Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы Боралдай кентінде Водник-1 ықшам ауданындағы мемориалды саябақта өтті. Мейрам сағат 10-00 де салтанатты жиынмен басталып, ҚР Гимнімен ашылды. Алғашқы құттықтау сөз Боралдай кентінің әкімі М.Салимбаевқа берілді. Әкім тұрғындарды шуақты мейрамымен құттықтап, баршасына амандық, денсаулық, татулық пен береке-бірлік тіледі. Келесі болып құттықтағандар Іле ауданының бас имамы Алдажар Сейітұлы, Іле ауданы мәслихат депутаты И.Шамиев, Боралдай кентінің славян этно-мәдени орталығының директоры Л.Гасановалар да тұрғындарға жүрекжарды тілектерін айтты.
Салтанатты жиын Боралдай кентінің ғылым-білім, денсаулық, әлеуметтік салаларының дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттаумен жалғасты. Наурыз мейрамына арналға іс-шара салтанатты түрде ҚР Гимнімен жабылғаннан кейін арнайы концерттік бағдарламамен, ұлттық ойындармен, спорттық жарыстармен жалғасын тапты.
Наурыз мейрамында тұрғындар алты киіз үйден наурыз көже ішіп, ақтан ауыз түйді. Жастар алтыбақан теуіп, ұлттық ойындар ойнап, спорттық жарыстарға қатысты. Ұлттық ойындар асық ату, арқан тарту, тоғыз құмалақ бойынша спорттық жарыстар қазақша күрес, қол күрестіру бойынша және шахмат ұлдар, қыздар арасында өтті. Ұлттық ойындар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары Боралдай кенті әкімінің арнайы грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Концерттік бағдарламаны басталғанда сахнаға «Күн» рөліндегі кейіпкер күн шуақтарымен шығып, «Көктемді» шақырды. «Көктем» келіп, жер бетіне жылылық алып келгенін айтты. Келесі кезекте «Күн» «Наурыз батырды» шақырды, «Наурыз батыр» сәлем беріп, барша тұрғындарға амандық тіледі. Одан кейін ақ әжелер жарапазан айтып, шашу шашты. Сахна төріне жеті батыр бастаған Наурыз мейрамының басты кейіпкерлері Қызыр баба мен, Ұмай ана шығып, Боралдай кентінің тұрғындарына ақ батасын беріп, тыныштық пен береке тіледі.
Наурыз мейрамы қазақ халқының ежелден келе жасқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын («Құда түсу», «Қыз ұзату», «Беташар», «Бесікке салу», «Тұсау кесер») сахналаумен жалғасты.
Концерттік бағдарламада орындалған әсем әндер мен күмбірлеген күй мен әр ұлттың билері мейрамның көркін аша түсті.
Наурыз мейрамы қарсаңында Боралдай кентінде білім беретін мекемелерде байқаулар, көрмелер, мектеп, балабақша ішілік шаралар, ашық сабақтар, апталықтар, сондай-ақ оқушылар арасында: «Армысың, жыл басы!» тақырыбында шығармалар, өлендер байқауын өткізілді. Кітапханаларда «Әз, наурыз» атты тақырыптық суреттер мен фотолар көрмесі ұймдастырылды. Мектептерде «Наурыз мейрамы» атты сабақтар апталығы өтті.
Боралдай кентіндегі 22-наурыз мейрамына кент тұрғындары мен қонақтары, Боралдай кенті әкімі аппараты мамандары, білім, денсаулық, шағын және орта бизнес өкілдері, ҰОС, Ауған соғысы және еңбек пен тыл ардагерлері, Алтын, күміс алқа иегерлері қатысты.









 









|