19 ақпанда – Чапай ауылындағы аудандық мәдениет үйінде ақын, жырау Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай аудандық жыр-термешілер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – ұлттық өнерімізді сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу жолында жырлаудан жалықпаған жыр алыбы Жамбыл есімін кеңінен насихаттау. Елін сүйген ақынның отты жылдарда жауынгерлерді рухтандырған қасиеттерін өскелең ұрпаққа үлгі ету. Еліміздегі жыршылық, термешілік дәстүрді жалғастыру. Жастарымызды ұлттық өнеріміздің қыр-сырына баулып, үлкен сахнада өнер көрсетуге үйрету.Жаңа өнер иелерін тауып, халыққа насихаттау. Осы мақсатта Боралдай кентінен үш жыршы-термеші – Аман Ержанат, Елікбаев Қуат, Ашимов Даулеттер қатысып, өнер көрсетті. А.Ержанат пен Д.Ашимов арнайы грамотамен марапатталды. Ал Қ.Елікбаев арнайы номинациямен марапатталды.


|