«Әзіл әлемі – 2016 маусымашар» КТК сайысы  
 

22-сәуірде – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25  жылдығына және «Боралдай кенті әкімі кубогы» жүлдесіне «Әзіл әлемі – 2016 маусымашар» КТК сайысы өтті. Кенттен 7 команда бақ сынады, олар №15 орта мектептен «Болашақ» және «Ерекше» командалары, №17 орта мектептен «17-нің қырандары», № 23 орта мектептен «Қалашық аялдамасы», № 39 мектеп гимназиядан «Klassik» және еркін құрама «Армандастар» командалары, көп салалы үздіксіз білім беру колледжінен «Фараб» командалары қатысты. КТК сайысына Іле ауданы мәслихат депутаты Ғ.Дауталиев, Іле аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесшісі С.Ерекенов, «Жүз пайыз» КТК командасының капитаны Е.Қаржаубай, «Номад» КТК командасының белді ойыншысы С.Жеткерген, Боралдай кенті әкімі аппаратының спорт жөніндегі әдіскері Ж.Бұзауқызы әділ-қазылық етті. «Боралдай кенті әкімі кубогы» жүлдесіне және 1 орынға №39 мектеп гимназияның «Klassik» КТК командасы ие болды. Көрерменнің көңілін көтерген, ой тастаған жақсы ойын болды.