынан бері Боралдай кентінің әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарына 3 млн 500 мың теңгеге көмек көрсетілді. Оның ішінде көмек алған отбасылар саны 2250 оның ішінде 475 әлеуметтік жағдайы төмендер.
Жұмыспен қамту саласы бойынша кентімізден 293 адам жұмыспен қамтылды. Ақысы төленетін қоғамдық жұмысқа 22- адам тартылған. Жастар практикасы бойынша 7 адам, 166 600 теңге төленіп өтті. Сонымен жыл басынан 623 жұмыс орынымен қамтылған, оның ішінде 583 Боралдай кентінің тұрғындары.
Жыл басынан Төленген жәрдемақы 18-жасқа дейінгі балаларға- 63 отбасына.119 бала санымен.
Тұрғын үй-жәрдемақысы- 138 отбасына.
Мүгедек балалардың оқуымен тәрбиеленуіне-31 отбасына
Одан басқа кәсіпкерлер көмегімен тегін түскі тамақпен тамақтандыру, азық-түлік, дәрі –дәрмекпен көмектер көрсетілді.
Ақшалай 900-адамға оның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 54 адамға.
«Алматы Газсервис» 1 қазан қарттар күніне орай 30-қарттарға 200 куб газ оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері-11, 6-жалғыз басты қарттар, 13 Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыл қызыметкерлеріне.
Қарттар арасында 2013 ж. 30- қыркүйегінде «Қарттарым асыл қазынам » атты іс-шара ұйымдастырылды. 40 000 теңгеге сыйлықтар таратылды. 1-қазан 150 қарттарымызға 300 000 теңгеге дастархан жайылды. және 45000 теңгеге сыйлықтар таратылды.
Боралдай кенті бойынша 28 мүгедек балалар тіркелген 2013 ж. 7-қазан «Мүгедек балалар» күніне соммасы 70 000 теңгеге сыйлықтар таратылды.
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Алматы Газсервис холдинг» 30 Ауған соғысы ардагерлеріне 100 куб газ тегін берілді жалпы соммасы 61200 теңгеге. Жағдайы төмен отбасыларға, мүгедектерге, жалғыз басты қарттарға 12 отбасына соммасы 144000 теңгеге 1.5 тонна тегін көмірмен қамтамасыз етті. Жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, көп балалы отбасыларға және қарттарға 10 000 тенгеге әлеуметтік себеттер таратылды.
28 желтоқсанда №39 гимназияда Боралдай кенті әкімінің шыршасы болып өтті, шыршаға 120 әлеуметтік жағдайы төмен, ата-ана қамқоршысынан айырылған, көп балалы отбасы балалары жалпы соммасы 120 000 теңгеге сыйлықтар таратылды.
Инфрақұрылым.Ағымдағы 2013 жылы Боралдай кентінде абаттандыру, жөндеу құрылыстық жұмыстары өткізілді. Атап айтқанда, мына мекемелер тендр бойынша жұмыстар жүргізді.
1. «Макс ДорСтройСервис» ЖШС- аландарды күрделі жөндеу;
2 «РСУ-1» ЖШС - асфальт төсеу жөндеу жұмыстары
3 «BIRATEX" ЖШС полителен трубаларынан су құбырларын жүргізу жаңарту, монтаждау жұмыстарын жүргізу.
4. «ЭМОН» ЖШС ЖСҚ (жобалау-сметалық-құжаттары) Боралдай кентінің жана құрылыс, елді-мекенінің электр жарығын жүргізу. Жалпы бөлінген ақша сомасы 24 358 510 теңгеге жұмыстар аяқталған.
1. Аулаға күрделі жөндеу жүргізу, спорт алаңдарын, балалар ойын алаңы, шағын архетектуралық келбеті Боралдай ауылында, Черемушка ықшам ауданы 7,8,9,10,11,13,15,30,37,38,41 аула балалар ойын алаңдарына жол жиектеріне бардюр, асфальт төселген. Жаяу жүргінші тратуары мына көшелерге салынған: Абылай-Хан, Алатау, Байсейтов көшелеріне Хикмет кафесінен №15 ші орта мектепке дейін салынған. Көлік қоятын алаң жасалынған. №23 Орта мектебінен 21-77 әскери қалашығына дейін, Бостанов көшесінен №17 Орта мектебіне дейін, Терешков, Фурманов, Северный, Арычный көшелеріне жаяу жүргінші жүретін жолақтар салынған.
Водник-1 ықшам ауданында, Бостанов көшесінде ағаш бұтақтарын кесу жұмыстары жүргізілген.
Ағымдағы 2013 жылы мына көшелерге тас төгіп тегістелген Көктөбе көшесі - 600м. жалғасы, Есентай – 795м, Таугуль – 500м,Шымбұлақ – 680м, Ақсай – 750м, Бейбітшілік – 460м, Хан тәңірі -700м, Түркістан -750м, Медео-680м, Ташібаев -500м,Мақатаев -600м, Самал -560м, Лугавой -621м, Фурманов -480м, Мира -480м, речная -480м, Ашекеев -200м, Байзаков -700м. Жалғасы асфальт төселген. Бұл жұмыстарды «Макс ДорСтройСервис»ЖШС жүргізді.. Жұмыстың ақша сомассы тендрге сәйкес 201 029 907 тенге.
