Төрткен Кененқызының 80 жылдық мерейтойы  
 

27-наурызда – Боралдай кенті №15 мектептің мәжіліс залында Іле ауданының құрметті азаматшасы, мәдениет қайраткері Төрткен Кененқызының 80 жылдық мерейтойына арналған концерт ұйымдастырылды. Кенен Әзірбаев көшесінің бойында орналасқан К.Әзірбаев атындағы орта-мектепте өткен Т.Кененқызының мерейтойына келген Іле ауданы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ә.Исаев, Боралдай кенті Ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Үдербаев, Боралдай кентінің Құрметті азаматшасы М.Қаламбаева, К.Әзірбаевтың немере-шөберелері және мерейтой иесі К.Төрткенқызы «Кенен Әзірбаев» музейін тамашалады. К.Төрткенқызы музейге өзінің бір топ шығармаларын және К.Әзірбаевтың «Алтын қордан» және жан-жақтан жинап-терген, бүгінгі ұрпақ естімеген Кенен атаның 50-55 жастағы дауысы жазылған үн таспалары мен көптеген шежіре-еңбектер жинағын табыс етті.