Боралдай кентіндегі «Ұлы Отан және Ауған соғысында қаза тапқан жерлестерге арналған» ескерткіш жанында 22 маусым – Екінші Дүниежүзілік соғыстың басталған күніне орай митинг өтті.
1941 жылы 22 маусым – бұрынғы кеңестік елдер үшін тарихтағы қайғылы дата. 22 маусым – Ұлы Отан соғысының басталған күні, кейбір бұрынғы кеңестік елдер үшін еске алу және аза тұту күні болып енгізілген және осы күні мемлекеттік ту төмен түсіріліп, соғыста қаза тапқандар мен батырларын еске алады.
Үздіксіз 5 жылға созылған сұрапыл соғыс 1945 жылы 9 мамырда Жеңіспен аяқталды. Осы күнге байланысты 2016 жылы 22 маусымда Боралдай кентіндегі «Жерлес батырлар даңқы мемориалына» жанында митинг ұйымдастырылды.
Митингке Боралдай кентінің әкімі М.Салимбаев, ҰОС ардагері Қ.Аяшев, Боралдай кенті Ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Үдербаев, Қоғамдық Кеңес төрағасы К.Найзабеков, «Ресейдегі Мәңгілік полк» жалпыресейлік қоғамдық қозғалысының төрағасы, Ресейдегі «Свеча памяти» акциясының бас координаторы П.Илларионов, Мәскеу облыстық көші-қон саясаты ұлтаралық және дінаралық қатынас қоғамдық палата комиссия төрағасы А.Вайс, «Ресейдегі Мәңгілік полк» жалпыресейлік қоғамдық қозғалысы атқару комитеті жетекшісі Е.Калгина, «Ресейдегі Мәңгілік полк» жалпыресейлік қоғамдық қозғалысының тең төрағасы Н.Земцев, Ресей және Украин халық әртісі А.Петренко және аталмыш мемориалды салуға ықпал еткен Ауған соғысының ардагері, кәсіпкер А.Скороподский қатысты.
Митингті Боралдай кентінің әкімі М.Салимбаев ашты. Екінші болып «Ресейдегі Мәңгілік полк» жалпыресейлік қоғамдық қозғалысының төрағасы, Ресейдегі «Свеча памяти» акциясының бас координаторы П.Илларионов сөз алды.
Митингке қатысушылар «Жерлес батырлар даңқы мемориалына» гүл шоқтарын қойды. Митинг соңында соғыс турал өлеңдер оқылып, әндер айтылды.
|