2.Орташа және күрделі асфальт төсеу жұмыстары. Келісім бойынша жұмыстарды атқарған «РСУ – 1» ЖШС. Келісім шарт бойынша жұмыстар 68 000 000 тенге атқарылған.
Вокзалный көшесіне жалпы ұзындығы 800 м. асфальт төселіп тегістелген. Шпак көшесінде – 2000 метр, Бостанов көшесінде 440 метр, Гагарин көшесінде – 500 м, Водник 3 К.Әзірбаев көшесінің бағдаршамынан «Әдемі» бала бақшасына деиін – 500 м, Водник -2 Алатау көшесінен, жылу жүйесі қазандығына дейін – 500 м, Водник- 1 «Достар» кафесінен Родничок балабақшасына деиін – 610 м.
1. Боралдай кентінде казіргі уақытта су құбырларын қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. (2-кезек). Келісім шарт бойнша бұл жұмыстарды жүргізген «BIRATEX» ЖШС. Жалпы ақша құны 330 000 000 тенге. Қарастырылған жұмыстар: қайта қалпына келтіру және құрылыс су құбырының жүйесі, полиэтилендік құбырлардың жалпы ұзындығы 13,84 шақырым, 243 құдықтарды салу және жалғау үшін, су тұтынушыны су құбырына қосу және жаңа ұңғыма бұрғылау 200 метр терендікте жаңа ұңғыма бұрғылау қарастырылған. Жұмыстардын аяқталу мерзімі 2014 жылдың желтоқсан айына жоспарланған..
2. Қазіргі таңда «ЭМОН» ЖШС Боралдай кентінің жаңа құрылыс елді мекенінің электр жарығының ЖСҚ (Жобалау сметалық құжаттары) – іс қағаздарын аяқтаған. Боралдай кентіне жалпы құны 402 030 057 млн тенге бөлінген. Қазіргі уақытта кентте 6 кооператив жұмыс атқарады, «Ника» жеке пәтерлер кооперативі «Жұлдыз»ЖПК жеке пәтерлер кооперативі «Арман» ЖПК «Высота» 1ЖПК, «Жерұйық» жеке меншік үйлер коперативі, төрағасы Джапабаева З. «Пламя» ЖПК
Боролдай кентінде 6 коммуналдық қызмет көрсету мекемесі жұмыс атқарады. Мына мекемелер – « Асыл тас» ЖШС, төрағасы Оспанова С., « Альтаир Эйр» директоры С.К. Нургажин. « Цаск»ЖШС Боролдай қант зауытының директоры А.К. Жумин., «Отыншиев» ЖК ,директоры А.Б. Отыншиев., «Ника» ЖПК, төрағасы Т.Р. Исмаилов., «Install» ЖШС, директоры С.Б. Аитов., Боролдай кенті ауыз сумен 80 пайызға қамтылған.
Қазіргі танда кент аумағындағы қоқыс алаңдарында қоқыс салатын жәшіктер қойылған. Ағымдағы 2013 жылы бюджет қаражатынан 20 қоқыс жәшігі алынған, 5 қоқыс алаңы салынған.
«Алматы сервис» ЖШС кентті газбен қамтамасыз етеді.
Кент бойынша ықшам аудандарда 7 –қазандық бар 4-мектеп, 3500 жер үй, 3-монша.
«Аят Энерго сервис» ЖШС, басшысы Гейкало В.140 көпқабатты үйлерді,
1-мектеп пен, 1-балабақшаны жылумен қамтамасыз етеді.
2013-2015 жылдарға кенттің әлеуметтік экономикалық дамуы туралы болжам
1. «Ақ бұлак» бағдарламасы бойынша су құбыры құрылысын аяқтау 108 641 640 млн. тенге сомаға сумен қамту;
2. Қазақстан, Байконыр көшелеріндегі екі ұңғыма құрылысы;
3. Строительство канализационного коллектора улиц Ломоносов, Черемушки көшелеріндегі кәріз құрылысы;
4. Байзаков, Байқоныр көшелері шеңберінде 1000 орындық мектеп, 340 орынға арналған балабақша құрылысы..
5. Ломоносова ықшамауданында пошта құрылысы қажет.
6. Водник 1 ықшамауданы мен Черемушки ықшам ауданында екі полиция пунктінің екі ғимаратының құрылысын салу қажет;
7. 400 оқушыға арналған №17 орта мектепке қосымша , аурухана үшін тжеке ғимарат салу керек.
8.Ойылған жерлерге жөндеу жүргізу-20 шақырым
9. Асфальт төсеу -150 шақырым
10. ГПС салу -32 шақырым
11. Жарықтандыру- 10 шақырым
12. Тротуар салу-10 шақырым
13. Су құбырын күрделі жөндеу ( ішкі желі- 80 шақырым)
14. Аурухана ауданында мәдениет үйін салу
15. Аурухана ауданында демалыс паркін салу.
Баяндама аяқталды.
Назарларыңызға рахмет!
|