30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

31.08.2016


Боралдай кенті Водник-2 ықшамауданындағы мемориалды саябақта 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиынға кент әкімі М.Салимбаев, Іле ауданы мәслихат депутаты М.Егембердиева, Боралдай кентінің мекемелер басшылары, Қоғамдық Кеңес, Ақсақалдар Кеңесінің төрағалары мен кент тұрғындары қатысты.
Салтанатты жиынды кент әкімі М.Салимбаев өз құттықтауымен ашты. Әкім тұрғындар мен қонақтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтап, елімізге тыныштық, әр отбасына береке тіледі.
Келесі болып Боралдай кентінің Ақсақалдар Кеңесінің төрағасы А.Үдербаев сөз алды. Ақсақал Ата Заңымыздың 21 жылдығымен құттықтап, елге ақ батасын берді.
Іле ауданы мәслихат депутаты М.Егембердиева да кент тұрғындарын Конституция күнімен құттықтап, еліміздің мәртебесі биік болсын деп өз лебізін білдірді.
Мерекелік жиында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай, кенттің мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі үшін мәдениет үйінің қызметкерлеріне және «Нұр Отан» партиясының алға қойған міндеттерін жүзеге асыру барысындағы еңбегі үшін Боралдай БПҰ-ның партия топтарының мүшелеріне алғыс хаттар табыс етілді.
Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.