Боралдай кентінде 2016 жыл 07 қаңтарда «Самұрық» мейрамханасында Рождество мерекесін тойлауға байланысты мерекелік жиын ұйымдастырылды. Жиынға православты дінін ұстанушы кент тұрғындарымен қатар Боралдай кентінің Ардагерлер Кеңесі мен Қоғамдық кеңес мүшелері, барлығы 50-ден аса адам қатысты.
Мерекелік жиынды өз құттықтау сөзімен Боралдай кенті әкімінің орынбасары А.Т.Таңатар ашты. Тұрғындарды Рождество мерекесімен құттықтап, еліміздегі ұлтаралық бірлік пен этносаралық достықтың нығая түсу жолында әр тұрғынның үлес қосатынына сенім білдірді.
Сөз алған Қоғамдық кеңес мүшелері К.Найзабеков, А.Үдербаев В.Ф.Алалыкиндер қонақтарды мерекемен құттықтап, бүгінде 30-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан Боралдай кентін – еліміздегі бірлігі жарасқан өңірлердің бірегейі екендігін мақтан тұтатындықтарын айтты.
Рождество мерекесі өз дәрежесіне сай аталып өтті.
|