ҰОС және Ауған соғысында қаза болған жерлес-жауынгерлерге арналған ескерткіштің айналасына және де Боралдай кентіне кіре беріс шекарадағы «Боралдай кенті» деген жазудың айналасына гүлдер отырғызылды.
Боралдай кенті бойынша бала-бақшалар, мектептер аумағында бүгінгі күнге шырша - 80, қайың - 58, гүлдер (раушан, қызғалдақ, барқыт гүл, шырайгүл)- 1235, талдар - 216 , қарағаш - 360, тұя ағашы - 40, алма ағашы - 60, өрік ағашы - 10, бамбук ағашы -1, қарағай - 7, сәндік бұталар - 35 данасы отырғызылды.
Боралдай кентінде санитарлық тазалық жұмыстары әр сенбі сайын тұрақты түрде жасалуда, көше бойындағы ағаштар әктеліп, жолдардың бойы тазалануда.








|